Түркістан облысы: Келес ауданында ветеринария саласын дамыту бағыты талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарды ширатуға, соның ішінде мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Берілген тапсырма шеңберінде арнайы құрылған жұмыс тобы төрағасының орынбасары, облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғани Құрманбай Келес ауданына келді. Жұмыс тобы төрағасының орынбасары Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен кездесіп, бірқатар мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Келес ауданындағы мал басын сәйкестендіру, ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу, өңірдегі ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы және ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы сынды мәселелер сөз болды. Қос тарап алдағы уақытта бірлескен ісшараларды атқара отырып, жоспарлы жұмыстарды нәтижелі аяқтауға уағдаласты.

Атап өтер жайт, елімізде ветеринария жүйесін реформалау жалғастырылды. Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне толық сенімді бақылау қамтамасыз етіледі. Ол үшін «VET-MOBILE» жаңа мобильді қосымшасы енгізілді, ол интернетсіз офлайн режимде жұмыс істейді. Әрі барлық жүргізілген манипуляциялардың нақты геолокациясын көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою, есептен шығару, вакцинация, диагностика бойынша деректерді енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық өнімін өткізудің жаңа нарықтарын ашу және экспортты дамыту үшін ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтер жеткізушілердің шетелдік тізілімдеріндегі қазақстандық кәсіпорындардың тізбесін кеңейту үшін қажетті талаптарды келісу бойынша жоспарлы жұмыс арқылы импорттаушы елдер қоятын әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталатын болады», — дейді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Мемлекет басшысының ветеринария жұмысын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық  қызметке талдау және аудит жүргізген. Нәтижесінде ветеринария саласын жетілдіру бойынша нақты шаралар әзірленгеніп, депутаттардың ұсынысымен, ветеринарияға қатысты жаңа заң жобасы дайындалған.

Онда мал шаруашылығында орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктерді  бөлу мәселесі, процестертді цифрландыру, кадрлар дайындау, мамандардың біліктілігін арттыру, деректерді жинау, ветеринария саласындағы мамандардың жалақысын артыру сынды мәселелер түгел қамтылған.  Мамандар бұл заң жобасы ветринария жүйесін реформалауға септесетініне сенеді.

Ауыл шаруашлығы миистрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев цифрландыру жұмысы оңтайлы жүргізіліп жатқанын, пилоттық режмде іске қосылған қосымша тиімділігін дәлелдегенін айтты.

«Жануарларды тіркеу үшін мал иелеріне арналған мобильді қосымшаға көшу жұмыстары, одан кейін ветеринарды жұмысқа ынталандыру үшін де бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың мал басын тіркеу жұмыстарын оңай жүргізуіне, ветеринариялық паспорт беру қызметін жеңілдетуге көмектеседі. Сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді алу, малды сою, сату процестері туралы ақпарат енгізіліп, жануарлар мен иелеріне қатысты қате жіберлімейтін болады»,  — дейді Асқар Жақыпбаев.

Министрлік өкілі сонымен бергі «Vetlab» цифрлы модулі де іске қосылғанын, 2022 жылдан бері бұл жүйе арқылы 21.4 миллион лабораториялық зерттеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

Кадр тапшылығын қалай шешілмек? Ал кадр дайындау мәселесіне келсек, министрлік тарапынан аграрлы ЖОО-на ветеринарияға қатысты қойылатын талап міндеттер бекітіліп, білім беру бағдарламалары жаңартылған. Бұл бағдарламаларды жасауда жұмыс берушілердің ветеринарға қойылатын талап, мүдделері түгел ескерілгенін айтады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласына қатысты мамандықтарға берілетін ауылдық  квота  мөлшері 30 пайыздан, 35 пайызға артқан. Бұл орайда гранттар көбейген. Бұрын 825 грант бөлінсе, биыл 925 грантқа көбейген. 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда ветеринария саласы мамандарының жалақысы да 50 пайызға өскен. Мәселен, жоғары білімді ветеринардың жалақысы 2023 жылы 145-282 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 145-151 мың төңірегіндегі төмен мөлшердегі жалақы Шымкент пен Қызылорда өңірлерінде тіркелген. Ал елдің 12 өңірінде жалақы 200 мыңнан жоғары.

