Ұлт ақыны М. Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа таныту, қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды қолдау мақсатында 2022 жылдың 24 маусымында Петропавл қаласында Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінде Мағжан оқуларының республикалық кезеңі өткізілді. Мағжан оқуларының республикалық кезеңіне облыстық байқаудан жеңіп шыққан жалпы орта білім беретін мектептердің, 7-11-сынып оқушылары қатысып, еліміздің барлық облыстарынан 51 оқушы сайысқа түсті.
🔹Сайыстан кейін қатысушылар Мағжанның туған жері — Сартомар ауылына барды.
🔹25 маусым күні Оқушылар сарайында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.
🔹Мағжан оқулары 3 номинация бойынша өткізілді:
1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу байқауы:
1 орын — Шакизадов Азамат (Түркістан облысы)
2 орын — Құзайырова Мадина (Атырау облысы)
2 орын — Нұрлан Әділет (Солтүстік Қазақстан облысы)
3 орын — Байсанова Зарина (Ақтөбе облысы)
3 орын — Берікқызы Шұғыла (Қарағанды облысы)
3 орын — Нұралы Жайдары (Маңғыстау облысы)
2. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар конкурсы (Өз шығармаларын орындау):
1 орын — Мәулен Асел- (Қызылорда облысы)
2 орын – Сәтберген Заңғар (Жамбыл облысы)
2 орын –Төрехан Кәусар (Солтүстік Қазақстан облысы)
3 орын — Байжігіт Бейбіт (Маңғыстау облысы)
3 орын – Иманғазы Қадырхан (Павлодар облысы)
3 орын — Сәуірхан Сұлтан (Түркістан облысы)
3. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ғылыми жоба жұмысы (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары):
1 орын – Мықтыбай Елнара (Солтүстік Қазақстан облысы)
2 орын – Рахмед Алия (Маңғыстау облысы)
2 орын – Абдимұрат Жұлдыз (Нұр-Сұлтан қаласы)
3 орын – Утебаева Гүлжан (Шымкент қаласы)
3 орын – Мұрат Ақбота (Атырау облысы)
3 орын – Мейіржан Толғанай (Қарағанды облысы)
🏵 БАС ЖҮЛДЕ — әкімінің Арнайы сыйлығы — телевизор Байқанат Нартай, Айсан Айнара (Алматы қаласы)
🔹Марапаттаудан кейін қонақтарымыз Мағжан ескерткішіне гүл шоғын қою салтанаттына қатысты.