
«Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облысының 11 мектебі енген. Бұл біздің педагогтердің қажырлы еңбегі екендігін атап өткіміз келеді» , — дейді Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы дәстүрлі тамыз кеңесінде.
Айта кетерлігі, өткен оқу жылында 11-сыныпты бітірген 30049 түлектің 1431-і «Алтын белгі» иегері атанса, 2211 оқушы «Үздік» аттестатпен бітірді. Облыстың бас ұстазы баяндамасында ендігі жылдан бастап мектеп, колледждердің білім сапасы ЖОО-на грант негізінде түскен түлектерінің үлесімен бағаланатынын алға тартты.
