Расын айту керек, соңғы жылдары таулы аймақтардағы мұз бен жауын-шашын деңгейінің аздығынан Отырар ауданында ағын су жетіспеушілігі орын алып отыр. Аталған мәселе шаруаларға егін егуде тиімді жолдарды қарастыру қажет екенін көрсетіп отыр.
Бұл ретте Отырар ауданындағы Қарғалы ауылында егіншілікті кәсіп еткен шаруаларды қажетті ағын сумен толық қамтамасыз ету жыл сайын өзекті мәселеге айналып келген еді. Онсыз да ағын суды көп қажет ететін қауын, жүгері, жоңышқа секілді егістіктерден мол өнім алу мүмкіндігі аз екені — айтпаса да түсінікті жайт. Осы жағдайларды ескере отырып аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов суды көп қажет етпейтін және ғылыммен негіздемесі нақтыланған өнім түрлерін өсіруді ұсынған болатын.
Аталған жайтқа байланысты отырарлық диқандар биыл жаз айларында су тапшылығының салдарынан бос жатқан 160 гектар алқапқа түрен салып, күзгі бидай егуді қолға алған болатын. Күз және көктемгі мезгілде мол ағын суды тиімді пайдаланған «Біржан-2» ЖШС, «Ақсақал», «Сағындық-М», «Әшірбай» шаруа қожалықтары аңқасы кепкен даланы жасыл желекке бөлеп, мол өнім алуды көздеп отыр. Қазіргі таңда техникалардың дайындығын пысықтаған диқандар өнімді алдағы бірнеше күн ішінде толық жинап бітірмекке бел буып отыр.
Тың тәжірибеге аудандағы өзге ауыл округтерінің диқандары қызығушылық танытса, мамандар бұл жобаның су тапшылығын жоюдың ең тиімді әдісі ретінде бағалап отыр.
Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Сәкен Асылханұлы бидай алқабына арнайы барып, шаруалардың жай-күйімен танысты. Бидай шығымын көзбен көрген аудан басшысы шаруаларға ризашылығын жеткізіп, ауыл округіндегі басқа да диқандарды ағын суды аз қажет ететін егістікпен айналысуға шақырып, алдағы уақытта туындауы ықтимал мәселелерді талқылады. Бастама көтерген аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізген диқандар осы жылы алға қойған мақсаттары толық орындалса, бидай алқабын одан әрі кеңейтуге ниетті екендерін жеткізді.
Әсіресе, Алтынбеков каналының бойындағы Қарғалы мен Отырар ауылдарының диқандары жаз айларында судан тапшылық көреді. Енді осы мәселені шешу үшін ауыл тұрғындары суды көп қажет ететін бақша дақылдарын емес, күздік бидай егуді қолға алып отыр. Жаңа жоба қалай жүзеге асып жатыр? Бидайдың шығымы қалай? Дәл қазір бидай егіліп, жайқалған жасыл алқап өткен жылы бос жатқан болатын. Ешкім ештеңе екпейтін. Себебі жаз ортасында арықтардың аңқасы кеуіп, егістікке су жетпей қалады. Диқандар да тәукелге бара бермейді. Аузы күйген ауыл тұрғындары ақылдаса келе, бұл жерге күздік бидай егуді жөн деп тапқан. Қарғалы ауылының тұрғыны Аманкелді Байкеевтің айтуынша, егін суғаратын көктем мен күз айларында мұнда су мол болады. Шаруалар бидайды алғаш рет егіп отырса да, егін бітік шыққан. «Бізге шығымы жақсы сияқты. Бидай көрмегенбіз ғой. Балалар жақсы дейді. Құдай қаласа, жаман өнім болмайды. Судан қысылған жоқпыз, ертеректе суарып алдық сәуірдің ішінде. Қазір енді егін орағына дайындалуымыз керек. Бір айдың ішінде піседі» — дейді ол.
Былтыр күзде Қарғалы ауылындағы 8 шаруа бір кооперативке бірігіп, 30 гектар жерге бидай еккен. Оны көрген көршілес Отырар ауылының диқандары да 130 гектарға дән сеуіпті. Қазір егін жайқалып тұр. Мұны көрген басқа шаруалардың бидай егуге қызығушылығы артқан. Сөйтіп, бұған дейін бақша дақылдарын егіп келген диқандар енді күздік бидай егуді қолға алып отыр.
Отырар ауданының шаруалары ағын суды Сырадия өзенінен Алтынбеков каналы арқылы алады. Қарғалы мен Отырар ауылы каналдың ең төменгі бөлігінде орналасқандықтан, жаз айларында су жетпей қалады. Мамандар бұл жоба су тапшылығын жоюдың ең тиімді жолы екенін айтады. Әрі алғаш рет егіліп отырғандықтан, шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетілген. «Ұрық тауып беру бойынша біз ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауыл әкімдігі түгелімен көмектесті. Қазіргі таңда 160 гектар жерге егіс, бидай егілді. Егіс жаман емес. Осы айда егіс жинау науқаны басталады. Комбайнмен уақытында көмектесеміз деп шаруаларға біз өзіміз уәде бердік» — дейді Отырар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бекжан Кенжеғұлов.
Су тапшылығына байланысты ауданда игерілмей жатқан 800 гектар жер бар. Биыл соның барлығына егін егу жоспарланып отыр. Одан бөлек, Отырар мен Қарғалы ауылдары «Ауыл аманаты» бағдарламасына енген. Енді ауыл ақсақалдары аудан әкіміне 2,5%-тік несиені диқаншылықпен айналысатын жастарға берсе деген ұсыныспен шыққалы отыр. Егер қолдау тапса, онда егіс көлемін мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік болмақ.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
priligy tablet Arlie ZDUYMDWpBzFEangNhs 6 28 2022
Online Grownup Sex Toys Finest Intercourse Toy Store
Store Intercourse Toys & Equipment At 5 inches long,
it supplies deep satisfaction with out being intimidating, and it could be inserted right into a harness for
partnered play.
sex shop
dildos
adult toys
sex toys
Realistic Dildo
penis pump
gay sex toys
sex toys
sex shop
wholesale vibrators
wholesale dildo
wholesale vibrator
animal dildo
adult store
dog dildo
vibrators
dildos
dildos
cock ring
vibrator
sex shop
dildo
Realistic Dildo
wholesale vibrators
vibrators
Replica Sneakers kl045
Reps Shoes,replica
shoes gv277
Fake Shoes hy344
Reps Shoes,replica shoes ng503
Replica Sneakers for Men zv346
replica shoes,Replica Sneaker ku480