Кентау қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 бірлікті құрайды. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 2,6% өскен. Оның ішінде жекеменшік балабақшалар үлесі – 52,8% құрайды. Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Баянғали Абдрахманұлы осылай дейді. Оның мәліметінше, 33 мектепке дейінгі мекемеде 1- 6 жас аралығындағы 5938 бала (98,4%) қамтылса, оның:
14 мемлекеттік балабақшада –1-6 жас 2558 бала (43,1%), оның ішінде 3-6 жас 1795 бала,
19 жекеменшік балабақшада -1-6 жас 3380 бала (56,9%), оның ішінде 3-6 жас 2430 бала,
Жыл қорытындысымен қала бойынша 1-6 жас аралығында 7680 бала қамтылып, оның ішінде мектеп алды даярлық сыныбында 1742 оқушы тәрбиеленуде, яғни 97,2%-ды, балабақшада 1-6 жас аралығында 5938 бала қамтылып, ол 99,0% -ды құрайды.
«2021-2022 оқу жылының барысында бөлімге қарасты мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен тәрбиеленушілері белсенділік танытып жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ: Кентау қаласының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері 12 республикалық, 3 облыстық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды. Барлық мектепке дейінгі ұйымдар «Balabaqha smartnation.kz» автоматтандырылған жүйеcіне қосылған. Осы жүйе арқылы балаларды қабылдау, кезекке қою, жолдама беру мемлекеттік қызметтері жүзеге асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға оң септігін тигізуде»,-дейді Баянғали Абдрахманұлы.
Түсіндегіміздей Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Кентауда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Республика бойынша білім алушылардың саны – 3 млн 600 мың бала, облыс бойынша – 510 мың, қалада – 19 067 оқушыны құрайды.
«Мектеп – кеме, білім – теңіз» деп ақын Қасым Аманжолов айтқандай, биылғы оқу жылында қаламыз тағы бір оқу ошағымен толыспақ. «Ы.Алтынсарин» атындағы 200 орындық бастауыш жекеменшік мектебі ашылып, өз жұмысын бастағалы отыр.
- «Балалар жылына» орай, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында бөлімінің теңгеріміне беріліп жатқан «Девиантты мінезді балаларды оқытуға» арналған мекеменің ғимаратын «Оқушылар үйіне» ауыстырып, 2500-3000 оқушыны түрлі үйірмелермен қамтып, өз жұмысын бастайды деп күтілуде. Бүлдіршіндердің игілігіне Хантағы ауылында «Абай» атындағы №5 және «А.С.Пушкин» атындағы №6 мектептерде жаңа спортзал пайдалануға беріледі. Спортзалда спорттың футбол, баскетбол, валейбол, еркін күрес, көркем гимнастика түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасалған. 2022-2023 жаңа оқу жылында бөлімге қарасты мектептердің 1 сыныптарына 2014 баланы қабылдау жоспарланған, қазіргі таңда 1989 өтініш түсті. Қаламыздағы №3 «Қазақстанға-30 жыл» атындағы мектеп-гимназиясыны «Өзбекәлі Жәнібеков», №10 жалпы орта мектебіне «Д.Қонаев» атын беруге тапсырыс берілді. М.Әуезов атындағы №22 мектепте, Ю.Гагарин атындағы №16 мектепте 400 орын жетіспеушілігі байқалып отыр. Алдағы уақытта осы мәселені шешу үшін қосымша ғимараттар салу қажеттілігі туындауда.Сондай-ақ, қаламыздың жаңадан қосылған «Қаратау», «Шұғыла» мөлтекаудандарында 25 көпқабатты тұрғын үй және жеке тұрғын үй учаскелерінің берілуі жаңа мектеп құрылыстарына қажеттілік қалыптастыруда, «Қаратау» мөлтек ауданынан 2000 орындық, «Шұғыла» мөлтек ауданынан 1500 орындық мектеп салынады деп күтілуде,-дейді Баянғали Жұмабаев.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 23 жазғы мектеп ашылып, 301 сынып комплектісінде 5455 оқушы қамтылып, оларға 831 мұғалім сабақ берді.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ десек, Президент жыл сайын Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар беріп келеді.
Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Деген қағиданы ұстанған Кентаудың бас ұстазы Баянғали Жұмабаев оқушылардың біліміне ерекше көңіл бөлетінін айтады.
