Мақтаарал: Суға шомылу маусымы бойынша оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі

Жазғы демалыс басталысымен ересектер мен балалар көп уақытты каналдар жағасында өткізеді. Суға шомылу маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігі шеңберінде Мақтаарал АПБ ЖПҚ ЮПТ қызметкерлері және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторларымен бірлесе отырып, Мақтаарал ауданы тұрғындарына жаппай шомылатын жерлерінде алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Аталмыш іс-шараның мақсаты суға шомылу ережелерін сақтау болып табылады. Жұмыс барысында Мақтаарал АПБ ЖПҚ ЮПТ қызметкерлері және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторларымен демалушылармен профилактикалық әңгіме өткізеді, судағы қауіпсіздік шаралары мен жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіреді. Сонымен қатар «судағы тәртіп ережелері», «суға шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары»тақырыбында парақшалар таратады.
Азаматтық қорғау қызметі Азаматтарға жағада және суда жүру ережелерін сақтауды, балаларды мұқият қарауды сұрайды. Тәуліктің түнгі уақытында шомылатын орындарға баруға болмайды. Белгісіз жерлерде, әсіресе мас күйде шомылуға болмайды. Жазатайым оқиғалар кезінде дереу «112» — құтқару қызметі және «101» — азаматтық қорғау телефоны арқылы қоңырау шалыңыз.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі мақаланы еске саламыз.
141-бап. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау.
Қызмет бойынша осындай міндеттер жүктелген адамның не осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындайтын немесе осындай міндеттерді өз еркімен қабылдаған адамның жас баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауы, егер бұл абайсызда жас баланың денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса — белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет — үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.