Төлеби ауданының Қоғалы ауылдық округіне қарасты Диханкөл ауылындағы Науытсай магистралды каналында бүгінде құрылыс жұмыстары жүріп, канал қайта іске қосылды.
Аталмыш каналдың жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайды. Оның 5 шақырымы темір науалы болып келеді. Қалған 4 шақырымы — жер арықтар. Жалпы каналдың іргетасы 1936 жылы ауыл тұрғындарының асарлатуы арқылы пайда болған, сол уақыттан бер диқаншылыққа және мал шаруашылығына пайдасы тиіп келген Науытсай магистралды каналы 1992 жылы істен шыққан, содан бері қалыпты жөндеу жұмысын көрмеген. 2018-2019 жылы аталған канал «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы теңгеріміне өтіп, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Каналдың негізгі мақсаты — Диханкөл халқын ағын сумен қамтамасыз ету. Төлеби ауданы таулы аймақта орналасқандықтан, күзгі және көктемгі толассыз жауған жауын-шашынның әсерінен, қыр-жыралардан аққан лайқа топырақтар мен тастардан канал толып қалған. Сол себепті, 800 метр жері механикалық тазалаудан өткізілді. Су өткізу қабілеті — 300 л/сек. Диаметрі 219, ұзындығы 100 метрлік қатарлас жатқан 3 дана болат құбырды кесіп, ішіндегі тас пен топырақ тазаланды. Нәтижесінде, 1996 жылдан бері ағын сусыз отырған Диханкөл ауылындағы, 60 үй сумен қамтылып отыр. Сонымен қоса, канал арнасының бұзылған бірнеше жері қалпына келтірілді.
Төлеби ауданының ақсақалдарымен қоса ауыл тұрғындары өздерінің ризашылығын білдіріп, Түркістан өңірі басшылығына алғысын жеткізіп жатыр.
Барлық жерлердегі сияқты Төлеби ауданында да суармалы алқаптар «алтын қор» болып есептеледі. Өкінішке қарай, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап бұрынғы ағын су жүретін каналдар, арық-атыздар мүлдем тазаланбай, кей жерлерде оның бұрынғы орындары да жоқ болып кеткен еді. Әсіресе, ұжымшарлар мен кеңшарларға тиесілі танаптар жекешелендіру кезінде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, бұл мәселе мүлдем ұмыт қалған болатын. Арада ширек ғасырдай уақыт өткенде осы мақсатқа бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, каналдар мен үлкен арықтарды механикалық жолмен тазалау жұмыстары қолға алынды. Сырттан арнайы техника, алып экскаваторлар алдырылып, ортақ іске жұмылдырылды. Жұмыс күз айында басталып, көктемге дейін жүргізілді. Өзен аңғарлары кеңейтіліп, аудан бойынша бірнеше жерге тоған салынды. Айналасы қоршалып, су бөгеттерінің басына күзет қойылды. Ал, жаз маусымында бұл тазаланған каналдар егістік алқаптарын суаруға пайдаланылады. Жергілікті биліктің механикалық тазалау жұмыстарын жалғастырып келе жатқанына 5-6 жылдың жүзі болды.
Былтыр жалпы 22,3 шақырым болатын «Қыр», «Қошқарата», «Көксәйек», «Кент», «Таш», «Таш оң жақты», «Қара-Шора», «Аққұм» каналдары мен «Тағайна», «Леңгір» қашыртқылары механикалық тазалаудан өтті. Одан өзге, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Атбұлақ каналының 5 шақырым лай-ұйыққа толған жеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Кемеқалған ауылдық округінде құны 1 миллиард 123 миллион теңге болатын, жер көлемі 13 гектарды құрайтын, сыйымдылығы 1 040 мың текше метр «Қарақуыс» су қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылды. Ал, Ақбастау су тоғанының жобалық-сметалық құжаттамасы демеушілер есебінен әзірленуде. Тоғандар іске қосылған жағдайда суармалы жер көлемі 350 гектарға ұлғайып, Абай елді мекенінің үйіргелік жерлері ағын сумен толық қамтылады.
