Түркістан облысы: Отырар ауданында «Тіл ғұмыры — ұлт ғұмыры» атты мерекелік кеш өтті

Халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұрасы – қазақ тілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазақ тілі – қазақтың жаны! Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз», — деп атап өткен болатын. Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккен 30 жыл ішінде елімізде мемлекеттік тілдің жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы орайда Отырар ауданда «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай «Тіл ғұмыры — ұлт ғұмыры» атты мерекелік кеш өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, тұрғындарды қос мерекемен құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде: «Мемлекеттік тілдің болашағын назардан тыс қалдырмаған ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі», — деп ерекше атап өтті. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Қазақстан халықтарының тілдер күні» 5 қыркүйек болып жарияланды. Бұл қазақ тілі әліппесінің атасы, қазақ лингвистикасының негізін салушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен тұспа-тұс келуі де тегін емес. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл», — деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының биыл туғанына 150 жыл толып отыр. Қасиеті терең, құнары мол қазақ тілін өз мәнінде қолданып, жат тілге тәуелді болмай болашақ жас ұрпаққа жеткізу азаматтық парызымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!» — дей келе, аудандағы қазақ тілінің дамуына атсалысып жүрген бір топ азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

Ұлты басқа жүрегі бір, түрі басқа тілегі бір, демекші Шәмші әндерін ғана емес, халқымыздың небір тамаша әндерін нақышына келтіре шырқайтын, ұлты болгар Геннадий Стоматов әннен шашу шашып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Атап өтер жайт, бүгінде көптілділікті ұран еткен әлемдік үрдіс, әлсіз тілдердің жұтылуына әсер етуде. Мәселен, әлемде 6700-ден аса тіл бар болса, соның жартысына жуығы жоғалу қаупінде тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы ХХІ ғасырдың соңына қарай жер бетіндегі ұлт тілдерінің жартысы қолданыста болмайды деген тұжырымда. Тіпті, ЮНЕСКО 2010 жылы жоғалу алдында тұрған әлем тілдерінің атласын жасады. Оған 2500 тіл мен диалект енген. Бір ғана Еуропаның өзінде жойылу қаупінде тұрған 212 тіл бар екен. Сондықтан, тіл үшін күрес – тегін іс емес, елдік сананың көрінісі, ұлттық жадтың қорғаны.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. wonderful publish, very informative. I’m wondering why the opposite experts of this
    sector do not notice this. You must proceed your writing.
    I am confident, you have a great readers’
    base already!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.