Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев мәлім етті. Оның сөзіне сенсек, ауданда 2022-2025 жылдары жалпы құны 44,3 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, ауыл шаруашылығы саласында 1175 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
«Өткен жылы Келес ауданында жалпы өнім көлемі 107,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласының үлесі — 65,5%. Ал, негізгі капиталға 17,7 млрд. теңге инвестиция тартылған. Биыл аудандағы жалпы өндірілген өнім көлемін 119,3 млрд теңгеге жеткізу жоспары тұр. Бүгінгі таңда аудан халқын жұмыспен қамту мақсатында түрлі жобалар қолға алынып жатыр. Соның ішінде ауылшаруашылығы саласында 5 нысаннан тұратын «Азия Мед» медициналық орталығы, «Эмир-Дэмир» ЖШС иновациялық жылыжай кешені, 1000 басқа арналған мал бордақылау «Умитай» шаруа қожалығы ашылады. Сонымен қатар, «Ағайындылар» атты қонақүй кешені, «Saryagash Alpamys» ЖШС минералды су өнімдерін өндіретін зауыт, «Сарыагаш-QZ» ЖШС «Ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру» зауытының құрылысы жүргізіледі. Бұдан бөлек, электр қуатын күн сәулесінен өндіретін «UBS KZ» ЖШС және «UBS Solar» ЖШС электрстанция мен «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС жылыжай кешені салынады», — деді аудан әкімі.
Таяуда Келес ауданында «ЭКО-культура» компаниясының қолдауымен еліміздегі ең үлкен, яғни 500 гектардан астам жылыжай кешенінің іргетасы қаланған болатын. Жоба толық жүзеге асқанда 8 мыңнан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады деп межеленген. Жаңа жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі — 524 млрд. теңге болса, 1 кезеңіне 51,6 млрд. теңге. тартылмақ. Қуатылығы – жылына 225 мың тонна қызанақ өсіру.
Брифингте белгілі болғандай, биыл жыл соңына дейін аудандағы 60,7 шақырым автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, аудандағы Қошқарата ауылдық округі, Жамбыл елдімекеніндегі №28 Мақташы, №11 Жолбасшы мектеп ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарына тиісті қаражат бөлініп, осы жылдың тамыз айында қолданысқа берілмек.
Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына ауданнан 4 ауылдық округ енгізіліп, Қошқарата ауылына 1 кооператив өсімдік шаруашылығы саласын, Ошақты ауылына 1 кооператив мал бордақылау алаңдарын дамыту қолға алынбақ. Сондай-ақ, Ақтөбе ауылына 2 кооператив сүт өнімдерін өндіру және балық шаруашылығын, Біртілек ауылына 1 кооператив жылыжай кешенін салу және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағытын дамыту жоспарланып отыр. Индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп, аудан әкімдігінің қаулысы қабылданған.
Айта кетсек, аудандағы 83 елдімекеннің 57-сі ауызсумен қамтылған, 7 елдімекен экономикалық жағынан тиімсіз болып танылған. Ал қалған 19 елдімекенде ауызсумен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жерасты су қорын зерттеу бойынша облыстық басқармаға ұсыныс берілген. Сондай-ақ, 63 елдімекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіліп, қалған елдімекендерде құрылыс жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ал аудандағы 50 елдімекен табиғи газ жүйелерімен қамтылған, 27 елдімекенде құрылыс монтаж жұмыстары, жобалық-сметалық құжаттары жүргізіліп жатыр.
Тағы бір атап өтер мәселе, 133 мыңнан астам халық өмір сүріп отырған Келес ауданында 54,4 мың адам жұмыспен қамтылған болса, жұмыссыздық деңгейі 5,1 және жастар жұмыссыздығы 3,9 пайызды құрайды. Өткен жылы ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 107,5 млрд. теңгені құраса, биыл бұл көрсеткішті 119,3 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан аумағында ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ.
