Сайрам ауданында 62 мыңнан аса оқушы білім алады. Бұл облыстағы үлкен көрсеткіш, себебі әрбір 8-ші бала Сайрам ауданында білім алады деген сөз. Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Арап Қайрат Әбдірахымұлы осылай дейді. Түркістан облысы республика бойынша білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан бірінші орында. 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында ауданда кезең-кезеңімен 5 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Өткен жылы 2 мектеп салынса, ағымдағы жылы 2 мектептің құрылысы басталды, келесі оқу жылы пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен бөлек орта білім саласын жеке сектордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізілуде.
2021 жылмен салыстырғанда жекеменшік мектептер саны 9-ға артып, бүгінгі таңда ауданда 13 жекеменшік мектептер жұмыс істеуде. Жекеменшік мектептер есебінен оқушы тапшылық орындары шешілуде.
Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыстағы 1 мектептің жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға өткізуге және 4 мектеп ғимаратының сыртына шығаруға (облыстық бюджеттен 85 710 млн.тнг бөлініп, нақты жұмыстар жүргізілді.
Мектепке дейінгі тәрбие
Білім сапасы балабақшадан бастау алады. Осы орайда біздің алдымызда бала бақшадағы білім сапасын көтеру міндеті тұр.
Ауданда 100 мектепке дейінгі ұйым қызмет етуде. Оның 11-мемлекеттік, 85-жекеменшік, 4-мектеп жанындағы шағын орталықтар. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамтуды 100% -ға жеткізу межеленген. Осыған орай, алдағы уақытта бірінші кезекте 2-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту шаралары қабылдануда.
3-6 жастағы балалардықамту – 100%; (8129)
2-6 жастағы балаларды қамту -95% ды құрады. (11341)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ.
Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады.
Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен толық автоматтандырылған (2019 ж. бастап).
Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, бұл дегеніміз нақты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз.
Сонымен қатар, осы бағытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын BilimKids.kz онлайн білім беру платформасын енгізу жұмыстарын бастаймыз,- дейді Қайрат Әбдірахымұлы.
Орта білімді дамыту
Сайрам ауданының 88 орта білім беру ұйымында (75-мемлекеттік, 13-жекеменшік) 64 мыңнан аса оқушы оқуға келеді (1- сыныпқа 5593).
Жаңа оқу жылынан бастап, үш ауысымда оқитын мектептерді қоспағанда мектептер бес күнге көшеді сенбі мұғалімдер үшін демалыс күн болады. Аудандағы 87 мектеп 5-күндік, 1 мектеп (Анартаев ЖОМ) 6 күндік форматында оқытады.
Қазіргі таңда, Түркістан облысының білім беру саласын кешенді дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асыру жоспарлануда.
«TURKISTAN BILIMI» экожүйесі, яғни білім саласын автоматтандыру және білім сапасын арттыру.
Ағымдағы жылы оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы қамтылған білім саласындағы ақпараттық жүйелермен интеграцияланған «Bilim Land» платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум» түзілді.
Аталған платформаның білім мазмұнына қатысты жүйесіне аудан мекептері 100% тегін қосылды.
Сонымен қатар, педагогтарды аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша «Е-Портфолио», білім саласының аналитикалық есебін қалыптастыратын «Basqarma.Smartnation.kz» білім беру ресурстары енгізілуде.
Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылуда.
Бүгінгі күні оқушылардың білім сапасы халықаралық зерттеулердің (PISA, TIMSS, TALIS, PIRLS) қорытындысымен айқындалады. Жоғарыда аталған жоба шеңберінде білім сапасын көтеру үшін педагогтердің біліктілігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарының бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағдарламасы іске асырылуда.
Педагогикалық кадрлар туралы
«Мұғалім мектептің жүрегі» мұғалімнің кәсіби дамуы біздің басты назарымызда. Жоғарыда аталған стратегиялық жоспар аясында жүзеге асырылатын облыстық жоба «Темірқазық» тірек мектептер деп аталады. Оған ауданымыздың №20 С.Сейфуллин мектеп-гимназиясы қатысатын болады. Жоба аясында НИШ мектептерінің әлеуетін тірек мектебіне енгізіп, оқу-әдістемелік сүйемелдеу жүргізіледі. Осы жоба аясында педагогтердің сапалық құрамы мен мектептердің материалдық мүмкіндігі жақсарады деп күтілуде.
Сондай-ақ пән мұғалімдерінің ассоциациялары ресми құрылып жұмыс жасайтын болады. Аталған ассоциацияларымен жылына екі-үш рет кездесіп, оқу бағдарламаларына қатысты күрделі мәселелерді қарап, ұсыныс пікірлерімен жұмыс жүргізетін боламыз.
Тәрбие, қосымша және арнайы білім беру
Ауданымызда «Балалар жылын өткізуге» арналған кешенді жоспар бекітіліп, 80-ге жуық іс-шаралар өткізілді.
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыс пен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Облыс бойынша «Бес терек» жобасы іске асырылуда, «Әкелер мектебі», «Аналар кеңесі», «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымдары мен «Ата-аналар қауымдастығы» үкіметтік емес ұйымы жұмыс жасауда.
Қосымша біліммен қамту үлесі 2021 жылы – 67 % болса, биылғы жылы 71%-ды құрады, жыл соңына дейін 75%-ға өсіру жоспарлануда.
Өткен оқу жылында ауданның білім саласындағы олқылықтарды зерттей келе, балалардың денсаулығына жіті көңіл бөлу, ұлттық мектептердегі мемлекеттік тілді меңгертуді дамыту, оқушылар арасындағы суицидтің алдын алу, білім сапасын төмен көрсеткен мектептеріміздің санының өскеніне байланысты жұмысты жандандыру қажеттілігі туындады.
Осыған орай, 2022-2023 оқу жылынан бастап төмендегі жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз:
- «Салауатты Тұран балалары» әлеуметтік жобасы;
- «Ұлттық мектептерде мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді ұсынымдары» жобасы;
- «Жаратылыстану бағытындағы пәндерге STEM білім беруді енгізу» жобасы;
- Математика пәнінен «100 есеп» жобасы.