САРЫАҒАШ: 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ТАМЫЗДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облыстының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан 2022 жылдың 29 шілде күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №59 жалпы орта білім беретін мектебіне жаңа 2022-2023 оқу жылының дайындығына мониторинг жүргізілді.

Мектептің ескі ғимараты 2019 жылы үш ауысымды апатты деп танылып, 2020 жылы шілде айында жаңа мектеп ғимараты салынып басталған. Ескі ғимаратта әжетхана мектеп сыртында орналасқан. Спорт залы жоқ, спорт алаңы ғана бар. Бейнебақылау камерасы жоқ, себебі интернет қолжетімсіз.

Жаңа мектеп ғимараты ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде және толығымен жаңа ғимаратқа көшіп болған соң, ескі ғимарат сүріледі.

Сыйымдылығы 300 орындық, екі ауысымды.

Жаңа мектеп ғимаратының ішінде әжетханасы бар.

Спорт залы бар.

Кітапханасы бар, оқу залы қарастырылмаған.

Бейнебақылау камерасын көруге мүмкіншілік болмады. Себебі, интернет жүйесі және жалпы саны 21 бейнебақылау камералары енді орнатылып жатыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.