Шардара аудандық мәслихатының төрағасы Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен бірлескен тұрақты комиссиялар отырысы өткізілді. Тұрақты комиссия отырысына қала мен ауыл округтерінің әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты.
Атап өту керек, жиынның күн тәртібінде 13 мәселе қаралды. Бұл мәжілісте депутаттардың қарауына ұсынылған 13 мәселенің негізгілері – Шардара ауданы әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі. Аудан әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есебі. Шардара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №24-149-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі. Сүткент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі.
Бұдан бөлек Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі қаралды. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев, Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі С.Бейсенов, Сүткент ауылдық округінің әкімі Қ.Кенбай және аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары А.Мақанов хабарлама жасады.
Шардара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 09 ақпандағы № 15-88-VII шешімімен бекітілген Шардара ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары бар.
Ондағы мәліметтерге сүйенсек, Шардара ауданының барлық жер көлемі 1 287 225 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 199893 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 60211 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 56778 гектар, көпжылдық екпе ағаштары — 488 гектар, жайылымдық — 120920 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері — 199893 гектар;
елді мекендердің жерлері — 9232 гектар;
өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес, басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 2042 гектар;
ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 15156 гектар;
орман қорының жерлері — 909325 гектар;
су қорының жерлері — 88446 гектар;
арнайы жер қоры – 63131 гектар;
өзге жерлер – 19853 гектар.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Шардара ауданда 10 ауылдық округ, 23 ауылдық елді мекен орналасқан.
Шардара ауданы Түркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның солтүстік-батыс бөлігі — Отырар ауданымен, солтүстік бөлігі — Арыс ауданымен, шығыс бөлігі — Сарыағаш ауданымен, батысында — Өзбекстан Республикасымен, оңтүстігінде Шардара су қоймасымен шектеседі. Жерінің басым бөлігі құмды (Қызылқұм), сұр, сортаң топырақты, өзен аңғалары шалғалды-сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл,баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жиде өседі.
Климаты айқын континеттік. Қызылқұм құмдары аудан көлемінің көп бөлігін алып жатыр (85%-ға жуық). Жыл бойы қаракөл қойларына, түйелерге, жылқыларға жақсы жайылым болып табылады.
Сырдария өзенінің жайылмасы суармалы егін шаруашылығына өте қолайлы, әсіресе, күріш шаруашылығы үшін. Өзен жайылмасы мал шаруашылығы үшін негізгі азық болып табылады.
Аудан аумағы құрғақ, күні ыстық, шөлейтті аймаққа жатады. Жазы өте ыстық, құрғақты, ұзақ мерзімді, қысы қысқа, қар аз жауады және тез еріп кетеді. Климаттың негізгі сипаттамасына жылу ресурстарының және инсоляцияның молдығы жатады. Ауаның орташа температурасы — тамыз айында 28º-30º. Жоғары температура кезінде ауаның ылғалдылығы өте төмен болады (17-19%). Қаңтар айында ауаның орташа температурасы 3º-5º болады. Бірақ кей жылдары күннің суықтығы 35º-37º жетеді, сөйтіп, жылуды жақсы көретін өсімдіктерге өте зиянды әсер етеді. Әдетте, аязды күндер қазан айының екінші он күндігінле басталып, сәуірдің бірінші он күндігіне дейін жалғасады. Кей кезде үсік түсу мамыр айының басында да кездеседі. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Аязсыз күндердің орташа ұзақтығы 186 күнді құрайды. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері — 195-197 мм. Әр жылдары жауын-шашынның мөлшері тұрақсыз болады және көп мөлшерде айнымалы келеді. Жауын-шашынның 87%-і қыз-көктем мезгіліне тура келеді.
Аудан аумағында солтүстіктен соғатын жел басымырақ. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 1,9 дан 2,9 м/сек дейін ауытқуы мүмкін.
Аудан көлемінде 1 су қоймасы бар. Аудан көлемінде ағын су тасымалдау қызметі үшін 5,2 миллиард текше метр су көлемі бекітілген.
Аудан көлемінде 1 өзен бар. Сырдария өзені: ұзындығы — 1635 километр. Су қоймадан басталатын Қызылқұм магистральдық каналы Сырдарияның оң жағасы бойынша құнарлы жерлерді суландырады
Бөгендер мен тоғандарға келсек, «Шардара» су қоймасы, сыйымдылығы 5,2 миллиард шаршы метр, «Шардара» тоғаны — 5,3 километр, «Арнасай» тоғаны — 2,02 километр.
Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы – 199893 гектар.Оның ішінде егістік жерлер — 60211гектар, оның ішінде суармалы егістік — 56778 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 488гектар, шабындық жерлер — 1165 гектар, жайылымдық — 120920 гектар.
