Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жатқан жайылым жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын. Бұл мәселе бойынша Отырар ауданында қандай шаралар қолға алынып жатыр? Бірге зер салып көрейік.
Түркістан облысы – аграрлы аймақ. Өңірлердегі тұрғындардың көбі егін егіп, мал ұстайды. Бірақ ұшы-қиырына көз жетпейтін кең-байтақ далада мал жаятын жердің жоқтығы – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Қазір қай ауылға барсаң да, тұрғындар: «Мал бар, жайылым жоқ, жердің бәрі жекеменшікке өтіп кеткен», – деп зар илейді. Ауылдарда егістікті былай қойып, малды тұяғы жеткен жерге дейін жаю тұрғындар үшін мұңға айналған.
Шыны керек, ауыл адамдарының көбі малдың арқасында күнелтіп отыр. Жер жекеменшікке өткеннің салдарынан жайылымдық жер аз, жемшөп құны қымбат. Сондықтан, Отырар ауданы жұртшылығын Жолдауда ауыл шаруашылығына байланысты атап көрсетілген мәселелер айрықша назар аудартты. Аудандағы пайдаланылмай жатқан жерлер, жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын Отырар ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрдәулет Әсілбайұлы Бабашовтан сұрап-білдік.
«Ең алдымен Отырар ауданы бойынша 2022-2023 жылдар аралығында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару барысы туралы айтып өтейін» — деп бастады әңгімесін Нұрдәулет Әсілбайұлы.
«Ауданымыздың жалпы жер көлемі: | — | 1 675 743 гектар; |
Оның ішінде: | — | |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: | — | 640 109 гектар; |
Суармалы: | — | 43 492 гектар; |
Жайылым: | — | 594 890 гектар; |
Шабындық: | — | 1 294 гектар; |
көп жылдық екпелер: | — | 433 гектар; |
Елді мекен жері:
(оның ішінде: 37 елді мекен бойынша ортақ жайылымы): |
— | 56 672 гектар;
50 593 гектар; |
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер: | — | 7 450 гектар; |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреакциялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер: | — | 34 149 гектар; |
Орман қорының жері: | — | 827 473 гектар; |
Су қорының жері: | — | 10 013 гектар; |
Арнайы жер қоры: | — | 124 688 гектар; |
Суармалы: | — | 4 109 гектар; |
Жайылым: | — | 77 806 гектар; |
Шабындық: | — | 1 609 гектар; |
Басқа да жерлер: | — | 41 164 гектар. |
ҚР Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы және ҚР Премьер Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбай жатқан немесе заңсыз пайдаланып жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бағытында Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан Отырар ауданы бойынша 2022 жылы 75,5 мың гектар жерді қайтару жоспары бекітілген болатын» — деп, жер қатынастары бөлімінің басшысы бірқатар деректер мен дәйектерді алға тартты.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан елді мекеннің ортақ мал жайылымына 157,1 мың гектар (оның ішінде жер қайтару – 67,5 мың гектар, ірі жер пайдаланушы шаруалармен меморандум түзу арқылы – 90,4 мың гектар) жерлерді қосу жоспарлаған екен. Нәтижесінде есептік жыл ішінде 79,1 мың гектар (4142,42 гектар суармалы, 74708,69 гектар жайылым, 204,17 гектар шабындық) жерлердің қаулыларының күші жойылып, жоспар 105%-ға орындалыпты. Мұны төменде кесте түрінде назарларыңызға ұсынып отырмыз.
№ | Ауыл округі атауы | Агро құрылым саны | Жалпы жер көлемі, гектар | Оның ішінде | ||
суармалы | жайылым | шабындық | ||||
1 | Көксарай | 48 | 21611,41 | 1455,49 | 20076,13 | 79,79 |
2 | Қарғалы | 29 | 3963,9 | 300,67 | 3634,33 | 28,9 |
3 | Ақтөбе | 38 | 13317,69 | 536,79 | 12726,43 | 54,47 |
4 | Қарақоңыр | 41 | 20293,64 | 595,52 | 19695,71 | 2,41 |
5 | Балтакөл | 18 | 1121,57 | 109,58 | 1010,34 | 1,65 |
6 | Аққұм | 17 | 1347,39 | 248,94 | 1098,45 | |
7 | Отырар | 10 | 289,08 | 62,52 | 226,31 | 0,25 |
8 | Талапты | 31 | 8736,9 | 222,9 | 8514 | |
9 | Маяқұм | 47 | 8373,7 | 610,01 | 7726,99 | 36,7 |
Барлығы | 279 | 79055,28 | 4142,42 | 74708,69 | 204,17 |
Н.Бабашовтың сөзіне сенсек, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның космостық мониторингі бағдарламасымен 171 жер пайдаланушыларға 92 812,2 гектар (департамент мәліметіне сәйкес) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді игерілмегендігі туралы акт түзіліп, шара көру үшін жер ресурстары департаментіне ақпараттық жүйе арқылы жолданып, департамент тарапынан жер заңнамасы талаптарын орындау жөнінде нұсқау берілген. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін мақсатына сай игермеген агроқұрылымдардың 162 703,81 гектар (8191,7 гектар суармалы, 154 512,11 гектар жайылым) жерлерінің тізімі ҚР Жер Кодексінің 92, 94 баптарына сәйкес Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданған.
