Кентау: 23 мектептің оқушылары бір лагерде демалуда

 Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 23 мектептен жиналған оқушылар жазғы лагердің көркін қыздыруда. Әр баланың қызығушылығы, бейімділігі әр түрлі. Бала бойындағы жасырынып жатқан өнердің ашылуы, дамуы үшін жағдай жасалу шарт. Біздің оқушылар лагерьде тек роционалды оқу түрінен емес, бойындағы түрлі өнерлерін паш етуде. Лагерь бағдарламасына сай өткізіліп жатқан додоларға белсене қатысуда.

«Қыз сыны», түрлі спорт жарыстары, би өнері, оқушылардың сұранысына сай өнер түрлерінен түрлі сайыстар өтуде.

Барлық жауапкершілікті тек лагерь басшылығына артып қоймай, Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы Б. Жұмабаев Машат-Арасан лагеріне жеке өзі арнайы барып қадағалап қайтты. Бөлім мамандары лагерь аяқталғанша жоспар бойынша лагерьмен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.