Сондай-ақ, бұған дейін қауіпті індет ошақтарында жұмыс істейтін мамандарға сауықтыруға деп ақша төленбейтін болған. 2023 жылдың 1 қаңтарында заңнамаға нормативтік өзгерістер енгізіліп, енді аса қауіпті ауру ошақтарында жұмыс істейтін мамандарға қосымша төлемақы бөлінді. Сондай-ақ ветеринарлар өмірін қатерге тіккені үшін сауықтыруға екі жалақы мөлшерінде төлемақы алады. Жалпы, ветеринар мамандардың жалақысын көтеріп, әлеуметтік жағдайын оңтайланлыру үшін мемлекеттік бюджеттен 9,2 млрд  теңге арнайы бөлінген екен. Бұл қаражат еліміздегі 12 мың маманға төленіп жатыр.

«Қазіргі таңда кадр тапшылығы бар. Бұл мәселені ешқашан жасырған емеспіз. Бізге негізінде республика бойынша 13 мың маман керек. Бірақ бұл бос орындар жыл аяғына дейін мамандармен толығады деп сенеміз.  Бұрын жалақы төмен болған. Сонымен бірге жастар ауылға барғысы келмейді. Десе де, өткен жылы, биыл да жалақы көтерілгелі, жағдай реттеліп қалғаны байқалады. Заң жобасы қабылданғалы, мал дәрігерлерінің жалақысы көтеріліп, бұл салаға қызығушылық арта түсуде» — дейді Асқар Жақыпбаев.

Ал Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының бас маманы Бақыт Насырханова бөлінген гранттар кадр тапшылығы мәселесін шешуге еш көмектеспейтінін айтады. Себебі, осы оқу жылына бөлінген гранттың 50 пайызы игерілмеген.

«Былтыр грант көбейді. Бірақ бұл жерде бір түйткіл бар. Мәселен, мамандар ауылға барады. Бірақ біраздан соң, қайтып келіп жатыр. Неге? Себебі, ол жерде жағдай жоқ. Инфраструктура жоқ. Балабақша, мектеп мәселесі де қиын. Сол себепті де, жаңағы маман қайтып келіп, мемлекет грантына бөлінген қаражатты өтеуге мәжбүр. Ал жекеменшік  шаруашылықтар жұмысқа өз адамын алады. Мәселен, 925 гранттың 574-і игерілмей қалды. Өйткені ветеринария саласына қызығушылық жоқ», — дейді Бақыт Насырханова.

Маман жергілікті атқару органдары дұрыс жұмыс істеуі керек деп санайды. Өйткені «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен барған маманға да жағдай жасалмайтынын айтады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы өте нашар жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бойынша ақша бөлінгенімен, оны жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Олардың тарапынан, жұмыс өте нашар орындалады. Аз қамтылады. Студенттер барғанын, ауылда арлы-берлі жүріп, не жұмыс берілместен, не жағдай жасалмастан қайтып келгендерін айтады.

«Серпін» бағдарламасымен 72 грант бөлінді. Бірақ бірде-бір маман бұл бағдарламамен ауылға бармады. Бұл мәселені кешенді шешу керек. Бюрократия! Қағазбастылық! Барлық жерде емес. Кей обылстар мамандарды жақсы қабылдап, бізге маман қажет екенін айтып, сұраныс жіберіп жатады. Енді бір өңірлер мүлде жұмыспен қамтымайды» — деп қынжылады маман.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзіне сенсек, қазіргі уақытта республиканың АӨК жалпы өнімінің шамамен 40%-ы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі. Талдау нәтижелері саланың тұрақты қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетіп отыр. Малдың барлық түрі тұрақты өсуде. 2022 жылдың өзінде ірі қара мал саны 4,2%-ға, қой 4,8%-ға, жылқы 10,5%-ға, түйе 6,5%-ға, құс саны 4%-ға өсті.

Сонымен қатар мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері де өсуде. Атап айтқанда, сауылған сүт мөлшері 4,7%-ға, сондай-ақ сойылған қой салмағы 8,6%-ға, тауықтардың жұмыртқа әкелу көрсеткіші 17,2%-ға өсті. Жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 0,9%-ға, ал осы жылдың 5 айында 3,6%-ға ұлғайды.

Қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік берді. Өткен жылы инвестиция көлемі 67%-ға артып, 117,5 млрд теңгеге жеткен. Барлығы 102 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, инвестициялардың ең көп көлемі тауарлы-сүт фермаларының құрылысына салынған. Мәселен, 2022 жылы қуаты 52,4 мың тоннаны құрайтын 36 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Сонымен қатар жалпы қуаты жылына 41,9 мың тонна құс етін құрайтын 7 құс фабрикасы пайдалануға берілді.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде өндірістік қуаты жылына 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 тауарлы-сүт фермасын құру жоспарланып отыр, бұл республиканың импортқа тәуелділігін 39%-дан 11%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында мал шаруашылығын субсидиялау тетігін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бақылаушы органдардың ескертулері назарға алынып, субсидиялау қағидаларынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар нормалар алып тасталды. Сонымен қатар ветеринария жүйесін реформалау жұмыстары жүргізілуде.

Мал шаруашылығы — Қазақстан үшін ауыл шаруашылығының негізгі және дәстүрлі салаларының бірі. Сондықтан мемлекет тарапынан салаға елеулі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, мал басын және мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайту үшін биыл 108 млрд. теңге бөлініп отыр.

«Бұл шаралар мал басы мен құс санының өсуіне, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне оң әсерін тигізеді. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша осы салаға құйылған инвестициялар көлемі 67%-ға өсті», — дейді премьер-министр Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының айтуынша, мал шаруашылығы саласының әлеуметтік маңызы бар бірқатар өнімі бойынша импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендеді. Мәселен, импорт сүт өндірісі бойынша 45%-дан 39%-ға дейін, құс етінің өндірісі бойынша 51%-дан 32%-ға дейін төмендеді. 

Оған қоса мал шаруашылығы өніміндегі отандық өндірістің үлесін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар проблемалық мәселені шешу қажет. Мысалы, жемшөп өндірісі бойынша.

Үкімет басшысының айтуынша, ауыспалы егістегі, бірінші кезекте суармалы жерлердегі жемшөп дақылдарының үлесін кеңейту жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Сондай-ақ Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының желісі бойынша Қазақстан ұзақ уақыт бойы аусылдан таза мәртебесін ала алмай жүр.

«Бұл жұмысты биылғы мамыр айында аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ ол уақытылы жүргізілмеді. Сондықтан халықаралық ұйымнан мақұлдау алынған жоқ. Бұл отандық мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу географиясын кеңейтуге, оны өндіруді ынталандыруға мүмкіндік бермейді», — деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-Министрдің сөзінше, бұл – ветеринарлық қызметтің әлсіз жұмысының дәлелі.

«Халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, оның қызметін қайта қарау қажет», — деді Үкімет басшысы. 

Оның айтуынша, сала көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі бойынша да сұрақтар бар. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ақпараты бойынша ресми дереккөздердегі мәліметтерде орта есеппен 20%-ға алшақтық бар. 

«Дәл осы мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы санағы жүргізілуі керек», — деді Әлихан Смайылов. 

Жалпы, Түркістан облысында 1976 ветеринар бар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, ветеринарларды жан-жақты қолдау, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жанданды. Жұмыстар нәтижесінде тұңғыш рет өңірдің қызметте үздік әрі белсенді ветеринарлары кәсіподақ тарапынан ұсынылған 50 пайыз жеңілдікпен Сарыағаштағы шипажайға емделуге жіберіліп жатыр. «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Сарыағаш» шипажайы арасында келісімшарт жасалған. Бұл бастаманы ветеринарлар жылы қабылдады. Жауапты да, қиын салада қызмет ететін азаматтардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасады. «Облыс басшылығының қолдауымен ветеринария саласын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы дамыған өңіріміз үшін бұл саланың маңызы өте зор. Оған қоса, біздің мамандар жұқпалы, жұқпалы емес аурулардың алдын алу үшін үй жануарларына, төрт түлікке вакцина салу, қан алу, ит аулау, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын атқарады. Қауіпті инфекциялармен бетпе-бет кездеседі. Сондықтан қолдау көрсету маңызды. Облыста 2 мыңға жуық маманымыз, 17 филиалымыз бар. Жұмыстар жоспарға сай атқарылып жатыр», – дейді сала мамандары. Былтыр облыстағы ветеринарлардың жалақысы 25 пайызға көтерілді. Биыл да жалақыны көтеру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Мамандарға қажетті дәрі-дәрмектер, арнайы киімдер де жеткілікті. Өңірде Ветеринария басқармасы құрылды. Тағы бір айта кетерлігі, еліміз бойынша алғаш рет Түркістан облысында ветеринария саласының өкілдеріне арналып, арнайы ән жазылды. Әннің авторы – Жақсылықов Нұрсұлтан, сөзін жазған – Баянбай Ахметрасул. Мұрат Менлібаев шырқаған ән бүгінде сала мамандары арасында оң бағаға ие болып отыр.