№ | Ауыл округі атауы | Жалпы жайылым жер көлемі, гектар | Бүгінгі таңда ортақ жайылым жер көлемі, гектар | Ірі агроқұрылымдар-мен екі жақты меморандумға отырған жерлердің көлемі, гектар | 2022 жылы ТО жер ресурстарын басқару департаментіне қайтаруға берілген жер көлемі, гектар | |
жайылым | суармалы | |||||
1 | Аққұм | 28 565 | 1002 | 14 407,8 | 9479,8 | 5591,7 |
2 | Ақтөбе | 20 712 | 2458 | 6 093 | 8 367,8 | |
3 | Балтакөл | 31 005 | 3043 | 12 068,9 | 12 589,8 | 2600 |
4 | Көксарай | 208 679 | 7990 | 15 560 | 51786,7 | |
5 | Қарғалы | 55 814 | 3786 | 5193,6 | 17 114,6 | |
6 | Қоғам | 4 279,5 | 3084 | 3 099 | 478 | |
7 | Қарақоңыр | 106 759 | 4236 | 16195 | 25160,2 | |
8 | Маяқұм | 100 534 | 6819 | 13592,2 | 17416,7 | |
9 | Отырар | 8 729,4 | 1918 | 1 736,2 | 3532,4 | |
10 | Талапты | 8 009,4 | 2000 | 1 822,1 | 3680,9 | |
11 | Шілік | 23 517 | 5717 | 4 434,2 | 4904,9 | |
12 | Шәуілдір | — | 3210 | — | ||
13 | Темір | — | 5330 | — | ||
Барлығы | 594 890 | 50 593 | 94 200 | 154 512,11 | 8 191,7 |
Отырар ауданы бойынша мемлекеттен жалға алынған ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік мақсаттарына және жеке тұрғын үй құрылысына берілген жерлерді тиімді пайдалануына мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне «Қазақстан Ғарыш Сапары» жүйесі бойынша жер учаскелерін түгендеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің 2022 жылғы 10 тамыздағы №109 өкімімен жұмыс тобы құрылған.
Отырар ауданының әкімі Сәкен Асылханұлы Сұлтанхановтың ауыл округтерде халықпен кездесуде көтерілген жер саласына қатысты мәселелерге жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Қарақоңыр ауыл округі бойынша 3 жер пайдаланушы 952 гектар жайылым жер учаскелерін бір түрден екінші түрге ауыстырмай егін егу мақсатында жер телімін заңсыз бүлдіргендігі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (ИСЖ) ақпараттық жүйесінде сол жер телімі бойынша мал басы тіркелмегендігі анықтаған.
Ауыл округі әкімі аппаратының мамандарыммен бірлесіп акт (фото) түзіліп, жер телімдеріне келтірген залалдарына баға беру және заң талабына сәйкес тиісті шара көру үшін Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.
Сонымен қатар, Аққұм ауыл округі бойынша «KAZINA-2030» ЖШС, «Бегімхан-Ата», «Отырар өнімдері» ЖШС, «Оазис-S» ЖШС, «КАРОЙ» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «Болашақ-7» ЖШС, «НИК-1» ЖШС, «Нұрсұлтан-92» ЖШС-ларға берілген ауыл шаруашылығы жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес игерілмегендігі туралы ауыл округі әкімі аппаратының мамандары мен ауыл тұрғындарының қатысуымен акт (фото) түзіліп, көрсетілген 9 агро құрылымның пайдалануындағы 874,8 гектар суармалы және 12 216 гектар жайылымдық жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбауына байланысты Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 147-148-ші баптарына сәйкес тиісті шара қолдануға облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне 2023 жылғы 3 мамырдағы 229-57/2-25/623 хатымен жолданып, департамент тарапынан жер пайдаланушыларға тексеру жүргізуге хабарлама берілген.
Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға енгізілген жоспар 30,0 мың гектар жерді халықтың ортақ жайлымына айналдыру тапсырылған.
Алғашқы тоқсанның қорытындысына сәйкес 2900 гектар жер учаскелеріне берілген шешімдердің күші жойылды.