Айта өткен жөн, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, ағын су тапшылығының алдын алу бойынша өңірде тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Облыс аумағында 1200 шақырымды құрайтын 680 арық пен канал қоқыстан тазартылып, ұзындығы 952 шақырым болатын арналар механикалық тазартудан өткізілді.
Төлеби ауданы аграрлы аймақ болғандықтан, каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстары — жергілікті атқарушы органның назарында.
Осы мақсатта Кемеқалған ауылдық округіндегі Қарақуыс су қоймасының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Су айдынының сыйымдылығы – 1040 мың текше метр, жалпы аумағы 13 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 млрд. 123 млн. теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстары биыл басталады.
Былтыр Төлеби ауданындағы Қыр каналының жарамсыз қалған 6 дана лотогының орнына 11 метрлік құбыр орнатылды. Сонымен қатар, Атбұлақ, Озерный, Планировочный каналдары және Кент магистралды каналының 480 метр аумағы қалпына келтірілді. Тесіктас, Горный камень, Айналма және Блюскен-1 каналдары жөндеуден өтті.
Сондай-ақ, Көксәйек, Қасқасу, Қаратөбе, Қоғалы ауылдық округтеріне қарасты Жіңішке, 8-март, Көксәйек, Кент, Қара-Шора, Ұзын, Таш, Төңкеріс каналдарының 6,5 шақырымы, Науытсай, Жаманжар, Аққұм ішкі және Момынайтас каналдарының 12,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері аудан аумағында төтенше жағдайларды болдырмау бағытында өңір басшысының тарапынан жүктелген тапсырма негізінде ұзындығы 7 шақырымға жуық канал механикалық тазалаудан өтті. Су тораптары жабылып, 55 елді мекен бойынша 50 шақырымға жуық ішкі арық-атыздар тазартылды.
Су ресурсы – халықтың таусылмайтын өмірлік қазынасы болып саналса, ағын су — ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басты ресустарының бірі. Төлеби ауданы халқының негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саласы екенін ескерсек, ағын су тапшылығы елді алаңдатып отырған ең өзекті мәселелердің бірі .
Ауыл жағдайымен жақсы таныс облыс басшылығы күрделі жөндеуді қажет ететін 5 каналдың жобасын қаржыландыру мәселесін шешу арқылы 1100 гектар жерді жақсартуға (Айналма-Киелітас, Таш-қайнар, Қызыл ұзын-Қорған, Таш оң жақты-Тасарық, Р-3А-Оңтүстік); «Ақбастау» және «Қарақуыс» су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, қаржыландыру мәселесін шешуге; ауылдық округтер аумағындағы жайылымдар мен егістік жерлерді өзгерту арқылы суармалы жерді қосымша 700 гектарға дейін ұлғайтуға (9754 қолда бары) күш салып жатыр.
Атап айтар болсақ, 2021 жылы 22,3 шақырым канал қашыртқылар («Қыр, «Қошқарата», «Көксәйек», «Кент», «Таш», «Таш оң жақты», «Қара-Шора», «Аққұм» каналдарымен «Тағайна», «Ленгір» қашыртқысы жалпы 8 канал мен 2 қашыртқы механикалық тазаланып, «Ленгерка» өзенінің 2,0 шақырым жері механикалық тазалаудан өтті) механикалық тазаланып, қазылды. Одан өзге, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Атбұлақ каналының 5,0 шақырым лай-ұйыққа толған жеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Кемеқалған ауыл округінде құны 1 миллиард 123 миллион теңге болатын, жер көлемі 13 гектарды құрайтын, сыйымдылығы 1040 мың м3. «Қарақуыс» су қоймасының жоба-сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылды.
Сонымен қатар, Кемеқалған ауыл округінде Ақбастау су тоғанының жоба-сметалық құжаттамасы демеушілер есебінен әзірленді.
Нәтижесінде тоғандар іске қосылған жағдайда суармалы жер көлемі 350 гектарға ұлғайып, Абай елді мекенінің үй іргелік жерлері ағын толық сумен қамтылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.