Түркістан облысы: Келес ауданы көшет отырғызу мен оны суаруды мықтап қолға алмақ

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ерте көктемде егілген көшеттерді түгендеу, абаттандыру саласында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Жобаларды жетілдіру бағытында жоспарларды талқылап, тиісті тапсырмаларды жүктеді. Егілген көшеттерді қорғау шарбақтарының қасбетіне ерекеше көңіл бөлуді сұрады.

— Қоршаған ортаның тазалығы, көгалдануы — осы еккен ағаш, гүлдеріміздің жайқалып өсуімен пара-пар. Оны күтіп баптау біздің негізгі жұмысымыз. Суландыру жүйесін қалыпқа енгізбегенсіздер. Сондықтан егілген көшеттердің арасында «қателер» бар. Бұл тікелей осы ағаштарды күтіп баптауға жауапты мамандардың кінәсі, — деген Жәнібек Есенұлы қураған ағаш көшеттерін жаңалау бойынша нақты тапсырмаларды жүктеді.

Сонымен қатар, Абай ауылының әкімі Ерғали Абдирахмановқа 2 ай уақыт берді. Егерде 2 ай ішінде егілген көшеттердің 70 пайызы көгеріп, өспеген жағдайда жұмыстан босатылатынын ескертті. Дәл осы талапты аудандағы барлық әкімдер мен жауапты бөлім басшыларына да тиісті екенінін атап өтті.

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы атқарылып жатқан тазалық, көгалдандару жұмысымен танысу мақсатында ішкі көшелерді аралады. Кәсіпкерлік нысан иелерімен тілдесіп, ғимарат аумағын көгалдандыру сыртқы қасбетіне ерекше көңіл бөлуі бойынша түсіндіру жұмыстарын атқарды.

— Аудандағы әрбір ғимарат аумағындағы ағаштар кесілмеуі тиіс. Жеке сектор немесе мемлекеттің теңгеріміндегі нысандар аумағындағы ағаштарды тек ретке келтіру мақсатында бұтау жұмыстары жүргізілуі керек. Осы мәселені назарда ұстаңыздар. Ағаш көшеттерін егіп, оның өсіп-жетілуіне бар күшімізді жұмсап жатқанда өсіп тұрған ағашты кесу ессіздік деп санаймын, — деді аудан басшысы.

Жәнібек Есенұлы берілген тапсырмалардың орындалуы барысын көзден кешіру мақсатында аудан орталығындағы көшелерді жаяу аралады. Қураған көшеттер орнына жаңадан ағаш бұталары қондырылған. Суару жүйесін ретке келтіру жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, ішкі көшелердің бойын көгалдандырып, тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймақтарын құру жұмыстары жоспарланды. Сауда орындарында көлік тұрағын ыңғайластыру бойынша қажетті шараларды атқаруға тапсырма берілді. Ауыл әкіміне қажетті шараларды атқаруға тапсырмалар беріп, орындалуын өз бақылауына алды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.