«Amanat» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, кеңес төрағасы Иматов Қанат Абдурахманұлымен бірге, «Бақытты отбасы» жобасы аясында Сарыағаш ауданындағы ОАОО студенттік жатақханаларына мониторинг жүргізілді.
Сарыағаш ауданында 6 арнаулы орта оқу орындары бар. Бүгінгі таңда 5 колледжде сутдеттерге арналған жатақханада 1085 жас студенттік үйден қатынап білім алады. Аманаттықтар студенттік жатақхана жағдайын білуге Қапланбек жоғары аграрлық – техникалық колледжінің және N12 колледжінің жатақханаларының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайларына мониторинг жүргізді.