
Дәл қазір Төлеби ауданындағы егіс алқаптарында шаруалардың жұмысы қыза түскен. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары көктемгі дала жұмыстарына бел шеше кіріскен. Ауданда 2023 жылдың өніміне үй іргелік жерлермен қоса 65636 гектар жерді игеру жоспарланып отыр.
Атап айтсақ, күздік бидай – 9690 гектар, жаздық бидай – 4977 гектар, ноқат – 100 гектар, арпа – 7305 гектар, дәндік жүгері – 5 гектар, майлы дақылдар – 10841 гектар (оның ішінде: мақсары – 10796 гектар, күнбағыс – 45 гектар), ескі жоңышқа – 24569 гектар, жаңа жоңышқа – 4770 гектар, картоп – 1296 гектар (егілгені – 15,3 гектар), көкөніс өнімдері – 1858,3 гектар болса, егілгені – 87 гектар. Оның ішінде, қазірдің өзінде күздік және жаздық бидай, арпа, дәндік жүгері, майлы дақылдар мен жаңа жоңышқа 100% егілді.
Аудан көлемінде 31152 гектар жер жыртылып, меже толығымен орындалған. Егістік алқабына қажетті тұқым дер кезінде жеткізілген. Алқаптарды минералды тыңайтқышпен (аммиак селитрасы, карбамид) тыңайту жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс әкімдігінің қаулысы бекітілді. Қаулыға сәйкес, қазіргі таңда шаруалар тікелей «Каз Азот» ЖШС-не өтінім тастап, құжаттарын рәсімдеуде.
Көктемгі дала жұмыстарына 2535 тонна жанармай бөлініп, оны босату бағасы литріне 203 теңгені құрады. Көктемгі дала жұмыстары «Кең дала» бағдарламасы бойынша «Ырыс МҚҰ» ЖШС арқылы 6 агроқұрылым, 44,3 миллион теңге несие (5 пайызбен) алып, кәсіптерін жандандыруда.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 8 миллиард 534 миллион теңгеге жеткен.
Айта өтейік, Төлеби ауданның жалпы жер көлемі 306 380 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 159383 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 63274 гектар, соның ішінде суармалы егістік — 9813 гектар, көп жылдық екпе ағаштары — 2547 гектар, шабындық жерлер — 1187 гектар, жайылымдық — 25892 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері — 92900 гектар;
елді мекендердің жерлері — 61531 гектар, оның ішінде жайылым жер — 44365 гектар
өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 3745 гектар;
ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 146997 гектар;
су қорының жерлері — 197 гектар;
Төлеби ауданының 4982 гектар жері Қазығұрт және Ордабасы аудандары есептік орамдар аумағында орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Төлеби ауданда 12 ауылдық округі, 1 қала, 55 ауылдық елді мекен орналасқан.
Аудан тау етегінде орналасқан, суық болмайтын күндері 160-180 күнді құрайды, жылдық ауаның ылғалдылығы — 330-390 миллиметр. Қыс айларында қардың қалыңдығы 50-60 сантиметрге барады. Ұзақтығы 120-126 күнге созылады. Жер қыртысы ылғалды ашық сұр топырақты болып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы көп салалы егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның тура ортасынан тау етегінен бастау алатын Бадам өзені өтеді.
Аудан көлемінде үлкенді-кішілі 14 өзен бар. Аудан аумағында өзендер таулы аймақтардан бастау алады.
Өзендер: Тоғыс өзені ұзындығы — 28,1 километр, Даңыстау өзені — 20,1 километр, Біркөлік өзені — 4,2 километр, Ақмешіт өзені — 11,9 километр, Леңгер өзені — 11,1 километр, Бадам өзені — 32,4 километр, Текесу өзені — 8,4 километр, Сілбілі өзені — 2,5 километр, Қасқасу өзені — 6,4 километр, Сайрамсу өзені — 26,6 километр, Жайлаусай өзені — 20,9 километр, Балдыберек өзені — 33,5 километр, Ақсу өзені — 13,2 километр, Науытсай өзені — 5 километр. Жалпы ұзындығы — 224,3 шақырым.
Бөгендер мен тоғандар:
«Ащы» су қоймасы, сыйымдылығы — 443 000 м3;
«Шілтер» су қоймасы, сыйымдылығы — 275 000 м3;
«Ұзынбұлақ» су қоймасы, сыйымдылығы — 1 600 000 м3.
Ауыл шаруашылығы:
Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы — 159383 гектар. Оның ішінде егістік жерлер — 63274 гектар, соның ішінде суармалы егістік — 9813 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 2547 гектар, шабындық жерлер — 1187 гектар, жайылымдық — 25892 гектар, және елді мекен жайылым жері — 44365 гектар, жалпы жайылым жерлердің көлемінің қосындысы — 70257 гектар.
Төлеби ауданы бойынша ірі қара — 70052, уақ мал — 183005, жылқы — 31974, түйе 12 басқа жетті.
Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсеттетін ветеринариялық-санитариялық объектілер: ветеринариялық станциялар — 13, ұсақ малдарды шомылдыру — 23, жасанды ұрықтандыру пунктері — 23 және биотермиялық шұңқырлар саны — 28.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.