Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының әкімі су шаруашылығы мамандарымен кеңес өткізді

Бүгін Сарыағаш ауданының басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының тұрғындарымен көтерілген өзекті мәселелерді шешу жолдарын нақтылау мақсатында арнайы жұмысшы топпен барды.

Тұрғындармен кездесу барысында су шаруашылығы мамандарымен кеңесе отырып, су сызаттарын тоқтату мәселесі талқыланды. Өз кезегінде, құбырлы дренаж жүйесін салу және су қашыртқысын механикалық тазалау бойынша шешім қабылданды. Осы орайда, аудан басшысы Арман Абдуллаев жоғарыдағы мәселелерді шешуге байланысты, сметалық құжаттарды әзірлеу жөнінде жауапты мекеме басшыларына тапсырма берді. Тұрғындардың әрбір мәселесі — аудан басшысының назарында.

Су шаруашылығы демекші, Сарыағаш ауданының су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Сарыағаш ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны — 329 дана, ұзындығы — 2232,7 шақырым, оның ішінде каналдар — 168 бірлік, ұзындығы — 1401,7 шақырым және қашыртқылар — 161 бірлік, ұзындығы — 831 шақырым. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы 27,6 мың гектар көлеміндегі суармалы жерлер сумен қамтамасыз етіледі. Сарыағаш ауданы арқылы 3 ірі және кіші (Сырдария, Келес және Құркелес) өзендері ағып өтеді. Келес өзенінің ұзындығы 241 шақырымды құрайды, ол Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары келіп құйылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.