Сайрам ауданы көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Сайрам ауданының полиция басқармасының маусымның 17-ші жұлдызындағы хатына сәйкес 2022 жылдың 27-29 маусым күндері Сайрам аудан көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға полиция бөлімімен бірлесіп, білім беру саласының өкілдері, ата- аналар рейдтік іс-шараға жұмылдырылды.
Шараның мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау. Рейдтік шара барысында жасөспірімдердің жиналатын орындары, ойын-сауық кешендері, дүкендер мен көңіл көтеретін орындардың аумақтары араланды.
Жұмыстар жүргізілу барысында аудан бойынша орналасқан ойын-сауық орталықтарында сағат 22:00-ден кейін жүрген жасөспірімдер анықталған жағдайда, ойын-сауық орталығында болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабымен ойын-сауық орындарының иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылса, ал жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігімен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін әкімшілік хаттамалары толтырылады.Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бақылауда арнайы кестесіне сәйкес аудан бойынша базарлар,түнгі интернет клубтар,мейрамханалар,фермерлік алқаптар,көп қабатты аула аймақтары мен вокзалдарға АПБ- мен бірлесе рейдтер жүргізіледі.
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.