Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының диқандары «Кең дала» бағдарламасына жүгіне алады

Мақтаарал ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі диқандар үшін маңызды хабарландыру жасады. «ЫРЫС» МҚҰ» ЖШС 2023 жылғы көктемгі егіс дала жұмыстарына «Кең дала» бағдарламасы арқылы 5% несиелеу үшін құжаттар қабылдайды» — дейді сала жауаптылары.

Несие аламын деушілер Кредиттік комиттетің қарауына төмендегідей құжаттар ұсынуы қажет:

  1. Арыз.
  2. Шаруа қожалығы басшысының жеке куәлігі, жұбайының жеке куәлігі, Неке қағазы, Пай үлескерлердің жеке куәліктері
  3. Тұрғылықты ауыл округі әкімдігінен ұсыныс хат.
  4. Шаруа қожалығының мемлекеттік тіркеу туралы талоны (көшірме салыстыру үшін түпнұсқа)
  5. Шаруа қожалығының мүшелері туралы анықтама (налог).
  6. Салықтан және бюджетке, басқада міндетті төлемдерден, бюджеттік емес қорларға қарыз жоқтығы туралы анықтама.
  7. Шаруа қожалығы мүшелерінің несие алу жөніндегі хаттамасы.
  8. Кепілге қойылатын мүлік құжаттарының көшірмелері.
  9. Жылжымайтын кепіл мүлкіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (түпнұсқа).
  10. Кепіл мүліктің алдын ала бағалау актісі.

Кредиттік комитеттен кейін төмендегі құжаттар ұсынылады:

  • Кепіл мүлік құжаттарының тұпнұсқалары
  • Кепіл мүлік үлескерлерінің, жұбайының т.б. нотариалды бекітілген келісімдері
  • Бағалау актісі
  • Банктен есеп шоты туралы анықтама

Толық жинақталмаған не болмаса дұрыс жинақталмаған құжаттар Кредиттік комитет қарауына жіберілмейді.

Көрсетілген құжаттардан бөлек, әрбір досьені қарау барысында қосымша қажетті құжаттар сұратылуы мүмкін.

Орналасқан мекенжайы: Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі, 80 Б (Мәслихат ғимараты).

Атап өтер маңызды мәселе, көктемгі егінді қаржыландыруға бағытталған «Кең дала» бағдарламасы аясында фермерлерге 133,8 млрд. теңге берілді. Тағы 6,2 млрд. теңгенің өтінімдері қаржыландыру сатысында тұр. Бағдарламаның жалпы бюджеті 140 млрд. теңгені құрады. Бұған дейінгі жылдары қаржы тек наурыздан кейін беріліп келсе, биыл алғаш рет қаңтарда басталды.

Сонымен қатар шаруалардың жо­ға­­ры сұранысын ескере отырып, фор­вардтық сатып алу бағдарламасы жал­ға­сын тапты. Жалпы, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ ҰК биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін фор­вардтық сатып алуға және тауарлық кредиттер беруге кемінде 70 млрд. теңге бағыттайтын болады. Бұл бағыттар егіс науқаны кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың пәр­мен­ді құралдары болып есептеледі.

Бүгінде «Азық-түлік келісім шарт кор­порациясы» форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 21,2 млрд. теңге бөлді және жалпы сомасы 20,3 млрд. теңгеге шаруалардың өтінімі қаржы­ландырылды. Қаражат ӘКК-ден қай­та­ру­ға тиісті кепілдіктер берген фер­мер­лік шаруашылықтардың шоттарына аударылды. Осылайша, қазіргі уақытта  280,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өніміне келісімшарт жасалды. Оның көп бөлігі бидай, арпа және күнбағысқа тиесілі.

Азық-түлік корпорациясы биыл бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, күнбағыс, майлы зығыр, рапс және соядан бөлек, алғаш рет Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен 1,2 млрд. теңгеге 6 мың тонна көлемінде күріш жармасын форвардтық сатып алды. Форвардтық сатып алумен қатар, бидай мен арпаның мақсатты тауарлық несиесі ауыл шаруашылығы тауарын өн­діру­шілерді қолдауда сұранысқа ие бол­ған қажетті құралдың бірі болды.

Қазіргі уақытта 72 ауыл шаруашы­лы­ғы тауарын өндірушіден 566 мың тонна көлемінде тауарлық кредит беруге 83 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 500 мың тоннадан астам астыққа өтінімдер мақұлданыпты. Қалғандары қаралып, облыс­тардың үйлестіру кеңестеріне бекі­туге жіберілген.

ӘКК-нің кепілдіктері негізінде 293 мың тонна көлемінде тауарлық кредиттер берілді. Қалған жасалған шарттар бойынша тиісті кепілдіктер беріледі деп күтіліп отыр.

Тауарлық кредит беруге өтінімдерді мақұлдау көрсеткіші шамамен 97 пайызды құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, өтінім­дердің қабылданбауы әле­ует­ті контра­гент­тердің қанағат­та­нар­лықсыз қар­жы­лық жағдайына байла­ныс­ты болды.

«Тауарлық несие беру механизмі фер­­мерлерге өз ақшаларын сал­май-ақ, «Азық-түлік ке­лісімшарт кор­­порациясының» астығын өздерінің өн­дірістік жоспарларын жүзеге асыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі 2023 жылғы 1 қарашаға дейін деп бекітілді. Азық-түлік корпорациясы күзгі кезеңде астықтың жеткізілуіне қарай оның резервтік қорын жаңартуды қамтамасыз етеді, елдің мал өсірушілері мен құс өсірушілері үшін жем-шөп қорын қалыптастырып, ұн тарту және басқа да өңдеу кәсіпорындары үшін астық резервін құрады. Осы ретте маусымаралық кезеңде сатып алынған көлемдер белгіленген баға бойынша сатылатын болады, бұл дайын өнімнің бағасын жыл ішінде тұрақтандыруға мүмкіндік береді», делінеді ведомство хабарламасында.

«Қаржыландырудың көп бөлігі кредиттік серіктестіктер арқылы берілді – 5,8 млрд. теңге. Фермерлер микроқаржы ұйымдары арқылы 800 млн. теңге алды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы несие алуды жеңілдету және жеделдету мақсатында Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыруды екінші деңгейдегі банктер, КТ немесе МҚҰ сияқты қаржы институттарына беру арқылы рәсімді оңтайландырды», — деп нақтылады холдингте.

Бұл қаражат жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен материалдарды сатып алуға, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға, тұқым материалын сатып алуға және егін егуге және жинауға арналған басқа да іс-шараларға жұмсалады.

Қаржыландыру тек кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді және микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырылады. АӨК субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық бес пайыздан аспайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдан бастап бағдарлама шарттары бойынша алғаш рет несиелеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды, ал бұрын несиелеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектелген болатын.

Сонымен қатар, оңтүстік аймақтар алғаш рет өткен жылдардағыдай сәуір айында емес, желтоқсанда қаржыландырылды. Сондай-ақ, 1 гектарға жұмсалатын шығыстар нормативтерінің мөлшері орта есеппен 25%-ға ұлғайды.

Аграрлық кредиттік корпорация осы мақсаттарға кредиттік серіктестіктер, Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары арқылы түпкілікті несие алушылар үшін жылдық 5% — ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен несие береді. Бағдарламаның шарттары бойынша қаржыландырылған шаруашылықтар несиені 2024 жылдың 1 наурызына дейін қайтаруы тиіс.

Несие беру шарттары мен несиелік серіктестіктердің байланыстарын осы сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.agrocredit.kz/main/our-activities/lending/ke-dala/

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.