Шардара ауданы бойынша ірі қара — 53613, қой-ешкі — 202286, жылқы – 13605, түйе 2787 басқа жетті.
Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық мекемелер: ветеринарлық станциялар — 11, ұсақ малдарды шомылдыру орындары — 22, жасанды ұрықтандыру пунктері — 11, биотермиялық шұңқырлар саны — 15.
Ауданда мал азығының негізгі қоры — жайылым оты. Ол жылдық пайдаланылатын жемшөптің 20-35% құрайды. Жайылым отының биологиялық құнарлығы әр жылғы қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде, аудан аумағындағы табиғи жайылымдық жерлерді (1070540 гектар) қажет ететін төрт түлік малдары, қоректік заттарын «Шардара орман және жаруарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне» қарасты 909325 гектар орман қоры жайылым жерлерінен келісімшарт негізінде пайдалануда.
Осы ретте атап өтер жайт, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдаланылмай бос жатқан немесе жекеменшікке заңсыз берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма бергеніне де бір жылдан асып барады. Осы аралықта жалпы Түркістан облысында бірқатар шаруалар атқарылды. Негізі жер заңнамаларын бұза отырып, заңсыз пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары мен шешімдерінде кеткен кемшіліктерді анықтап, әкімшілік айыппұлдар салып, заң бұзушылықтарды жоюға нұсқамалар беру, негізсіз сатылған жерлерді сот арқылы мәжбүрлеп мемлекетке қайтару бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстары облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің міндетіне кіреді. Бұл бағытта пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында облыс әкімі Дархан Сатыбалды да аппарат отырысында тиісті басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеген-ді. Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – Бас мемлекеттік инспектор Алтынбек Мырзаевтың сөзіне сүйенсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің шешіміне сәйкес Түркістан облысы бойынша пайдаланылмай бос жатқан немесе заңсыз пайдаланылып жатқан 500 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланған. Берілген тапсырмаға сәйкес, аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе отырып 521,7 мың гектар (518,6 мың га жайылым, 3,15 мың га егістік) алқап мемлекет меншігіне қайтарылған. Яғни жоспар артығымен орындалып отыр.
Жалпы, облыста 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жайылым жердің жалпы аумағы 8 млн. 860,4 мың гектарды құраған. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі проблема елді мекендердегі тұрғындардың малына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында болып отыр.
2021 жылы 174 ауылдық округтегі 841 елді мекенге талдау жасалынып, жайылым тапшылығы 3867,8 мың гектарды құраған.
Облыс бойынша ортақ жайылымның көлемі 748 мың гектар. 70 ауылдық округ (247 елді мекен) жайылыммен қамтамасыз етілсе, 2022 жылдың 1 қаңтарына жайылым тапшылығы 3119,8 мың гектар болды.
Алайда, Жетісай ( 383,6 мың гектар жайылымдық жер керек) және Мақтаарал (251,0 мың гектар жайылымдық жер қажет) аудандарында ауыл шаруашылығы жерлерінің 95%-ын суармалы жерлер құрағандықтан, мұнда 2,2 мың гектар ғана жайылымдық жер бар. Ал, Сайрам ауданына 471 гектар жайылымдық жер жетіспейді. Қазір ауданның жалпы жайылым көлемі 31,7 мың гектарды ғана құрайды.
Сондықтан 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1012 мың гектарға ұлғайту жоспарланып, 42 ауылдық округті (164 елді мекен) ортақ жайылыммен қамтамасыз ету көзделген. Жыл соңында елді мекен тұрғындары 1034,8 мың гектар ортақ жайылыммен қамтамасыз етілді. Соның өзінде бұл ауданда әлі де 2122,2 мың гектар жайылымдық жер жетіспейді.
Департамент мамандарының тексеру жұмыстары барысында бірқатар заңсыздықтар анықталған. Айталық, Бәйдібек, Келес, Шардара аудандарында әкімдер тарапынан ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы табыстау барысында заң талаптары сақталмаған. Бұдан бөлек, Төлеби, Сайрам, Сарыағаш, Бәйдібек аудандарында өндірістік кооператив мүшелерінің келісімінсіз осы ұжымға тиесілі жерлерді сатып жіберу, кооператив мүшелерін сырттай шығарып тастау, құрылыс нысандарын заңсыз салу әрекеттері тұрғындардың тиісті орындарға шағымдануларына түрткі болған. Мұндай жанайқайлар Сайрам, («Қайнар Астық» ӨК), Төлеби, («Ақбұлақ» ӨК), Бәйдібек және Сарыағаш аудандарында кездесті.
