Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 5-15 қыркүйек аралығында онкүндік іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді.
» ТІЛ МӘРТЕБЕСІ-ЕЛ МӘРТЕБЕСІ» тақырыбында ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Егеменді еліміздің рухын асқақтататын ұлттық тіл, ұлттық қадір — қасиет екендігін білдіру;ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан атамыздың: «Жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны…» деген сөзі дәлел деуге болады.Осы орайда ағылшын,орыс,қазақ тіл мамандары «Әдеби диалогпен» сөз өрбітсе, мектеп оқушылары «Көсемсөз шеберлері» айдарымен 4 тілде тіл туралы өлеңдерін жатқа оқыды, патриоттық әндерден шашу шашылды.
Бекітілген жоспар бойынша барлық сыныптар «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатыны сөзсіз. Сан ғасырлардан аманат боп жеткен ана тіліміз дами берсін! Бүгінгі мереке құтты болсын!