Түркістан облысының жас сарбаздары ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өткен «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында жүлделі ІІ орын иеленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы ««Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» №724 қаулысының «Жастарды әскери–патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру: жасөспірімдер мен жастарды беделді жаттықтырушылармен әскери–патриоттық тәрбиелеу бойынша мастер–кластар, пікірталас алаңдарын өткізу және тағы басқалар» туралы 7-ші іс-шарасын және Қазақстан Республикасындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру мәселесі бойынша кеңейтілген отырыстың 2021 жылғы 8 сәуірдегі №1 хаттамасымен бекітілген «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өткен «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында жүлделі ІІ орын иеленді.
Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де сынға салды.