Жалпы, Отырар ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 640 109 гектарды құраса, оның ішінде: суармалы жерлер — 43492 гектар; жайылымдық жерлер — 594 890 гектар; шабындық жерлер — 1294 гектар, көп жылдық екпелер 433 гектар болып отыр. 2022 жылы ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде мақсатына сай пайдаланылмаған 79,1 мың гектар (оның ішінде: 4142,0 гектар — суармалы, 74708,0 гектар — жайылым, шабындық — 204 гектар) жерге шығарылған қаулылардың күші жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылған.
Қазіргі таңда аудан көлемінде жалпы қолда ұсталатын мал басының саны артуына байланысты елді мекендерде 317 189 гектар ортақ мал жайылым жерлерге қажеттілік туындап отыр. Қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 140,0 мың гектар, 2024 жылы 89,1 мың гектар, 2025 жылы 90,2 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылымына беру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 67,5 мың гектарды құрады.
Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 гектар (оның ішінде: суармалы — 8191,7 гектар, жайылым — 154 512,11 гектар) жерлері анықталып, тізімі 2022 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданды.
Биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 94 200 гектар жайылымдық жерлер ортақ жайылымға пайдалану үшін келісім жасалды (2022 жылға жоспар 90,7 мың гектар болған).
Қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың гектар ортақ мал жайылым жерлер бар.
2022 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 30,0 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарлануда.
Орайы келгенде айта өтейік, Отырар ауданының Даму жоспарына сай 2025 жылға дейін егіс көлемін 40 000 гектарға ұлғайтып, жалпы аудандағы суармалы жердің 95,2 пайызын игеру жоспарланып отыр. Негізінен қайта айналымға қосылатын жерлерге жүгері жоңышқа дақылдарымен қатар аудандағы соңғы жылдардағы ағын су тапшылығын ескере отырып күздік бидай (2022 жылы егілгені 300 гектар болса, 2025 жылға 2600 гектарға жеткізу) егуге басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсіліне көшуді қолға алып 2025 жылға 4100 гектарға жуық алқапқа осы техналогияларды пайдаланатын болады. Нәтижиесінде 2025 жылға жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 50,0 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Жоғарыда аталған егіс көлемдерін игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, жоспарға енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 11 текше метр/секунд су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп, топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар республикалық бюджеттен, Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жүргізілетін болады.
Сонымен қатар бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып 11 ауылдық округтегі ағын су нысандарын аралап, зерделей отырып 2025 жылға дейін негізгі деп саналатын 8 каналға күрделі және 37 каналды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізілді (аудан бойынша 118 канал). Аталған барлық су нысандары республикалық «Қазсушар» мекемесіне тиесілі. 2025 жылға дейін жалпы болжамды қажетті қаржы көлемі 11,2 миллиард теңгені құрайды.
Атап өтер жайт, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында 5 миллион гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған-ды. Осыған байланысты биыл қаңтар айының 17-сіндегі ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қазақстандықтарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету шаралары талқыланған болатын. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндама жасаған-ды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, ҚР Жер балансына сәйкес жайылымдық жерлер 183,4 миллион гектарды құрайды, оның ішінде:
– 82,4 миллион гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
– 63,9 миллион гектар босалқы жерлер;
– 21,2 миллион гектар елді мекендерге іргелес жерлер;
– 15,9 миллион гектар басқа санаттағы жерлер (орман қоры, ерекше қорғалатын табиғат аумағы, өнеркәсіп жерлері).
Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген талдау мен әкімдіктердің деректеріне сәйкес, жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жайылатын 5,7 миллион шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормативтері бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жайылым қажет.
Бұл көбінесе жеке қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы жануарлары санының айтарлықтай өсуіне байланысты. Мысалы, соңғы 10 жылда тек ірі қара мал басы 7,7%-ға өсті. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары сияқты өңірлерде мал басының өсу қарқыны шамамен 16%-ды құрады. Сонымен қатар ұйымдасқан шаруашылықтарда 5,9 миллион шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар, яғни жайылымдардың есептік резерві 30,4 миллион гектарды құрауы мүмкін.
Республиканың 17 облысының ішінен жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы үшін 15 облыста жайылымдардың тапшылығы байқалады, әсіресе, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында.
«Жайылымдардың жетіспеушілігі орын алып отырған уақытта елдің жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану мәселелері бірінші орында тұруы тиіс. Осыған байланысты, өткен жылы мемлекетке 5,2 миллион гектар пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 1,85 миллион гектар алаңда өздерінің ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті. Аталған көрсеткіштер 2021 жылмен салыстырғанда 10 есе көп», — деді Е. Қарашөкеев.