«Қала бойынша 844 түлек мектеп бітіріп, 726 оқушы ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ нәтижесінде жалпы орта балл 73,9 баллды құрап, 72 оқушы «Алтын белгі», 40 оқушы «Үздік аттестат» алды. ҰБТ-ға қатысып ең жоғары балл жинап, мемлекеттік грантты ұтып алған оқушылардың ата-аналары мен дайындаған ұстаздарына өз атымнан үлкен алғысымды білдіремін!
Биылғы бітіруші түлектердің 412-ы мемлекеттік грантқа, ал 2 оқушы шет ел мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындарына түсті. Қазіргі таңда мемлекеттік грантқа түскен оқушылардың үлесі 57% құрады».
Білім саласындағы білім сапасын анықтаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі – білім мекемелерін мемлекеттік аттестаттаудан өткізу. 2021-2022 оқу жылында 3 балабақша («Еркеназ», «Қобыланды», «Құлыншақ») мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Жоспар бойынша 2022 — 2023 оқу жылында 3 мектеп (№5,6,15) және 2 балабақша мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.
Мектеп – білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады.
Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуде.
Білім сапасының бірден-бір көрсеткіші – оқушылардың пәндік олимпиадасы екені бәрімізге аян. Биылғы оқу жылында облыстық пән олимпиадасына 49 оқушы қатысып, 29-ы жүлделі орын, 4 оқушы әр түрлі номинация иегері атанды.
Республикалық пән олимпиадасына 4 оқушы жолдама алып, оның 2-і жүлделі (І және ІІ) орындарды иеленді.
Жыл сайын оқушылардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жаңа серпілістер байқалады. Қала мектептерінің ұстаздары мен оқушылары «Педагогикалық дебют», «Бастау», «Зерде», «Тұран», «Жас қанат», «Мың бала», «Sport Fest», «Ұлттық мектеп лига» жарыстары, «Qaisar» әскери патриоттық спартакиадасы сияқты түрлі бағыттағы ғылыми жобаларға қатысып облыстық, республикалық және халықаралық кезеңдерінің жеңімпаздары атанды.
Ұстаз — әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға.
Қазіргі таңда біліктілік арттыру курсынан өту үшін 647 педагогке сұраныс беріліп, 476 курстан өтті, бұл 74% пайызды құрады.
2021-2022 оқу жылында 4 мектеп директоры, 14 қызметкер мектеп әкімшілігіне арналған курстан, 8 тәрбие жөніндегі орынбасары біліктілік арттыру курсынан өтті.
Биылғы оқу жылында қаламызда 25 мектеп барлық санитарлық қағидаларды сақтай отырып дәстүрлі форматта жұмыс жүргізеді.
Қала бойынша 23 мектептердегі компьютер саны 2661-ге көбейіп, өткен жылмен салыстырғанда 7 балаға 1 компьютерден келді.
Балалар жылының аясында демеушілер биыл бізге 65 млн теңгеге 200 дана компьютерлер сыйлауды жоспарлап отыр.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және бағдарламаларын табысты іске асыруда білім беру платформаларын қолдануды жан-жақты меңгеру үшін қала педагогтарына, оқушыларға, ата-аналарға арналған әдістемелік жұмыстар жүргізілді.
Жалпы Кентау қаласында 25 мектеп бар, оның 23 мектебі мемлекеттік, 2 мектеп жекеменшік. Былтырғы оқу жылында «Kundelik» платформасын 23 мектеп тиімді қолданып, 100% қамтылды. Kundelik.kz электронды журналында жалпы тіркелген оқушылар саны – 20 867, ата-аналар саны – 14 650, қызметкерлер саны – 2 217.
2022 жылы бюджеттен бөлімге қарасты білім мекемелеріне жалпы 13 млрд 584 млн 426 мың теңге қаралды. Оның ішінде:
— оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға 45 млн 949 мың теңге;
— оқушыларды тасымалдауға 9 млн 580 мың теңге;
— қамқоршысынан айырылған оқушыларды қамқоршыларына
38 млн 812 мың теңге;
— Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру тапсырысын орындауға 2 млрд 617 млн 750 мың теңге;
— Мекемелерді жылу маусымына дайындауға 4 млн 308 мың теңге;
— Мекемелерді отынмен қамтуға 64 млн 279 мың теңге;
Қаламыздағы оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 23 мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Мектеп қоршауларын санитарлық нормаларға сәйкестендіру үшін 10 мектептің қоршауларын жаңалауға 73 млн 314 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді. 18 мектепке бейнебақылау орнатуға 18 млн 832 мың теңгеге сұраныс жасалды.
