Ауыл шаруашылығы бойынша елдегі жалпы өнім көлемінің 12 пайызы Түркістан өңіріне тиесілі

Ауыл шаруашылығы саласында Түркістан облысы республикада ерекше орын алады. Елдегі жалпы өнім көлемінің 12%-ы Түркістан өңіріне тиесілі.

Ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған нақты деректерге жүгінсек, облыста 74,2 мың шаруа қожалығы тіркелген немесе республикадағы үлесі 31%-ды құрайды. 2022 жылы саладағы өнім көлемі 1 036,6 миллиард теңгені құрап, 2021 жылдан 100 миллиард теңгеге артты.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 миллиард теңге инвестициялар тартылды немесе өсім +18,7 %, тамақ өндірісіне 10,2 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім +7,4%-ды құрады.

Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласында 19,5 миллиард теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 671 бірлік жаңа жұмыс орны ашылды. 

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 30,3 миллиард теңге қаржы бөлініп, 25 112 агроөнеркәсіп кешені субъектісіне қолдау көрсетілді.

Егіс көлемі 14,4 мың гектарға артып, 859,9 мың гектарға орналастырылды (2021 жылы – 845,5 мың гектар). Оның ішінде:

— Дәнді және бұршақтық дақылдар — 313,7 мың гектар;

— Мал азықтық дақылдар — 220,9 мың гектар;

— Картоп, көкөніс, бақша дақылдары — 119,4 мың гектар;

— Майлы дақылдар — 79,9 мың гектар.

Сондай ақ, мақта дақылы 126,3 мың гектарға орналастырылды.

72,3 мың тонна минералды тыңайтқыштар 50% жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 96 мың тонна жанар-жағар май босатылды.

Агротехникалық іс шараларды тиісті деңгейде жүргізудің нәтижесінде дәнді дақылдар түсімділігі 4,9 центнер/гектарға артып, 24,8 центнер/гектардан 778,0 мың тонна өндірілді.

Көкөніс, бақша, картоп дақылдарының түсімділігі 9,5 центнер/гектарға артып, 239,4 центнер/гектардан 2,9 миллион тонна өнім өндірілді.

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 123 ауыл округте 8,4 мың гектарды құрайтын 2 911 жоба жүзеге асырылып 294 мың тонна өнім өндірілді.

Шитті мақтаның түсімділігі 2,4 центнер/гектарға артып, 28,6 центнер/гектардан 362,0 мың тонна өнім жиналды.

Облыста қарқынды баулардың егіс алқабы 4,7 мың гектарды құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60 – 70 центнер/гектар өнім алынса, қарқынды баулар 300-350 центнер/гектар өнім беруде.            

Республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыс алдыңғы қатарда, өндірілген мақтаның — 100%, жүзімнің — 76%, бақшаның –  64%, жеміс-жидектің — 40,0%, мақсарының — 29%, жүгерінің — 26%, көкөністің  25%-ы – облыстың үлесінде.

Аграрлық салада еңбек өнімділігін арттыру, суармалы су тапшылығын төмендету мақсатында жылыжай шаруашылықтарын дамыту және су үнемдеу технологияларына көшу жұмыстары жүргізілуде.

Су үнемдеу технологиялары 7,2 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 30,3 мың гектарға жетті. Оның ішінде тамшылатып суғару технологиясы — 26,1 мың гектар, жаңбырлатып суғару технологиясы — 4,2 мың гектарды құрады.

Жылыжайлар 101 гектарға салынып, жалпы көлемі 1 569,0 гектарды құрады. Елдгі жылыжайлардың 71%-ы облыста орналасқан.

Жаңадан 1293 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5,6%-ға жетті. Техника паркін жаңартуға сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ын субсидиялау және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелерін 10%-ға арзандату, сондай-ақ инвестициялық субсидияларды техника лизингі үшін бастапқы жарна ретінде пайдалану үшін аванспен алу мүмкіндігі ықпал етті.

Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты.

Республикадағы суармалы жерлердің 4/1 бөлігі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар).

«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында 261,0 миллион текшеметр қосымша ағын су жеткізетін стратегиялық маңызға ие 5 ірі жоба жүзеге асырылуда.

   — «Түркістан магистралды каналында  күрделі жөндеу» жобасы бойынша 59 шақырым канал бетонмен қапталып, қала аумағындағы 2,1 шақырым канал бойы абаттандырылды. Нәтижесінде жылына 60 миллион текшеметр ағын су үнемделетін болады.

Каналдың су өткізу құрылымдарына Австралиялық «Рубикон Воутердің» тәжірибесімен автоматтандыру жүйесі орнатылды.

