Түркістан облысы оқу орындарында «Әділ сессия» акциясы басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 2-қосымшасының негізгі талаптарына сәйкес №19 колледж директорының 2022 жылғы 03 мамырдағы №35/1-н-қ бұйрығына сәйкес қорытынды және біліктілік комиссиясы құрылып, колледж директорының 2022 жылғы 3-мамырдағы №35/2-н-қ бұйрықтарына сәйкес сессия жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл жөнінде №19 колледж директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Шеримов хабарлады.

Аталған сессия шарасына №19 колледж бойынша 7 мамандық және 10 біліктілік бойынша 45 емтихан 84 сынақ жұмыстары шығарылады. Сессияда тапсырылатын емтихандар мен сынақ жұмыстарына арнайы өтілу кестелері түзіліп бекітілді. Сонымен қатар барлық студенттерге сессияның әділ өтілу керектігін, заңсыздықтар орын алған жағдайда арнайы құрылған KOLL-орталықтарына хабарлау керектігі түсіндірілді.
Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрық негізінде жасалған білім бағдарламасы бойынша 2-курста 4 топ /1504062-Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист, 1201072-Аватокөлікті жөндеу слесары , 05008012-Аспаз, 1405012-Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі біліктіліктері бойынша/ әр бір мамандық бойынша 94 студент бірінші біліктілікке қорытынды емтихандарын өткізеді. Үшінші курс бойынша 7 мамандық 10 біліктілік бойынша 228 студент өз мамандықтары бойынша қорытынды емтихандарын мемлекеттік емтихандарын тапсырып өз мамандықтарының толық курсын аяқтайды. Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 2-қосымшасының негізгі талаптарына сәйкес әр бір мамандық бойынша болашақ мамандардың біліктіліктерінің сапалығын қадағалайтын арнайы құрылған комиссияның 65 пайызы сырттан яғни аудандық кәсіпкерлік палата өкілдері, аудан көлеміндегі әрбір мамандыққа қатысты жеке қожалық өкілдері,жеке кәсіпкерлер қадағалайды.
Құрметті ата-аналар мен колледж студенттері. Қазақстаннның әр бір азаматы әділдік бұлағынан сусындалуы керек. Демек әр бір өтілген сессия жұмыстары әділ өтілуі тиіс. Егер сессия жұмыстарының өтілу барысында қандай да бір заң бұзушылықтар орын алған жағдайда колледжде құрылған KOLL-орталықтарына хабарлаусу немесе колледж ғимаратына арнайы орналасқан сенім жәшігіне жазбаша өтініш қалдыру керектігін хабарлаймын.
Сенім телефондары: 87718745007, 87777224634, 87783271000, 87053641414.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.