Ведомство басшысы осы жұмыстың маңызды аспектісі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 9 тамыздағы жер қатынастары саласындағы тексерулерге мораторийді алып тастауы, сондай-ақ жерлерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жетілдірудегі жұмыстар екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының 2023 жылдың соңына дейін қосымша 5 миллион гектар пайдаланылмайтын жерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті.
Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ғарыштық мониторинг деректері негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша 2023 жылға арналған жоспарды әзірледі және осы жоспарды аудандар бөлінісінде облыстар бекітті.
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осыы жылдың 16 қаңтарында мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы jerkarta.gharysh.kz геосервисті әзірлеп, іске қосты. Осылайша, жалпыға қолжетімді интерактивті карта азаматтардың ауыл шаруашылығы жерлеріне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдарға өтініш берулеріне бағдар болады. Және де жылдар бойы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысу үшін тұрғындарды қажетті учаскелермен қамтамасыз етуге негіз болады.
Сонымен қатар интерактивті картаны енгізу айтарлықтай дәрежеде әлеуметтік әсер береді, жер учаскелеріне қатысты алаяқтық процестерді азайтады және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша мемлекеттік аппараттың жүргізіп жатқан жұмысына халықтың бағасын алуға оң әсер етеді деп күтілуде.
«Жергілікті халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында кешенді шаралар қабылдау қажет. Бүгінгі таңда жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге деген немқұрайлықтарынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 миллион гектардан асады, оның 29,3 миллион гектары іс жүзінде эрозияға ұшыраған және одан әрі пайдалануға жарамсыз. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп жердің одан әрі тозуын болдырмау, әсіресе елді мекендердің маңындағы жемшөп алқаптарын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде», — деді Е. Қарашөкеев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдан бастап 205,4 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүргізілді, бұл республиканың 272,5 миллион гектар аумағының 75%-ын құрады. Цифрлық ауыл шаруашылығы картасы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлерін қамтиды, контурлар, жол желісі, гидрография, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтермен толтырылып, жергілікті халықтың жайылымдарға байланысты проблемалық мәселелерін шешу үшін жерлердің жемшөп сыйымдылығы туралы ақпаратты қамтитын болады.
«Қажетті ақпарат көлемі бар цифрлық ауыл шаруашылығы картасы 2024 жылдың соңында аяқталады және ауыл шаруашылығы жерлерін одан әрі қайта бөлуге мониторинг жүргізу үшін негіз болады», — дейді Ауыл шаруашылығы министрі.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жайылымдармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы шеңберінде ұйымдасқан шаруашылықтардың жүктелмеген жайылымдарын қайта бөлуге бағытталған 1 немесе 2 жыл мерзімге Жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларды әзірлеуде және бекітеді.
Бүгінгі таңда жоспарланған 188 Жайылымды басқару жоспарының 148-нің күші бар. Осылайша, қазіргі уақытта Жайылымдарды басқару бойынша 40 жоспардың мерзімі аяқталып, оларды қайта бекіту бойынша әкімдіктермен жұмыстар жүргізілуде.
Халықты жеке ауладағы жайылымдық жерлермен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар мынадай шаралар қабылдады:
- іргелес жатқан босалқы жерлерді елді мекендердің жерлеріне қосу арқылы жалпы алаңы 421,2 мың гектар елді мекендердің шекаралары кеңейтілді;
- босалқы жерлерден 2,4 миллион гектар жергілікті халыққа қайта бөлінді;
- 22,7 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын жайылымға трансформациялау жүзеге асырылды;
- 325,5 мың гектар халықтың жайылымдардағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алып қойылды;
- 1,2 миллион гектар жер резервке қойылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі Заң жобасы әзірленді, ол ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралып, ағымдағы жылдың 18 қаңтарында екінші оқылымға шығарылды.
Заң жобасы бірқатар елеулі түзетулер енгізуді көздейді, мәселен:
– жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту;
– меншігінде жайылымдық және шабындық алқаптары бар адамдардың елді мекендердің жерлерінде заңсыз шөп шабу және мал жаюы мәселесі бойынша жауапкершіліктерін белгілеуі және т. б.
Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі осы түзетулерді осыжылдың 1 жарты жылдығына дейін қабылдау үшін барынша күш салуда.
Жалпы республика бойынша ауыл тұрғындарының мал басын жайылымдармен қамтамасыз етуде оң динамика байқалады.
Соңғы 2 жылда прокуратура органдарымен және әкімдіктермен бірлесіп атқарылған шаралар, жергілікті тұрғындардың жайылым тапшылығын 8,9 миллион гектарға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрінің пікірінше, әкімдіктерге:
- осы бағыттағы жұмысты күшейту және қалыптасқан әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау;
- Жайылымдарды басқару бойынша 40 жоспарды бекіту жұмыстарын жеделдету және оларды жергілікті жерлерде сапалы іске асыруды қамтамасыз ету;
- жердің одан әрі тозуын болдырмау үшін, оның ішінде біржылдық және көпжылдық дақылдарды егу арқылы жайылымдарды түбегейлі және үстірт жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу;
- жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет.
