Сауран: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» онкүндігі басталды

Молда Мұса атындағы жом кмм 5.09.2022 ж. тілдер мерекесіне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбындағы 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығындағы өткізілетін онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ө.Шүленбаевтың ұйымдастыруымен іс-шараның жоспары бекітіліп, лездемеде мерекелік ашылу іс-шарасы өтілді.

Қазақ тілі, өзбек тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестік мүшелерінің және мектеп оқушыларының қатысуымен өлең шумақтары, ән, би, баяндама оқылды. Сонымен қатар онкүндікте өтілетін ашық сабақтар, қабырға газеті, тәрбие сағаттары, көрме, эсее, диктант, танымдық зерттеу конференциясы, шебер сынып, әдеби круиз, әдеби кеш жоспарлары, пән мұғалімдері мен сыныптар таныстырылды.

15.09.2022ж. күні іс-шара қорытындыланып, марапаттау рәсімі өтілетіні айтылды. Қорытынды іс-шараны ДТІЖО Г.Даниярова, А.Тапаев өткізіп, аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне есеп берілетіні айтылды.

Ad Widget

Recommended For You