Аудан әкімінің айтуынша, былтыр өнеркәсіп саласында 5,3 млрд. теңгегенің өнімі өндірілсе, биыл бұл көрсекіш 5,9 млрд. теңгеге жеткізілмек. Сонымен қатар, биыл 2022 жылы негізгі капиталға тартылған 17,7 млрд. теңге инвестиция көлемін көтеру бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, орындау бойынша нақты іс-шаралар атқарылады.
Жәнібек Есенұлының сөзіне сүйенсек, былтыр Келес ауданында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 22,4 мың шаршы метрді құраса, бөлшек сауда, шағын және орта бизнес саласында өткізілген тауар көлемі 7,5 млрд. теңгеге жеткен. Осы ретте қазір аудан аумағында 10 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысандарының жұмыс істеп тұрғанын атап өту қажет.
Оған қоса, биыл бастау алған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына Келестегі 4 ауылдық округ енгізіліп, Қошқаратадағы 70-тен астам азамат өсімдік шаруашылығын, Ошақтыдағы 120 азамат мал бордақылау ісін, жүзге жуық ақтөбелік сүт өнімдерін өндіру мен балық шаруашылығын және Біртілектегі 120 тұрғын жылыжай кешенін салу, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағыттарын дамытуды көздеп отыр. Демек, алдағы уақытта аудандағы кәсіпкерлік саласының қарқыны арта түседі деген сөз.
Сонымен қатар, 2025 жылға дейін ауданда жалпы құны 44,3 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, 1175 жаңа жұмыс орны ашылғалы тұр. Атап айтсақ, «Азия Мед» медициналық орталығының ғимараттары, орталық аурухана, иновациялық жылыжай кешені, 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өнімдерін өңдіру цехы, қонақ үй кешені, минералды су өнімдерін өндіретін зауыт, ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру зауыты, сағатына 20 мВт электр қуатын күн сәулесінен өндіретін электрстанция және 51 гектар жерге жылыжай кешені салынатын болады. Одан бөлек, индустриялды аймақ құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп, аудан әкімдігінің қаулысы қабылданған. Ол нысан республикалық маңызы бар «А15» автомобиль жолына, алдағы уақытта салынатын айналма жолға, «Б.Қонысбаев» кеден бекеті мен көршілес жатқан Шардара, Мақтаарал және Жетісай аудандарына жақын орналастырылады.
Жалпы, Келес ауданының барлық жер көлемі 345129 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 236049 гектар, оның ішінде егістік жерлер 23906 гектар, оның ішінде суармалы егістік 20765 гектар, көпжылдық екпе ағаштары 374 гектар, тыңайған жер 2882 гектар, шабындық жерлер жоқ, жайылымдық 208499 гектар, өзгеде жерлер 388 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 236049 гектар;
елді мекендердің жерлері 63759 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 1624 гектар;
ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 2906 гектар;
су қорының жерлері 952 гектар;
босалқы жерлер 39839 гектар;
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Келес ауданында 11 ауылдық округ, 1 ауыл, 83 ауылдық елдімекен орналасқан.
Ауданның жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Жер қойнауында құм, саз балшығы және шипалы минералды сулары бар. Ауданның Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес өзендері ағып өтеді. Аудан жерінің басым бөлігі төбелер мен жазықтықтардан құралған. Біртіндеп батысқа және оңтүстік- батысқа қарай теңіз деңгейінен 240-400 метрге дейін төмендейді. Шығысында бұл төбелер 600-800 метрге дейін көтеріледі.
Келес ауданының климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Атмосфералық жауын-шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның көбі көктем айларына тиесілі. Ауаның жылдық температурасы қаңтарда 2-3 С, шілдеде +34+38 С болады. Кейде құмды шөлді аймақтарда +40+45 С дейін барады.