Осы тұста назар аударарлығы, жер қатынастары саласында ғарыштық мониторингті жедел енгізу мәселесі – Үкіметтің ерекше бақылауында. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды бақылаудың жетілдірілген жүйесіне жедел көшудегі маңызды міндеттердің бірі – жер жекелеген тұлғалардың «активтерінде есепте» тұрмай, тиімді меншік иесіне қызмет етуі тиіс. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім еткен.
«Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ерекше құқықтық мәртебесі бар екенін атап өту қажет, сол себепті олар сақтау, құнарлылығын арттыру және алып қоюды шектеу бойынша қорғауға жатады. Ауыл шаруашылығының табысты жұмыс істеуі үшін әр гектар жерді ұтымды пайдалану қажет. Сондықтан, ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалануды қамтамасыз етудің ажырамас шарты – тиімді жұмыс істейтін жер бақылау және қадағалау институтының болуы», — дейді министрлік жауаптылары.
Үкімет бос жатқан жерлерді анықтау үшін ғарыштық түсірілімдерді пайдалану мүмкіндігін қарастырып отыр. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштық мониторинг арқылы анықтауды көздейтін заң 2019 жылы қабылданған. 2021 жылы ғарыштық мониторингпен еліміздің барлық аумағы қамтылып, 40,2 миллион гектар жайылымдық жердің пайдаланылмайтыны анықталды.
Сонымен қатар, министрлік мәлім еткендей, жайылымдық жерлер (пайдаланылмай отырған жерлердің 90-95%-ы) ғарыштық мониторингке жатпайды. Оларды қолданудың тиімділігі белгілі бір ауданда тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының саны, осы ауданда және нақты елді мекенде мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жоспарлар, қолда бар учаскелердің ауданы және басқа деректерге қатысты жүргізілетін есептеулермен анықталады.
Қазіргі қолданыстағы Qoldau платформасының талабы бойынша кейіннен мониторингке жататын жер учаскелерінің шекараларын жер пайдаланушы өзі (танаптар тарихы) енгізуі тиіс. Пайдаланылмайтын жерлерді айқындау бойынша жұмыс барысында шекараларды (танаптардың тарихын) өз бетінше енгізу кезінде алқаптар алаңы мен шекараларының мемлекеттік акт пен қаулыдағы деректермен сәйкеспейтін жайттарға жол берілетіні анықталды. Мұндай сәйкессіздіктер жер түрлері, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы бойынша кеңістік деректерінің жалпыланған бейнесін көрсететін цифрлық картографиялық материалдардың жоқтығынан болады.
«Қазақстан — құқықтық мемлекет. Тиісінше, пайдаланылмайтын немесе тиімсіз пайдаланылатын жерлерді мәжбүрлеп алып қою – бір күндік процесс емес, өйткені ҚР Конституциясы мен Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес меншік құқығы қорғалған, ал алып қою процесі тек сот тәртібімен жүргізіледі», — деп атап көрсетеді ведомство.
Министрлік мәліметінше, қазір пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қоюдың келесі тетіктері қолданыста.
— жер инспекторы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі арқылы алқаптарды араламай-ақ, кәсіби бақылау жүргізеді. Егер осы кезеңде анықталса, ол жер иесіне тиісті хабарлама жібереді. Осы орайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайды;
— егер олқылықты жою жөніндегі нұсқаулар орындалмаса, сол жерге барып, кәсіби бақылау жүргізіледі. Бұл кезеңде жер инспекторы кемшілікті 1 жыл мерзімде жою туралы нұсқама береді. Жер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
— бұдан әрі, егер жағдай өзгермесе, тексеру материалдары пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша 20 еселенген салық салуды есептеу үшін мемлекеттік кіріс органдарына жіберіледі;
— шешуші тексеріс жүргізіледі. Егер олқылық жойылмаса, жерді алып қою туралы сот органдарына талап арыз жіберіледі.
«Бұл жағдайда «мәжбүрлеп алу» және «қайтару» ұғымдарын ажырату қажет. Мәжбүрлеп алып қою жоғарыда аталған барлық шаралардың сақталуын көздейді және тек сот тәртібімен қаралады. Ал, «қайтаруға» профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жатқызуға болады. Демек, нұсқаулар жіберу, әкімшілік айыппұл салу, ғарыштық мониторинг арқылы анықталған пайдаланылмайтын жер учаскесіне базалық ставкаларды 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайту. Жұмыс нәтижелері көрсеткендей, көбінесе жер пайдаланушылар жер инспекторынан хабарлама алғаннан кейін айыппұл немесе жоғары салық төлемеу үшін жерді өз еркімен қайтарады», — деп толықтырады министрлік.
