Түркістан: Адами әлеуетті дамыту басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстары

Облыстық білім  басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстарына дайджест-шолу:

«2021-2023 жылдарға арналған сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені» Жол картасы жөнінде облысты адами әлеуетті дамыту басқармасына Төтенше жағдайлар департаменті оқыту-семинары өткізді.

Балалардың жазғы лагері жалғасуда. Танымдық сайыстар мен сауықтыру шараларына толы өткен сауықтыру лагері демалушы балаларға ерекше қуаныш сыйлап, шадыман шаттыққа бөлеуде.

Балалар жылында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады. Бұл туралы еліміздің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді

Түркістан облысында балаларды жан-жақты дамытуға арналған жобалар жүзеге асып жатыр. Осы жайында балалар мен жасөспірімдерді рухани дамуға, адамгершілікке баули отырып тәрбие берудің маңыздылығы Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында талқыланды.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары басталды. Осыған орай, кеше Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын басқарма қызметінде жүргізудің тәртібі бойынша жиын өткізді.

Сондай-ақ, Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаменті облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандарына “Жалпыға бірдей декларациялау” жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ad Widget

Recommended For You