Қазіргі таңда, мектептердің материалды техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 147 млн 244 мың теңге бөлінген.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акциясында мектеп кітапханаларына 2100 көркем әдебиет жиналды.
Биылғы оқу жылында 2-ші сынып оқулықтары мен «Абайтану» және қосымша оқулықтарға бюджеттен 140 млн теңге қаралып, 59 мың 510 дана кітап сатып алынды.
Мектептің тыныс-тіршілігі, оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алып, құзыреттіліктерінің артуы тікелей педагог мамандардың сапасы мен біліктілігіне байланысты.
Кентау қаласында 1890 мұғалім қызмет етуде. Оның ішінде:
— 1876-ы жоғары білімді;
— 14 арнаулы білімді.
Ұстаздардың білім деңгейін арттыруда мемлекет өз қамқорлығын танытуда, атап айтсақ:
- 28(1%) – «педагог-шебер»;
- 426 (22,7%) – «педагог-зерттеуші»;
- 390 (20,8%) – «педагог-сарапшы»;
- 345 (18,4%) – «педагог-модератор»
- 408 (21,7% ) – «педагог»санаттағы мамандарды құрады.
Тағы бір айта өтетін жаңалық, биылғы оқу жылында мектеп басшылары арасында ротация іске асырылуда. Біздің қаламыздағы №12 және №14 мектеп басшылары өзара келісімі бойынша ротацияланды. Алдағы уақытта мектеп басшылары және бала-бақша меңгерушілері ротациялау жоспарлануда.
Қаламыздағы 5 (№8,22,23,24,Қарнақ мектептерінің) мектеп басшысының орны бос тұруына орай, осы бос орындарға «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы мен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес конкурсқа кез келген үміткер құжат тапсыра алады.
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі» Заңы жүзеге асып, «Білімді ұлт — сапалы білім» Ұлттық жобасы орындалды.
Тек білім саласының ғана емес, қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Алайда ұлылардың «Ата-анадан ұрпақ өсіп таралған, жақсы-жаман болса, бәрі солардан», — деп айтқан ұлағатына құлақ түрсек, тәрбиенің негізі – отбасында қаланатындығын көрсетеді.
23 мектепте 42 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 23 мектеп тәлімгері, 23 педагог ұйымдастырушы еңбек етуде.
Мектептегі мамандардың табанды еңбегінің арқасында биылғы оқу жылында қалалық есепте тұратын оқушы саны — 2, мектепішілік есепте – 29 тіркелген. Оның себептері: қаңғыбастыққа салыну, сабаққа себепсіз қатыспау, қылмысқа күдікті.
Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2 балаға кеміп отыр.
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында:
— қыздармен өткізілген іс-шаралар — 18,
— ұлдармен өткізілген іс-шаралар – 18,
— құқық бұзушылықтың алдын алудың түрлі іс — шаралары – 15.
Осы іс – шаралар БАҚ-қа – 9 на, әлеуметтік желілерге жыл барысында 36 рет жарияланды. Сонымен қатар, ата – аналармен өткізілген іс – шаралар саны – 5, 1 форум және облыстық семинар өткізілді.
Мектеп оқушыларының беймезгіл уақытта ойын – сауық мекемелерінде ата – аналарынсыз жүруін анықтау үшін 185 рейдтік іс – шара ұйымдастырылды.
Түнгі уақытта ата – аналарынсыз жүрген 22 оқушы анықталып, осы оқушылардың ата – аналарына ішкі істер бөлімі тарапынан түрлі шаралар қолданылды.
Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау деректерін алдын алу мақсатында мекемеаралық 2020-2023 жылдарға арналған іс-шара жоспары түзілген.
Бөліміне қарасты жалпы 23 мектепте 40 педагог-психолог жұмыс атқарады. Суицидті, ерте жүктіліктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жоспарға сай іс-шаралар жүргізіліп отырды.
Алдағы уақытта суицидтің алдын алу және болдырмау жұмыстар жоспарға сәйкес өз жалғасын табады.
Психологиялық қызмет саласы қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелер, оның ішінде аутодеструктивті және бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алып, отбасылық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, интернетке тәуелділік және зиянды әдеттердің алдын алуда жұмыстар іске асырылды.
Мектепте «Бестерек» жобасы негізінде психологтардың қаңтар айынындағы зерттеу қорытындысы бойынша 5-11 сыныптар (10924 оқушының) бойынша тәуекел тобына 1189 бала есепке алынған.