Бізде жер қойнауларын заңсыз пайдаланушылар әлі де тыйылар емес. Айталық, бірқатар аудандарда ауыл шаруашылығына қарастырылған жерлерден тас, құм алып бүлдіріп тастайтындар әлі де бар. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге кірпіш зауытын салып алғандар да «бизнестерін дөңгелетіп отыр».
Сайрам ауданындағы Қарабұлақ елді мекенінде 1387 тұрғын үй, 27 мал қора, бір мал базары ауыл шаруашылығы жерлеріне салынған. Түлкібас ауданындағы Машат елді мекенінде де ауыл шаруашылығына бағытталған жерде мал базары қызып тұр. Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарында кәсіпкерлер өздеріне тиесілі жерлерді шарбақпен қоршаудың орнына айналдыра ор қазып тастаған. Шардара, Мақтаарал, Жетісай аудандарында мақта зауыттарын кепілдікке қойып, несие алып, қайтара алмаған, соның ішінде несиелері қайтарылған шаруалардың да жерлері аукционда сатылып кеткен. Қараптан қарап отырып, жерінен айырылып қалған шаруалар Үкіметке дейін шағымданып, табандарынан тозып жүр.
Облыста табиғаты тамылжыған, демалыс орындарына қолайлы жер баршылық. Бірақ, осы жерлерді де көзін жұмып сатып жібергендер бар болып шықты. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірер мысал келтірейік. Айталық, Төлеби ауданында Біркөлік, Ақмешіт, Сайрамсу, Қасқасу өзендерінің қорғау аймақтарынан демалыс орындарына жер учаскелері заңсыз берілген. Түркістан, Сауран, Сайрам аудандарында жалған шешімдермен жер учаскелері шүлен үлестірілгендей үлестіріліпті. Әрине, мұның барлығы да — жергілікті тұрғындардың шағым-арыздарынан соң анықталған олқылықтар.
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін космомониторинг құрылғылары арқылы анықтау жұмыстары биылдан бастап қолға алынған. Департамент пен аудан, қала әкімдіктері бекіткен жер балансы есебінің экспликациясында тіркелген жер пайдаланушыларда мал басы тіркелгені туралы ИСЖ базасымен салыстыру жүргізіліп, нәтижесінде 4386 жер пайдаланушының 673 462,2 гектар жеріне мал басы тіркелмегені анықталған. Мұндай жер пайдаланушылардың тізімін аудан қала әкімдеріне жолдай отырып, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бағытында жұмыстар жүргізу жөнінде нұсқамалар берілген.
Сонымен қатар, биыл Жер кодексінің 145-1 бабына енгізілген өзгерістерге байланысты ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның жүргізген космостық мониторингі бойынша 4543 жер пайдаланушының 560 801,6 гектар жерді пайдаланбай, босқа ұстап отырғаны анықталған. Олардың ішінде жүктемесі 20 пайыздан төмені 302 832,9 гектар немесе 54,2 пайыз.
Былтыр заңсыз табысталып, пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп, мемлекетке қайтару үшін сотқа 96 талап-арыз берілген. Соның ішінде 45 талап-арыз қанағаттандырылған. Демек, 4756,1 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 25 жер иесінің (Кентау – 1079 гектар, Келес – 290 гектар,Түлкібас – 2415,8 гектар, Ордабасы – 868 гектар, Сайрам – 97 гектар, Мақтаарал – 1,7 гектар) 4751,6 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал, қалған талап-арыздар қаралу үстінде.
Бұдан бөлек, аудан, қала әкімдіктерінде 123 конкурс өткізіліп, 66 663,4 гектар жер учаскесі жалға берілген. Соның ішінде Бәйдібек, Шардара аудандары мен Кентау қаласында 31 жер учаскесін (2742 га) заң талаптарын бұза отырып, табыстағандығы анықталған. Осы айғақтарға байланысты аудан, қала әкімдерінің қаулы, шешімдеріне қатысты 13 тексеру жүргізіліп, 13 нұсқама беріліп, оның үшеуі орындалған. Екі нұсқама ӘҚБтК-тің 462-бабымен сотқа жолданған.
Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері 93 тексеру жүргізіп, 38 нұсқама берген. Аудан, қала әкімдіктері жер қатынастары бөлімдеріне 63 тексеру жүргізіп, 9 лауазымды тұлғаға 415,1 мың теңге айыппұл салынған. Олардың ішінде конкурс, аукцион талаптарын бұзғандар, заң талаптарын бұза отырып, жеке тұрғын үй салуға рұқсат еткендер де бар. Бір іс мәжбүрлеп мемлекетке кері қайтару үшін сотта қаралып жатыр.
