Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне бас маман қажет

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кейбір жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы), 

Педагогика және психология, 

Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, 

Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, 

Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау, 

Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, 

Арнайы педагогика мамандарын даярлау, 

Педагогикалық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар

Функционалды міндеттер

Функционалды міндеттер:

 

  1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тиісті органдарға жайғастыру жұмысын, балалар үйін, мектеп интернаттары, жазғы демалыстарын ұйымдастырады;
  2. Кәмелетке толмаған балалардың мүддесін қорғау мақсатында мүлікті сату, сатып алуда, несиге алуға, кепілдікке қоюға байланысты тіркеуден өткізеді;
  3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жылжымайтын мүліктер орталығына күзетпен жіберетін арнайы хаттарды даярлап, өткізіп отырады;
  4. Қызметтік міндеттеріне сәйкес түскен арыз-шағымдарды тексеру жұмыстарына қатысады;
  5. Патронат жұмысымен айналысады;
  6. Сот шешімі арқылы асырап алынатын балалардың құжаттарын дайындап сотқа қатысуды үйлестіреді;
  7. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау барысында іс-шараларды жүзеге асырады;
  8. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз етеді;
  9. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз етеді;
  10. Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексін» басшылыққа алып, орындалуын қамтамасыз етеді;
  11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін басшылыққа алып, орындалуын қамтамасыз етеді;
  12. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексін» басшылыққа алып, орындалуын қамтамасыз етеді;
  13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №381 қаулысының талаптарын басшылыққа алып, орындалуын қамтамасыз ету.
  14.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.