Ал Түркістан облысына келсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз пайдаланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару бағытында берген тапсырмасы негізінде Түркістан облысы бойынша 521,7 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жоспарланғаны 500 мың гектар болатын, яғни артығымен орындалып отыр. Алайда жерді қайтару, түгендеу жұмыстары барысында көптеген заңсыздық анықталған. Мысалы, Бәйдібек, Келес, Шардара аудандарында әкімдер тарапынан ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы табыстау кезінде заң талаптары сақталмаған. Ал Сайрам, Төлеби, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарында өндірістік кооператив мүшелерінің келісімінсіз кооператив жерлерін сатып жіберу, мүшелерін тізімнен шығарып тастау, құрылыстар жүргізу сынды заңсыздықтар тұрғындардың жоғары органдарға шағымдануына әкеліп отыр. Бірқатар ауданда ауыл шаруашылығы жерлерін заңсыз қазып, құм, тас, кірпіш өндіру әлі де тыйылар емес. Ауылшаруашылық жерлеріне, нақтырақ айтсақ, Сайрам ауданы Қарабұлақ елді мекенінде 1 387 тұрғын үй, 27 мал қора, мал базары, Түлкібас ауданы Машат елді мекені аумағында мал базары заңсыз салынған. Шардара, Мақтарал, Жетісай аудандарында мақта зауыттарына жерлерін кепілдікке қойып, несие алып қайтара алмаған, соның ішінде несиелері қайтарылған шаруалардың да жерлері аукционда сатылып кеткен. Бүгінгі таңда шаруалар жерін даулап Үкіметке дейін шағымданып жатыр. Ауыл шаруашылығы жерлері шекараларын заңсыз қазып қоршайтындар да аз емес. Ал Төлеби ауданы Біркөлік, Ақмешіт, Сайрамсу, Қасқасу өзендерінің қорғау аймақтарынан демалыс орындарына жер учаскелері заңсыз берілген. Түркістан қаласы, Сауран, Сайрам аудандарында жалған шешіммен жер учаскелері берілген.
Осындай заңсыздықтарды анықтаған облыстық жер ресурстарын басқару департаменті тексеру Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, келіп түскен арыз-шағымдар мен хаттардың негізінде жүргізілгенін мәлім етті.
«Пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін космомониторинг құрылғылары арқылы анықтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Аудан, қала әкімдіктері бекіткен жер балансы есебінің экспликациясында тіркелген жер пайдаланушыларда мал басы тіркелгені туралы ИСЖ базасымен салыстыру нәтижесінде 4 386 жер пайдаланушының 673 462,2 гектар жеріне мал басы тіркелмегені анықталды. Осы орайда жер пайдаланушылардың тізімін анықтап, аудан, қала әкімдеріне пайдаланбай жатқан жерлерді қайтару бағытында жұмыстар жүргізу жөнінде хат жолданды. Сонымен қатар Жер кодексінің 145-1 бабына енгізілген өзгерістерге байланысты ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның космостық мониторингі бойынша 4 543 жер пайдаланушының 560 801,6 гектар жері пайдаланбай жатқаны анықталды. Оның ішінде жүктемесі – 20 пайыздан төмені 302 832,9 гектар немесе 54,2 пайыз. Былтыр заңсыз табысталып, пайдаланбай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін сотқа 96 талап-арыз беріліп, жер көлемі 5482,3 гектар 45 талап-арыз қанағаттандырылды, 4756,1 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 25 жер иесінің көлемі 4751,6 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған талап арыздар қаралып жатыр», — дейді департамент басшысы Алтынбек Мырзаев.
Бұған қоса аудан, қала әкімдіктерінде 123 конкурс өткізіліп, 66 663,4 гектар жер жалға берілген. Соның ішінде Бәйдібек, Шардара аудандары мен Кентау қаласында алаңы 2 742 гектар 31 жер учаскесі заң талаптарын бұза отырып табысталғаны анықталған. Осыған орай аудан, қала әкімдерінің қаулы, шешімдеріне қатысты 13 тексеру жүргізіліп, нұсқама берілген. Оның үшеуі орындалып, 8-і қаралуда, ал 2 нұсқама ӘҚБтК-тің 462-бабымен сотта қаралып жатыр. Тексеру бойынша жалпы 93 тексеру жүргізіліп, 38 нұсқама берілген. Аудан, қала әкімдіктерімен жер қатынастары бөлімдеріне 63 тексеру жүргізіліп, 9 лауазымды тұлғаға 415,1 мың теңге айыппұл салынған, 32 нұсқама табыс етілген.
Жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтардан 1 209 арыз-шағым түсіп, қаралу нәтижесімен 72 тексеру тағайындалды. Облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне 2021-2022 жылдары аралығына келіп түскен арыз-шағымдары негізінде аудан, қала, ауыл әкімдіктеріне және аудандық жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 137 және 462-баптары бойынша бірқатар аудан әкімдерінің орынбасарларына, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшылары мен бас мамандарына, ауылдық округ әкімдеріне әкімшілік шаралар қолданылған. Сонымен бірге арыз-шағымдар мен құқық қорғау органдарынан келіп түскен хаттардың негізінде лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау бойынша қорытындылар жолданған.
Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының мәліметі бойынша, өңірде жайылым жердің жалпы аумағы – 8 миллион 860,4 мың гектар. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі мәселе – елді мекендердегі тұрғындардың шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылым тапшы. Аудан, қалалар кесіндісі бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарында жайылым тапшылығы 3119,8 мың гектар болған. Бірақ осы қажеттіліктің 35,4%-дан астамы, яғни 1105,7 мың гектары жайылымдық алқаптары жоқ 3 ауданға тиесілі. Атап айтқанда, Жетісай және Мақтаарал аудандарында ауыл шаруашылығы жерлерінің 95%-ын суармалы жерлер құрайды, бұл аудандардағы жайылымдардың жалпы ауданы – бар болғаны 2,2 мың гектар. Ал жалпы жайылым көлемі 31,7 мың гектар ғана болатын Сайрам ауданында жайылым тапшылығы – 471,1 мың гектар. Былтыр елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1012 мың гектарға ұлғайту жоспарланып, қосымша 42 ауылдық округтерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету көзделген еді. Басқарма мәліметіне жүгінсек, жоспар 102,3 пайызға орындалған. Яғни атқарылған жұмыстың нәтижесінде 2023 жылы жалпы жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектар болып отыр. Осыған байланысты 20 жылға ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспарының жобасы әзірленіп, аудан, қала әкімдіктерімен нақтыланып жатыр.
Басқарма басшысы Ерғали Тілегеннің айтуына қарағанда, жайылым қоры шектеулі аудандарда жеке қосалқы шаруашылықтардағы малды қорада ұстауды және кооперативтерге біріктіру арқылы шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығару бағыттары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
«2023 жылға облыс бойынша мақсатына сай пайдаланылмаған 330 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр», — дейді Е.Тілеген.
Айта кетелік, облыс бойынша жайылым қоры шектеулі аудандарда шағын мал бордақылау алаңдарын ашу және кооперативтерге біріктіру бағытында жұмыс жүргізу арқылы жайылым тапшылығы азайтылмақ. Сондай-ақ ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасы бойынша 2,5 пайыз берілетін несие арқылы отбасылық сүт фермаларын және мал бордақылау алаңдарын көбейту көзделіп отыр.
Өңірде жер заңнамаларын бұза отырып, заңсыз пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары мен шешімдерінде кеткен кемшіліктерді анықтап, әкімшілік айыппұлдар салып, заң бұзушылықтарды жоюға нұсқамалар беру, негізсіз сатылған жерлерді сот арқылы мәжбүрлеп мемлекетке қайтару бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстары облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің міндетіне кіреді. Бұл бағытта пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында облыс әкімі Дархан Сатыбалды да аппарат отырысында тиісті басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеген-ді. Осыған орай облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – Бас мемлекеттік инспектор Алтынбек Мырзаев айтқан әңгімеге құлақ түріп, біраз жайтқа қанықтық.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің шешіміне сәйкес Түркістан облысы бойынша пайдаланылмай бос жатқан немесе заңсыз пайдаланылып жатқан 500 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланған. Берілген тапсырмаға сәйкес, аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе отырып 521,7 мың гектар (518,6 мың га жайылым, 3,15 мың гектар егістік) алқап мемлекет меншігіне қайтарылған. Яғни жоспар артығымен орындалып отыр.
Жалпы, облыста 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жайылым жердің жалпы аумағы 8 миллион 860,4 мың гектарды құраған. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі проблема елді мекендердегі тұрғындардың малына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында болып отыр.
2021 жылы 174 ауылдық округтегі 841 елді мекенге талдау жасалынып, жайылым тапшылығы 3867,8 мың гектарды құраған.
Облыс бойынша ортақ жайылымның көлемі: 748 мың гектар. 70 ауылдық округ (247 елді мекен) жайылыммен қамтамасыз етілсе, 2022 жылдың 1 қаңтарына жайылым тапшылығы 3119,8 мың гектар болды.