Аудан аумағы табиғи ауа райына байланысты шөлейтті және тауалды аймағында орналасқан. Аймақта егін шаруашылығында бидай, қырықжапырақ, қызылша, шалқан, сарымсақ, қартоп, сәбіз, пияз және бау-бақша, жүзім өсіру өркендесе, сонымен қатар динамикалық түрде жылыжай шаруашылықтары дамыған.
Ауданның су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Келес ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны 147 дана, ұзындығы 641,3 шақырым, су қорғау белдеуі 834,75 га, қашыртқылар 144 бірлік, ұзындығы 393,6 шақырым, су қорғау белдеуі 593,6 га. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы суармалы жерлер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Келес ауданы арқылы Келес және Құркелес өзендері ағып өтеді.
Келес өзені ұзындығы 241 шақырым, оның ішінде аудан аумағынан 55 шақырымы өтеді. Қаржантаудың батыс беткейімен Қазығұрт тауынан бастау алады да, Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары құяды. Өзенге іргелес орналасқан ауылдық округтерінің саны 6, бөгеттердің жалпы саны 6. Келес өзені арқылы 30 мың гектар егістік жер суландырылады.
Құркелес өзені ұзындығы 95 шақырым, оның ішінде аудан аумағынан 83 шақырымы өтеді. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі аумағынан бастау алады да, Тегісшіл ауылдық округі, Келес ауданы аумағынан Біртілек, Ошақты, және Бірлік ауылдық округтерін қиып өтіп Сырдария өзеніне құяды. Құркелес өзеніне 8 шақты су тармақтары құяды. Өзенге іргелес орналасқан ауылдық округтерінің саны 5. Құркелес өзені арқылы 18 мың гектар егістік жер суландырылады.
Егін шаруашылығы Келес және Құркелес өзендері аңғарларында және өзендер арасындағы жазықты суайырықта жақсы дамыған. Сондай-ақ аудан аумағында Шошым, Ошақты, Бесабдал, Оймауыт, Боз су, Ащысай сияқты ірі каналдар және Ақылбексай су қоймасы бар. Осы каналдар арқылы егістік жерлер сумен қамтылады.
Барлық ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 236049 гектар. Оның ішінде егістік жерлер 23906 гектар, оның ішінде суармалы егістік 20765 гектар, көпжылдық екпе ағаштары 374 гектар, тыңайған жер 2882 гектар, шабындық жерлер жоқ, жайылымдық 208499 гектар, өзгеде жерлер 388 гектар.
Келес ауданы бойынша ірі қара 63959, қой-ешкі 369724, жылқы 22254, түйе 322 басқа жетті.
Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар — 11, ұсақ малдарды шомылдыру орындары — 21, жасанды ұрықтандыру пунктері — 7, биотермиялық шұңқырлар саны – 9.
Келес ауданында жалпы жайылымдық жерлер 208499 гектарды құрайды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мал басына шаққандағы жайылымды есептей келе барлығы 165670,2 гектар жайылым жер учаскесі қажет екендігі анықталды.
Аудан бойынша барлығы 456259 бас (63959 ірі қара, 22254 жылқы, 369724 уақ мал, 322 түйе) көлемі 288082 гектар жайылымды пайдаланады, осы көрсетілген малдардың ішінде барлығы 42297 бас (11894 ірі қара, 3575 жылқы,26828 уақ мал) мал бір орында, қоралық жағдайда ұсталып, бордақыланады.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Келес ауданында жалпы 414284 бас малға көлемі – 165670,2 гектар жайылым жер жеткіліксіз екендігі анықталды.
Келес ауданындағы жайылымдық жердің жеткіліксіздігін шешу үшін, жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені азайтып, күзгі егіндік жиналған соң босаған егістік алқаптарға жаю, мал өсіруді жайылымдық -қоралық жүйеден жайылымды қажет етпейтін мал өсіру жүйесіне (қорада ұстап бағу, бордақылау) ауыстыру қажет.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
priligy tablets price It was a steroid applied directly to the tongue