Түркістан облыстының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті осындай қорытынды берді. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал Ауданы Білім Бөліміне қарасты «№21 Нұрлы жол жалпы орта мектебі» КММ-сына жаңа 2022-2023 оқу жылының дайындығына мониторинг жүргізілді.
Мектеп ғимараты бейімделген.
2021 жылы 200 орындық жаңа мектеп құрылысы ТОО «Казспецстрой 2020» мердігер мен Түркістан облысының құрылыс басқармасы арасында келісім шартқа тұрып жұмыс басталып мектептің фундаменті құйылған және сол бойы жұмыс тоқтаған. Мектеп ескі ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізуде.
Әжетханасы сыртта орналасқан, спорт залы жоқ.
Кітапханасы бар, оқу залы қарастырылмаған.
Видеокамерасы бар, сақталу мерзімі 7 күн, ішінде 2 камера, сыртында 2 камера.
Мектептің ішінде ауыз суы қарастырылмаған.
Мектеп талапқа сай емес.
Мониторинг қорытындысы бойынша мектептің бейімделген ескі ғимараты оқу жылының басталуына дайын.
Тиісті ақпарат мүдделі мемлекеттік органдарға жолданады.