«Азаматтарға арналған Үкімет» МК АҚ-на қатысты 7 тексеру жүргізіліп, 6 нұсқама беріліпті. Қайта бақылау, тексеру нәтижесінде нұсқаманы орындамағаны үшін 4 айғақ бойынша ӘҚБтК-нің 462-бабымен әкімшілік айыппұл салынып, сотқа берілген. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтардан 1209 арыз-шағым түсіп, 72 тексеру тағайындалған. Арыз-шағымдарды талдау нәтижесінде 604 шағым қанағаттандырылыпты.
Облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне 2021-2022 жылдар аралығында келіп түскен арыз-шағымдар негізінде аудан қала, ауыл әкімдіктеріне және аудандық жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 137 және 462- баптары бойынша әкімшілік шаралар қолданылған. Сонымен бірге, келіп түскен арыз-шағымдар мен құқық қорғау органдарынан келіп түскен хаттардың негізінде лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Былтыр сәуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Әлихан Смайыловқа заңсыз айналымдағы жер телімдерін мемлекетке қайтарып алу жөнінде арнайы комиссия құрып, жұмысты ашық та әділ жүргізуді тапсырған болатын. Мұнан соң 2022 жылдың тамызында Мемлекет басшысы жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойды. Содан бері комиссиялар жұмыс істеп келді.
Мәселен, жыл басында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қазақстандықтарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, ҚР Жер балансына сәйкес жайылымдық жерлер 183,4 млн га құрайды, оның ішінде:
– 82,4 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
– 63,9 млн гектар босалқы жерлер;
– 21,2 млн гектар елді мекендерге іргелес жерлер;
– 15,9 млн гектар басқа санаттағы жерлер (орман қоры, ерекше қорғалатын табиғат аумағы, өнеркәсіп жерлері).
Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген талдау мен әкімдіктердің деректеріне сәйкес, жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жайылатын 5,7 млн шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормативтері бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю үшін қосымша 8,9 млн гектар жайылым қажет.
Бұл көбінесе жеке қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы жануарлары санының айтарлықтай өсуіне байланысты. Мысалы, соңғы 10 жылда тек ірі қара мал басы 7,7%-ға өсті. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары сияқты өңірлерде мал басының өсу қарқыны шамамен 16%-ды құрады. Сонымен қатар ұйымдасқан шаруашылықтарда 5,9 млн шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар, яғни жайылымдардың есептік резерві 30,4 млн гектарды құрауы мүмкін.
Республиканың 17 облысының ішінен жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы үшін 15 облыста жайылымдардың тапшылығы байқалады, әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында.
«Жайылымдардың жетіспеушілігі орын алып отырған уақытта елдің жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану мәселелері бірінші орында тұруы тиіс. Осыған байланысты, өткен жылы мемлекетке 5,2 млн гектар пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 1,85 млн гектар алаңда өздерінің ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті. Аталған көрсеткіштер 2021 жылмен салыстырғанда 10 есе көп», — деді Е. Қарашөкеев.
Ведомство басшысы осы жұмыстың маңызды аспектісі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 9 тамыздағы жер қатынастары саласындағы тексерулерге мораторийді алып тастауы, сондай-ақ жерлерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жетілдірудегі жұмыстар екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының 2023 жылдың соңына дейін қосымша 5 млн гектар пайдаланылмайтын жерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті.
Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ғарыштық мониторинг деректері негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша 2023 жылға арналған жоспарды әзірледі және осы жоспарды аудандар бөлінісінде облыстар бекітті.
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осыы жылдың 16 қаңтарында мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы jerkarta.gharysh.kz геосервисті әзірлеп, іске қосты. Осылайша, жалпыға қолжетімді интерактивті карта азаматтардың ауыл шаруашылығы жерлеріне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдарға өтініш берулеріне бағдар болады. Және де жылдар бойы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысу үшін тұрғындарды қажетті учаскелермен қамтамасыз етуге негіз болады.
Сонымен қатар интерактивті картаны енгізу айтарлықтай дәрежеде әлеуметтік әсер береді, жер учаскелеріне қатысты алаяқтық процестерді азайтады және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша мемлекеттік аппараттың жүргізіп жатқан жұмысына халықтың бағасын алуға оң әсер етеді деп күтілуде.
