
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балаларды жазғы сауықтыру қала сыртындағы базасындағы «Бар мейірім балаларға» атты «менің лагердегі бір күнім» жобасының бағдарламасы аясында өткізілген іс-шарасына «Береке» жалпы білім беретін мектептің директоры М.Даубаева қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты: балалардың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Жобаның міндеттері: Жеке тұлға ретінде дамытуға қатысты құқықтарын жүзеге асыру; Балалардың өзін- өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту арқылы балалар мен жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін дамыту.
Іс- шара барысында лагерде демалушы
балалар өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Жобаны ұйымдастырушыларға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.
«ANYQ.KZ»- ақпарат
