Облысымыздың мерейі мен мәртебесін асқақтатты.

Бүгінгі орын алған хабарды — жалпы көпшілік болып, зор қуанышпен қабылдадық. Бүгінгі жасалынған — табандылық, жоғары спорттық шеберлік пен қажымас қайраттылық — республикалық жарыста да өлкеміздің үстем екендігін, тағы да өз дәлелін көрсетіп отыр.
Айта кетер болсақ — Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау академиясында ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің ұйымдастыруымен
27.06-01.07.2022 жылғы аралығында өткен «Жас құтқарушы» Республикалық слетінде 17 команда бақ сынаған жарыста — «Суда құтқару жұмыстары», «Жауынгерлік қанат жаю», «Өрт эстафетасы», «Визит карта» және «Медициналық көмек» номинациялары бойынша — “Үздік рекордтық” нәтижелерімен Төлеби ауданының “Жас туристер станциясы” КММ-нің үйірмешілері І-орын иеленіп, ауданымыз «Төлеби» мен «Түркістан» облысымыздың мерейі мен мәртебесін асқақтатты.
Жеңіс туын желбіреткен жетекшілер мен үйірмешілер қауымына — дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Туризм мен спорт саласында жетістіктеріміз бен табысымыз арта берсін!
Жарайсыңдар болашақ жас құтқарушылар…

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Having read this I believed it was rather enlightening.

    I appreciate you taking the time and energy to put this article together.
    I once again find myself spending a lot of time
    both reading and posting comments. But so what, it was
    still worthwhile!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.