САРЫАҒАШТЫҚ СТУДЕНТТЕР «BIRGE-TAZA QAZAQSTAN» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Сарыағаш қаласы №12 колледж қызметкерлері мен студенттері Жалпыхалықтық сенбілікке шығып колледж ауласында санитарлық тазарту, ағаш түптерін, жол бардюрлерін әктеу іс- шарасына белсене араласты.

Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Сенбілік барысында, ұстаздар студенттерге табиғатты таза ұстаумен бірге Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі туралы да айтып берді. Ол тазалыққа:

  1. «Қол тазалығы» – артық нәрсені алмау дегенді білдіреді. Сондай-ақ, кірістің біршама бөлігін мұқтаж жандарға бөліп беру еске алынады.
  2. «Құлақ тазалығы» – үрейдің құрсауында жүретін, ашуға берілгіш, ырымшыл адамдардың сөзіне құлақ аспау, бос сөздер мен өсекті сүейтіндерден бойыңды алыс ұстау дегенді білдіреді.
  3. «Көз тазалығы» – көзіңді кектен, ашу-ызадан, қызғаныштан, құмарлықтан сақтауды нұсқайды.
  4. «Ауыз тазалығы» – бұл дегенің ауызды артық сөзден және балағаттаудан тыю.
  5. «Тән және киім тазалығы» – дене мен киімді әрдайым тазалықта ұстау кез келген адамның міндеті.
  6. «Ой тазалығы» – басты негативті ойлар мен теріс ниеттерден  тазарту, өзіңді аяудан алыс болу.
  7.  «Жан мен жүрек тазалығы» – бұл өзіңнің ішкі сезімдеріңді кірлетпей, сақтау білу.

Осылайша студенттер табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастырып, көше тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудара отырып,  өздері де біраз мәліметке қынық болды. Ұйымдастырушылар, шәкірт пен ұстаздың бірлесе еңбек етуі ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі дейді.  

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.