ТҮРКІСТАН: Студенттерге қаржылық қауіпсіздік негіздері және қаржы пирамидаларының ал-дын-алу» мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан жоғары көпсалалы қол өнер колледжінің студенттеріне Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкіл (анықтаушысы) Гүлзия Қарсыбай «қаржылық қауіпсіздік негіздері және қаржы пирамидаларының алдын-алу» мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қоғамда қаржылық қауіпсіздікті сақтамау салдарынан алаяқтықтың құрбанына айналғандар басындағы оқиғаларды негізге ала отырып, сенімге кіріп улайтындардан аулақ болуға шақырды.

Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттырып, қаражатты тиімді әдіспен пайдалануды ұсынды. Және қаржылық сауаттылықты арттыруда кедергі болатын негізгі мәселелерді атап өтті. Әрі бөгде біреудің жалған ақпаратты жамылып, алдайтындарды байқасаңыз дереу полиция қызметкерлеріне хабарласып, жәбірленушіге айналмаудың алдын алуды сұрады. Бұл өз жеке бастарыңызды арам пиғылды қылмыскерлерден қорғап қалуыңыз үшін маңызды екенін алға тартты.

Ақпараттық қауіпсіздік үшін «КИБЕРНАДЗОР» жүйесі арқылы қаржы пирамидаларының белгілері бар 1526 интернет сайттарды бұғаттауға жолданып, оның 659-і бұғатталған. Себебі, қазіргі таңда бөгде біреудің басқа тұлға атына несие рәсімдеп, қарызға батырып әрі әлеуметтік желідегі сайт акаунттарының құпия сөзін білу арқылы техниканы зиян тигізуге пайдаланатындар көбейіп кетті.

Сол үшін көбімізге қаржылық сауаттылықты меңгеріп, табысты жинауды, бюджетті сауатты жоспарлауды және шығындарды рационалды жаратуды үйренуіміз керек. Себебі, бұл қарызға алынған қаражатты сауатсыз пайдалану себебінен борышқорлық шұңқырға түспеуге көмек береді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.