Түркістан облысы мал шаруашылығын дамытуда жеткен жетістіктері көп. Мал басын көбейту, мал басын асылдандыру жұмыстары жанданып келеді. Мал шаруашылығын дамыту үшін ветеринария саласының қосар үлесі де қомақты. Асыл тұқымды мал басының өлім жітімі көбеймесі үшін бүгінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жуырда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен «Облыстағы энзоотиялық іс-шаралардың атқарылуы және ветеринария саласы бойынша өзекті мәселелері» жөнінде мәжіліс өткізілді.

«Энзоотиялық» іс-шараларды «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-н жүргізуде, бұл іс-шараны атқаруда 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөлігі және 1552 маман жұмылдырылып, мамандар арнайы қорғаныс киімдермен қамтамасыз етілген (372 дана ранцтік аппарат, 1552 дана арнайы киім, 9312 дана респиратор, 3104 дана көзілдірік, 1 552 дана етік, 7 760 дана қолғап, 17 дана мотопомпа, 17 дана су бүріккіш техникалар). Энзоотиялық іс-шараларды жүргізу жұмыстары бойынша инсектоакарицидті дәрі дәрмектерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 410,3 млн. теңге бөлінді және жануарларды, үй іргелік қоражайлармен жапсарлас аумақтарды, суаттарды, мал иірімдерін залалсыздандыру еңбек ақысына 482,6 млн. теңге бөлінді. Көктемгі энзоотиялық аурулардың алдын алу үшін, залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 27 наурызнан басталып, бүгінгі таңда бүрку ірі малдар 251 683 бас (17%), тоғыту ұсақ малдар 416 421 бас (8,7%) үй іргелік қора жайлар мен жапсарлас аумағы 23053169 ш/м (62%) дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, мал иірімдерін, суаттарын, жайылымдарын 14593134 ш/м (100%) залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Құтыру ауруының алдын алу және таралу жолдарын болдырмау мақсатында қаңғыбас ит, мысықтарды аулауға бюджеттен 54,8 млн. тг. бөлініп, бүгінгі күнге жоспарға сәйкес, 20 516 бас ауланып жансыздандырылды. ҚР Ветеринария туралы Заңына сәйкес, «елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру» және ҚР жергілікті өзін-өзі басқару Заңына сәйкес, статистикалық деректемелер қалыптастыру ауыл округ әкімдерінің құзыретіне берілген. ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, аудан, қаланың түрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөліміне бірыңғай бюджеттік сыныптамасына 056 «Үй жануарларына арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттерін салу» бюджеттік бағдарламасы енгізілген.  

Бұдан бөлек, ҚР Ветеринария Заңына сәйкес, аудандық ветеринариялық ұйымды ауыл округтеріндегі ветеринариялық бекеттерді қызметтік ғимараттармен қамтамасыз ету — аудан, қала әкімдігінің құзіретінде. ҚР Ветеринария туралы Заңына сәйкес, ауыл округ әкімдері тарапынан механикалық тазалауды ұйымдастыру; Ауыл әкімдері жүргізетін шаруашылық есепке алу кітабын жүргізу және мерзімінде жаңартып отыру; ҚР Қаржы министрінің «Біріңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» №403 бұйрығына сәйкес, қараусыз қалған жануарларға панажай салуды ұйымдастыру; ҚР Ветеринария Заңына сәйкес, аудандық ветеринариялық ұйымды ауыл округтеріндегі ветеринариялық бекеттерді қызметтік ғимараттармен қамтамасыз ету; Облыс бойынша құжаттандырылмаған 34 дана сібір жарасы ошақтары жер телімдерін заңдастыру — облыс әкімінің назарында.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.