«Жергілікті халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында кешенді шаралар қабылдау қажет. Бүгінгі таңда жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге деген немқұрайлықтарынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 млн гектардан асады, оның 29,3 млн гектары іс жүзінде эрозияға ұшыраған және одан әрі пайдалануға жарамсыз. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп жердің одан әрі тозуын болдырмау, әсіресе елді мекендердің маңындағы жемшөп алқаптарын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде», — деді Е. Қарашөкеев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдан бастап 205,4 млн гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүргізілді, бұл республиканың 272,5 млн га аумағының 75%-ын құрады. Цифрлық ауыл шаруашылығы картасы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлерін қамтиды, контурлар, жол желісі, гидрография, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтермен толтырылып, жергілікті халықтың жайылымдарға байланысты проблемалық мәселелерін шешу үшін жерлердің жемшөп сыйымдылығы туралы ақпаратты қамтитын болады.
«Қажетті ақпарат көлемі бар цифрлық ауыл шаруашылығы картасы 2024 жылдың соңында аяқталады және ауыл шаруашылығы жерлерін одан әрі қайта бөлуге мониторинг жүргізу үшін негіз болады», — деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жайылымдармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы шеңберінде ұйымдасқан шаруашылықтардың жүктелмеген жайылымдарын қайта бөлуге бағытталған 1 немесе 2 жыл мерзімге Жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларды әзірлеуде және бекітеді.
Бүгінгі таңда жоспарланған 188 Жайылымды басқару жоспарының 148-нің күші бар. Осылайша, қазіргі уақытта Жайылымдарды басқару бойынша 40 жоспардың мерзімі аяқталып, оларды қайта бекіту бойынша әкімдіктермен жұмыстар жүргізілуде.
Халықты жеке ауладағы жайылымдық жерлермен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар мынадай шаралар қабылдады:
- іргелес жатқан босалқы жерлерді елді мекендердің жерлеріне қосу арқылы жалпы алаңы 421,2 мың гектар елді мекендердің шекаралары кеңейтілді;
- босалқы жерлерден 2,4 млн гектар жергілікті халыққа қайта бөлінді;
- 22,7 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын жайылымға трансформациялау жүзеге асырылды;
- 325,5 мың гектар халықтың жайылымдардағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алып қойылды;
- 1,2 млн гектар жер резервке қойылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі Заң жобасы әзірленді, ол қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында және ағымдағы жылдың 18 қаңтарында екінші оқылымға шығарылады.
Заң жобасы бірқатар елеулі түзетулер енгізуді көздейді, мәселен:
– жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту;
– меншігінде жайылымдық және шабындық алқаптары бар адамдардың елді мекендердің жерлерінде заңсыз шөп шабу және мал жаюы мәселесі бойынша жауапкершіліктерін белгілеуі және т. б.
Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі осы түзетулерді осыжылдың 1 жарты жылдығына дейін қабылдау үшін барынша күш салуда.
Жалпы республика бойынша ауыл тұрғындарының мал басын жайылымдармен қамтамасыз етуде оң динамика байқалады.
Соңғы 2 жылда прокуратура органдарымен және әкімдіктермен бірлесіп атқарылған шаралар, жергілікті тұрғындардың жайылым тапшылығын 8,9 млн гектарға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрінің пікірінше, әкімдіктерге:
- осы бағыттағы жұмысты күшейту және қалыптасқан әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау;
- Жайылымдарды басқару бойынша 40 жоспарды бекіту жұмыстарын жеделдету және оларды жергілікті жерлерде сапалы іске асыруды қамтамасыз ету;
- жердің одан әрі тозуын болдырмау үшін, оның ішінде біржылдық және көпжылдық дақылдарды егу арқылы жайылымдарды түбегейлі және үстірт жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу;
- жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет.
Сөз соңында назар аударар мәселе, Шардара ауданы бойынша 2022 жылы 13,4 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 13,4 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар 100 пайызға орындалған.
2023 жылға жоспар 40,0 мың гектар болып белгіленген. Осы ретте жұмыс тобы зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ауылдық округтерді жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен жайылым мәселесі шешілетін болады.
Жиын барысында хабарламашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар назарға алынатын болды.
Т.ЕСЕНБАЙҰЛЫ.
StockX’s powerful platform connects buyers and sellers of high-demand consumer goods
from around the world using dynamic pricing mechanics.
Replica Sneakers
balenciaga runner
jumpman
reps shoes
Replica Sneaker
Replica Sneakers
Replica Sneaker
michigan dunks
fake shoes
replica shoes
reps shoes
Replica Sneaker
fake shoes
balenciaga runner
rep shoes
balenciaga runner
balenciaga runner
fake shoes
rep shoes
Replica Sneakers
fake shoes
reps shoes
discountshoesmart
reps shoes
bred 4s
Replica Sneaker of043
Replica Sneaker,Fake Shoes sc476
Replica Sneakers for Men vf324
replica shoes,discountshoesmart pb462