Түркістан облысы Білім басқармасының келісімімен Облыстық білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес жаңа оқу жылында аудан/қала педагогтері мен әдіскерлеріне кешенді әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын бастады.
Бүгін білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері, аудан педагогтеріне әдістемелік көмек жұмыстарын жүргізді.
Орталық әдіскерлері:
— Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы;
— Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру жолдары;
— Мониторингін жүргізу, электрондық журналдың толтыруын қадағалау, білім алушылардың нәтижелеріне талдау;
— Биология пәнін оқытуда тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту;
— Биология пәнінен ҚМЖ -ға РІSA тапсырмаларын кіріктіріп оқытуды әдістемелік сүйемелдеу;
— Білім беру ұйымдарында педагогтердің және оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамыту;
— Оқыту стратегиясы: сипаттамалары, олар не үшін керек, мысалдар. Тиімді әдіс — тәсілдер — сапалы білім кепілі;
— Музыка пәнін оқытуда шығармашылық жұмыстар ұйымдастырудың тиімділігі;
— Математика, физика пәнінен оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыруда Lesson study әдісінің тиімділігі баяндамалар оқылып, семинар — тренингтер жүргізді.