Тәуекел тобына әр түрлі статус бойынша есепке алынып, психологтар тарапынан жеке (549 балаға жеке көмек берілген), топтық (222 балаға) жұмыс жүргізілген.
Жалпы 170 (ата-ана, оқушы, педагогтарға) психологиялық қолдау жұмыстары жүргізілген.
Тәрбие саласында қуантарлық жағдайлар көп, 2021-2022 оқу жылында дәстүрлі өнер фестивалі қосымша білім беру мекемесіне қатысатын оқушылар арасында және жалпы мектептердегі оқушылар арасында өтті.
Облыстық өнер фестивалінде оқушыларымыздың өнері бағаланып, Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі «Үздік жеңімпаз» дипломымен және 100 000 тг қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Инклюзивті білім беру — даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты балалармен бірге білім алуы.
23 мектепте ерекше оқытуды қажет ететін 183 бала үйден оқытылады. Оның ішінде:
— жалпы мектеп бағдарламасы бойынша 99 оқушы;
— көмекші мектеп бағдарламасымен 84 оқушы;
— Инклюзивті біліммен 2-4 сыныптарда 130 оқушы;
— балабақшада 64 бала;
— логопедтік (дефектолог кабинеті) 4 пункттерде 64 бала дефектолог пен логопед мамандарынан білім алуда.
Бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органы бойынша қазіргі таңда есепте тұрған 109 бала бар. Оның ішінде:
— қорғаншылық және қамқоршылықта 94 оқушы;
— патронаттық тәрбиеде 15 оқушы;
Оларға ай сайын мемлекет есебінен 31 мың 800 теңге жәрдемақы тағайындалған.
Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету мақсатында 2022-2023 жаңа оқу жылына «Мектепке жол» акциясы аясында:
Демеушілер есебінен 280 балаға 7 млн.265 мың 500 тенгеге қажетті киім-кешек, құрал жабдықтар сыйға берілді.
Облыстық бюджеттен АСП (аз қамтамасыз етілген) алатын отбасылар үшін жалпы соммасы 93 млн.020 мың теңге құрайтын, 2637 балаға, бала басына 35 275 тг қаржылай көмек беріліп, жеке есеп шоттарына аударылды.
Осы орайда тағы да негізгі көңіл бөле отырып айтылатын мәселе, бұл қамқоршылық кеңес жұмысы. Мектептердегі қамқоршылық кеңестерде демеушілер, меценаттар, бизнесмендер бар. Осындай мықты тұлғалардың арқасында мектептерге көптеп демеушілік жасау жұмысын дұрыс жолға қою керек.
Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерде мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы 2022 жылдың 26 мамыр мен 30 маусым аралығында ұйымдастырылды.
— Мектеп жанындағы ұйымдастырылған жазғы лагерьге — 1104 бала;
— 5-10 сынып аралығында сыртқы лагерьлермен — 800 бала;
— Ата-ана есебінен демалатын – 530 бала;
Жалпы жаз мезгілінде демалған бала саны – 2434.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасынан 800 балаға 26 млн.178 мың теңге қаржы қаралып, оқушылар «Машат-Арасан» лагерьінде демалып қайтты.
Жалпы жазғы сауықтыру лагерімен қамтылу — 31,1% құрады.
- Білім беру мекемелеріндегі интернет желілірінің жылдамдығын арттыру мақсатында талшықты желілермен қамтамасыз ету жолдары қарастырылса.
- Оқушылардың жазғы сауықтыру лагерьлері өзіміздің қаламызға қарасты, жақын маңда орналасқан ауылды жерлерден (Құсшы ата ауылы) ашылса. Мысалы, бұрынғы қала сыртында болған лагерьлер кәсіпкерлердің меншігіне өткен, мемлекет тарапынан қайта сатып алып, оқушылар үшін өз қаламыздан лагерь ашу қарастырылса;
- Халықаралық, республикалық олимпиада резервтерін дайындауға орталық ашу;
- Жаңадан ашылатын Кентау оқушылар сарайынан «Паблаб» үйірме жұмыстарын жандандыру;
- «Балалар жылында» балалар үшін акциялар мен іс шараларға өткізуге демеушілер мен меценаттар қатысуды қарастыру;
- Оқушыларды көне жерлерге саяхатқа шығаруға және облыстық іс шараларға қатыстыруға көлік қарастыру.