— Сыйымдылығы 18,5 миллион текшеметрді құрайтын «Кеңсай — Қосқорған — 2» су қоймасы салынып, пайдалануға берілді. Жалпы жоба аясында  жылына 31,0 миллион текшеметр ағын су қосымша жеткізіледі.

Сонымен қатар  «Боралдай» су қоймасы (65 миллион текшеметр, жоба құны 15,0 миллиард теңге), «Бәйдібек ата» су қоймасын салу (65 миллион текшеметр, жоба құны 16,9 миллиард теңге) жобалары әзірленуде.

Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу» (40 миллион текшеметр, жоба құны 4,07 миллиард теңге) жоба іске асырылуда.

Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан бөлек, 2022 жылы облыстық бюджеттен 1,3 миллиард теңге  қаржы қаралып 1 су нысанын күрделі жөндеу (Отырар ауданындағы Р-1 каналы), 6 су нысанын  ағымдағы жөндеу (Қазығұрт ауданындағы Р-4-4, Р-2 және облыстық коммуналдық меншіктегі Бөген, Қошқорған су қоймалары, Қараспан су торабы, Түркістан магистралды каналы) жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Мақтаарал ауданының коммуналдық меншіктегі барлық 141 шақырымды құрайтын 54 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізілуде. Нәтижесінде 12,9 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады.

Облыста мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%-ы (1 035,2 мың), ұсақ малдың 22,5%-ы (4 530,1 мың), жылқының 10,2%-ы (385,3 мың), түйенің 14,5%-ы (36,8 мың) және өндірілген еттің 11,4%-ы (247,1 мың тонна), сүттің 12,1%-ы (797,5 мың тонна) — өңірдің үлесінде.

Мал азықтық қорды қамтамасыз ету  тұрақты бақылауға алынып 5,2 миллион тонна мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді.

Тұқымдық түрлендіруге ірі қара аналықтың 19,8%-ы, уақ малдың 47,4 %-ы қатысуда.

 «Сыбаға» бағдарламасымен 1 289 бас асыл тұқымды ірі қара мал,  «Алтын асық» бағдарламасымен 45 590 бас уақ мал,  «Құлан» бағдарламасымен 1 973 бас жылқы сатып алынды.

Өңірде жалпы 9 185 бірлік бордақылау алаңы бар. Оның 400 басқа дейін — 9 153 бірлік,  400-100 басқа — 10 бірлік, 1000 бастан жоғары — 22 бірлік мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр.

Облыс — ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, қой етінің 40% -ы – Түркістан облысының үлесінде.

Өткен жылдың қорытындысымен 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.

Облыста 8 бірлік ет өңдеу, 23 бірлік сүт өңдеу, 22 бірлік жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.

2022 жылдың қорытындысына орай қайта өңдеу көлемі 120,9 миллиард теңгені құрады.

Ет өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Ордабасы ауданындағы «Ордабасы Құс» ЖШС (жылына 9,0 мың тонна), «Инфрастрой ЛТД» ЖШС (жылына 6,0 мың тонна),  Қазығұрт ауданында «Қарқын-2030» ЖШС (жылына 2,8 мың тонна).

Сүт өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Төлеби ауданында «Фуд Мастер»ЖШС (жылына 76,2 мың тонна), Ордабасы ауданында «Бөрте Милка» ЖШС (жылына 17,5 мың тонна),  Сайрам ауданында жылдық қуаттылығы 10,0 мың тонна 4 кәсіпорын («Натур продукт» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Озай Зеки» ЖК, «Рассвет» ӨК).

Жеміс-көкөніс өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Сайрам ауданында «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС (жылына 180,0 мың тонна), Ордабасы ауданында «Александровский сад» ЖШС (жылына 1,2 мың тонна), Қазығұрт ауданында «Көрік» ЖШС (тәулігіне 8,0 тонна).

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

12 Comments

  1. I’ve been browsing online more than 3 hours today, yet I never
    found any interesting article like yours. It’s pretty worth enough for me.
    In my opinion, if all website owners and bloggers made good content as you
    did, the internet will be much more useful than ever before.

  2. You really make it seem so easy with your presentation but I find this topic
    to be actually something that I think I would never understand.
    It seems too complex and very broad for me.
    I’m looking forward for your next post, I’ll try to get the hang
    of it!

  3. Thanks for finally writing about > Ауыл шаруашылығы
    бойынша елдегі жалпы өнім көлемінің
    12 пайызы Түркістан өңіріне тиесілі —
    Anyq.kz < Loved it!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.