Келестік оқушы ІQanat High School of Burabay мектебінде оқиды

Бұл туралы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бахтияр Сапарұлы өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.
— Ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасы өз мәресіне жетті. Ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау көрсету мақсатында өтетін олимпиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды,-деді бөлім басшысы.
Байқауға республика бойынша 750 оқушы қатысты. Жүздеген оқушының ішінен оза шыққан Келес ауданының #5 жалпы орта мектеп оқушысы Файзулла Арнур енді еліміздегі ең үздік мектепте оқиды.
🖊 Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов те олимпиаданың маңызын атап өтті. Асхат Қанатұлы ауыл мектептерінің оқушыларымен кездесіп, оларды өмірлеріндегі жаңа белестерге жігерлендірді✨
🔹Әңгіме барысында мәртебелі қонақ балаларды IQanat республикалық слетіне қатысумен құттықтап, олармен мектепте оқудың маңыздылығы және өз іс-әрекеттері мен нәтижелері үшін жауапкершілік ала білулері туралы сұхбат құрды.
«Егер адам жауапкершілікті жеке басында терең сезінсе, онда ол міндетті түрде болашақта табысты болады», — деді Асхат Аймағамбетов.
Кездесу барысында республикалық слетке қатысушылар министрге өз сұрақтарын да қойып, жауап алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.