Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында биыл өнеркәсіп өнімінің көлемін 34,5 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр

Биыл маусым айында Сарыағаш қаласында 585 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үй толық пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 600-ге жуық баспанаға мұқтаж отбасы үйлі болмақ. Бұл туралы брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мәлім етті.

Арман Айдарұлының айтуынша, ауданда 2022 жылы 31 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген.

«Биыл өнеркәсіп өнімінің көлемін 34,5 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, былтыр негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 26,8 миллиард теңгені құрады. Ал 2023 жылдың қорытындысымен инвестиция көлемін 35,8 миллиард теңгеге жеткізу көзделген. Ал бөлшек сауда көлемі 50,7 миллиард теңгеге жетті. 2023 жылдың қорытындысымен сауда көлемін 52 миллиард теңгеге жеткізу межеленген», — деді аудан әкімі.

Ауданда 2023 жылы 500 жаңа жұмыс орнын ашып, мүмкіндігі шектеулі 278 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған. «Еңбек» бағдарламасына 9703 азамат қатыстырылмақ. Сондай-ақ, биыл 12 455 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау көзделіп отыр.

Брифинг барысында аудан басшысы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары да қарқынды екенін жеткізді.

«Өңірдегі 68 елдімекеннің 42-сі, яғни 61,8%-ы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Аймақты табиғи газбен қамту көрсеткіші қазіргі таңда 76,1 пайызды құрайды. Сапалы электрмен қамту бойынша 2022 жылы жалпы 18,3 шақырым электр желілері, 1043 электр бағаналары, 15 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген. Жол саласы бойынша былтыр 38 ішкі жолға (40 шақырым) орта жөндеу және 22 ішкі жолға шағал тас төсеу (43 шақырым) жұмыстары жүргізілген. 2023 жылы 26,5 шақырымды құрайтын 17 ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — деді аудан әкімі.

Бұдан өзге, 2022 жылы ауданда 4 мектептің құрылысы аяқталса, 3 мектеп биыл пайдалануға берілмек. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдарға 10 мектептің құрылысын жүргізу жоспарға енген. Атап айтсақ, олар: Сарыағаш қаласында 2000 орындық, 900 орындық және 300 орындық, Ынтымақ елдімекенінде 900 орындық, Дербесек елдімекенінде 900 орындық, Жаскешу елдімекенінде 600 орындық, Еңкес елдімекенінде 1200 орындық, Ақ үй елдімекенінде 1200 орындық, Таскескен елдімекенінде 600 орындық және Көктерек кентінде 1200 орындық мектеп бар. Бұл орайда, биыл 4 «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Орайы келгенде айта өтейік, жылжымайтын мүлік желісі бойынша жүргізілетін жұмыстар мерзімі қысқартылды. ​«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпарат жүйесіне көшуіне байланысты жүргізілетін жұмыстарды барынша жылдамдату мақсатында жаңа техникалық шешімдерді қарастырғанын хабарлайды.

​Осыған дейін 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында жүргізілетін жұмыстардың салдарынан бұл қызметті көрсету уақытша тоқтатылатыны туралы хабарланған болатын. Енді бұл мерзім өзгертілді.

​«Азаматтарға қолайлы болуы үшін өтінімдерді қабылдау тек 5-9 мамыр аралығында ғана тоқтатылады. 5-мамыр жұмыс күніне, ал қалған күндер мереке күнідеріне келіп түседі. Осылайша, «Жылжымайтын мүлік тізілімі» дерекқорынан ЖМБМК-ға көшу жұмыстары халыққа қолайсыздық туғызбай жүргізіледі», — деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

​Естеріңізге сала кетейік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру, сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша тіркеу саласындағы қызметтердің барлық түрлері көрсетілмейді. Одан бөлек, eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Барлық басқа мемлекеттік қызметтер қол жетімді болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Hi there this is kind of of off topic but I was wondering if blogs use WYSIWYG editors or if you have to
    manually code with HTML. I’m starting a blog soon but have no coding expertise so
    I wanted to get guidance from someone with experience.
    Any help would be greatly appreciated!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.