Түркістан облысы: Келес ауданында 81 мың 600 гектар аумақ ортақ жайылымға берілді

Бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі – ауыл-аймақ тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамту жайы болып тұр. Бұл міндет ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан Үкімет отырысында айтылған болатын.

Осыған орай Түркістан облысының Келес ауданындағы жер қатынастарын реттеуші органдар тарапынан қажетті талдаулар жүргізіліп, ауылдық елді мекендер тұрғындарының жайылымдық жерлерге деген сұраныс деңгейі анықталды. Нәтижесінде өткен жылы Келес ауданында 81 мың 600 гектар аумақ ортақ қолданысқа берілді. Оның 60 мың 600 гектары жайылым жерлердің иелерімен меморандум келісім шартымен бірлесіп пайдалану жөнінде келісім жасалды. Осылайша жер қатынастары саласында орын алған өзгерістер төрт түлігін түлеткен ауыл-аймақ тұрғындары үшін жайлы жағдай туындатты.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай емес немесе Жер заңнамаларын бұза пайдаланып жатқан жер пайдаланушыларға қазіргі таңда қолданысқа енгізілген «Ғарыш сапары» электронды базасы арқылы жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, Келес ауданының барлық жер көлемі 345129 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 236049 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 23906 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 20765 гектар, көпжылдық екпе ағаштары — 374 гектар, тыңайған жер — 2882 гектар, шабындық жерлер жоқ, жайылымдық — 208499 гектар, өзгеде жерлер — 388 гектар.

      Жер санаттары бойынша:

      ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер — 236049 гектар;

      елді мекендердің жерлері — 63759 гектар;

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 1624 гектар;

      ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 2906 гектар;

      су қорының жерлері — 952 гектар;

      босалқы жерлер — 39839 гектар;

      Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Келес ауданында 11 ауылдық округ, 1 ауыл, 83 ауылдық елдімекен орналасқан.

Ауданның жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Жер қойнауында құм, саз балшығы және шипалы минералды сулары бар. Ауданның Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес өзендері ағып өтеді. Аудан жерінің басым бөлігі төбелер мен жазықтықтардан құралған. Біртіндеп батысқа және оңтүстік- батысқа қарай теңіз деңгейінен 240-400 метрге дейін төмендейді. Шығысында бұл төбелер 600-800 метрге дейін көтеріледі.

Келес ауданының климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Атмосфералық жауын-шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның көбі көктем айларына тиесілі. Ауаның жылдық температурасы қаңтарда 2-3 С, шілдеде +34+38 С болады. Кейде құмды шөлді аймақтарда +40+45 С дейін барады.

Аудан аумағы табиғи ауа райына байланысты шөлейтті және тауалды аймағында орналасқан. Аймақта егін шаруашылығында бидай, қырықжапырақ, қызылша, шалқан, сарымсақ, қартоп, сәбіз, пияз және бау-бақша, жүзім өсіру өркендесе, сонымен қатар динамикалық түрде жылыжай шаруашылықтары дамыған.

Ауданның су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Келес ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны 147 дана, ұзындығы 641,3 шақырым, су қорғау белдеуі 834,75 га, қашыртқылар 144 бірлік, ұзындығы 393,6 шақырым, су қорғау белдеуі 593,6 га. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы суармалы жерлер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Келес ауданы арқылы Келес және Құркелес өзендері ағып өтеді.

Келес өзені ұзындығы — 241 шақырым, оның ішінде аудан аумағынан 55 шақырымы өтеді. Қаржантаудың батыс беткейімен Қазығұрт тауынан бастау алады да, Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары құяды. Өзенге іргелес орналасқан ауылдық округтерінің саны 6, бөгеттердің жалпы саны 6. Келес өзені арқылы 30 мың гектар егістік жер суландырылады.

Құркелес өзені ұзындығы — 95 шақырым, оның ішінде аудан аумағынан 83 шақырымы өтеді. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі аумағынан бастау алады да, Тегісшіл ауылдық округі, Келес ауданы аумағынан Біртілек, Ошақты, және Бірлік ауылдық округтерін қиып өтіп Сырдария өзеніне құяды. Құркелес өзеніне 8 шақты су тармақтары құяды. Өзенге іргелес орналасқан ауылдық округтерінің саны — 5. Құркелес өзені арқылы 18 мың гектар егістік жер суландырылады.

Егін шаруашылығы Келес және Құркелес өзендері аңғарларында және өзендер арасындағы жазықты суайырықта жақсы дамыған. Сондай-ақ аудан аумағында Шошым, Ошақты, Бесабдал, Оймауыт, Боз су, Ащысай сияқты ірі каналдар және Ақылбексай су қоймасы бар. Осы каналдар арқылы егістік жерлер сумен қамтылады.

Келес ауданы бойынша ірі қара 63959, қой-ешкі 369724, жылқы 22254, түйе 322 басқа жетті.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар — 11, ұсақ малдарды шомылдыру орындары — 21, жасанды ұрықтандыру пунктері — 7, биотермиялық шұңқырлар саны – 9.

Келес ауданында жалпы жайылымдық жерлер 208499 гектарды құрайды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мал басына шаққандағы жайылымды есептей келе барлығы 165670,2 гектар жайылым жер учаскесі қажет екендігі анықталды.

Аудан бойынша барлығы 456259 бас (63959 ірі қара, 22254 жылқы, 369724 уақ мал, 322 түйе) көлемі 288082 гектар жайылымды пайдаланады, осы көрсетілген малдардың ішінде барлығы 42297 бас (11894 ірі қара, 3575 жылқы,26828 уақ мал) мал бір орында, қоралық жағдайда ұсталып, бордақыланады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Келес ауданында жалпы 414284 бас малға көлемі – 165670,2 гектар жайылым жер жеткіліксіз екендігі анықталды.

Келес ауданындағы жайылымдық жердің жеткіліксіздігін шешу үшін, жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені азайтып, күзгі егіндік жиналған соң босаған егістік алқаптарға жаю, мал өсіруді жайылымдық -қоралық жүйеден жайылымды қажет етпейтін мал өсіру жүйесіне (қорада ұстап бағу, бордақылау) ауыстыру қажет.

Жергілікті билік ұсыныс ретінде «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығында мал басына белгіленген жайылымның шекті мөлшерін тұрғылықты жерге байланысты қайта есептеу ұсынылады» деп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.