Қазақстанда коронавирусқа қарсы тексеріс күшейді

Қытайда пайда болған коронавирусқа байланысты ел шекарасында бақылау күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазақстанға келген әрбір адам мен тауар тепловизордың көмегімен жіті тексеріліп жатыр. Аспан асты елінен келген жолаушыларға, тасымалдаушылар мен экипаж мүшелеріне әуежай, темір жол вокзалдарында арнайы қондырғылармен тексеріс жүргізілуде. Атап өтейік, бүгінде Қытайдан елорда әуежайына 3, Алматыға 6 рейс келеді. Вирус шыққалы Қазақстанға ұзын ырғасы 13 мыңнан астам адам кірген. Бірде біреуінде аталған дерттің белгілері анықталған жоқ. Ал соңғы деректер бойынша көрші мемлекетте 570 шақты адамның коронавирусқа шалдыққаны айтылды. 17 азамат қайтыс болды. Аурудың осы кезге дейін Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ-қа дейін жеткені анықталды. Ауырғандардың барлығы Қытайдың Ухань қаласына барған. Сондықтан еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жақын арада көрші мемлекетке бармауға кеңес береді. «Адам көп шоғырланған орындардан бойды аулақ ұстаған жөн», – дейді мамандар. Себебі коронавирус осы кезге дейін жануар, хайуандар арқылы таралса, енді ауа арқылы адамнан адамға да таралуы мүмкін.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Вся информация, представленная на данном сайте, носит исключительно информационный характер и предназначена для ознакомления с деятельностью онлайн-казино. Сайт не являемся оператором игр и не предоставляем услуг по организации азартных игр. uquobraqme … https://sienna-oryx-817144.hostingersite.com/wp-content/uploads/2024/online_casino_guide.html

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.