Алайда, Жетісай (383,6 мың гектар жайылымдық жер керек) және Мақтаарал (251,0 мың гектар жайылымдық жер қажет) аудандарында ауыл шаруашылығы жерлерінің 95%-ын суармалы жерлер құрағандықтан, мұнда 2,2 мың гектар ғана жайылымдық жер бар. Ал, Сайрам ауданына 471 гектар жайылымдық жер жетіспейді. Қазір ауданның жалпы жайылым көлемі 31,7 мың гектарды ғана құрайды.
Сондықтан 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1012 мың гектарға ұлғайту жоспарланып, 42 ауылдық округті (164 елді мекен) ортақ жайылыммен қамтамасыз ету көзделген. Жыл соңында елді мекен тұрғындары 1034,8 мың гектар ортақ жайылыммен қамтамасыз етілді. Соның өзінде бұл ауданда әлі де 2122,2 мың гектар жайылымдық жер жетіспейді.
Департамент мамандарының тексеру жұмыстары барысында бірқатар заңсыздықтар анықталған. Айталық, Бәйдібек, Келес, Шардара аудандарында әкімдер тарапынан ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы табыстау барысында заң талаптары сақталмаған. Бұдан бөлек, Төлеби, Сайрам, Сарыағаш, Бәйдібек аудандарында өндірістік кооператив мүшелерінің келісімінсіз осы ұжымға тиесілі жерлерді сатып жіберу, кооператив мүшелерін сырттай шығарып тастау, құрылыс нысандарын заңсыз салу әрекеттері тұрғындардың тиісті орындарға шағымдануларына түрткі болған. Мұндай жанайқайлар Сайрам, («Қайнар Астық» ӨК), Төлеби, («Ақбұлақ» ӨК), Бәйдібек және Сарыағаш аудандарында кездесті.
Бізде жер қойнауларын заңсыз пайдаланушылар әлі де тыйылар емес. Айталық, бірқатар аудандарда ауыл шаруашылығына қарастырылған жерлерден тас, құм алып бүлдіріп тастайтындар әлі де бар. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге кірпіш зауытын салып алғандар да «бизнестерін дөңгелетіп отыр».
Сайрам ауданындағы Қарабұлақ елді мекенінде 1387 тұрғын үй, 27 мал қора, бір мал базары ауыл шаруашылығы жерлеріне салынған. Түлкібас ауданындағы Машат елді мекенінде де ауыл шаруашылығына бағытталған жерде мал базары қызып тұр. Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарында кәсіпкерлер өздеріне тиесілі жерлерді шарбақпен қоршаудың орнына айналдыра ор қазып тастаған. Шардара, Мақтаарал, Жетісай аудандарында мақта зауыттарын кепілдікке қойып, несие алып, қайтара алмаған, соның ішінде несиелері қайтарылған шаруалардың да жерлері аукционда сатылып кеткен. Қараптан қарап отырып, жерінен айырылып қалған шаруалар Үкіметке дейін шағымданып, табандарынан тозып жүр.
Облысымызда табиғаты тамылжыған, демалыс орындарына қолайлы жер баршылық. Бірақ, осы жерлерді де көзін жұмып сатып жібергендер бар болып шықты. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірер мысал келтірейік. Айталық, Төлеби ауданында Біркөлік, Ақмешіт, Сайрамсу, Қасқасу өзендерінің қорғау аймақтарынан демалыс орындарына жер учаскелері заңсыз берілген. Түркістан, Сауран, Сайрам аудандарында жалған шешімдермен жер учаскелері шүлен үлестірілгендей үлестіріліпті.
Әрине, мұның барлығы да — жергілікті тұрғындардың шағым-арыздарынан соң анықталған олқылықтар.
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін космомониторинг құрылғылары арқылы анықтау жұмыстары биылдан бастап қолға алынған. Департамент пен аудан, қала әкімдіктері бекіткен жер балансы есебінің экспликациясында тіркелген жер пайдаланушыларда мал басы тіркелгені туралы ИСЖ базасымен салыстыру жүргізіліп, нәтижесінде 4386 жер пайдаланушының 673 462,2 гектар жеріне мал басы тіркелмегені анықталған. Мұндай жер пайдаланушылардың тізімін аудан қала әкімдеріне жолдай отырып, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бағытында жұмыстар жүргізу жөнінде нұсқамалар берілген.
Сонымен қатар, биыл Жер кодексінің 145-1 бабына енгізілген өзгерістерге байланысты ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның жүргізген космостық мониторингі бойынша 4543 жер пайдаланушының 560 801,6 гектар жерді пайдаланбай, босқа ұстап отырғаны анықталған. Олардың ішінде жүктемесі 20 пайыздан төмені 302 832,9 гектар немесе 54,2 пайыз.
Былтыр заңсыз табысталып, пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп, мемлекетке қайтару үшін сотқа 96 талап-арыз берілген. Соның ішінде 45 талап-арыз қанағаттандырылған. Демек, 4756,1 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 25 жер иесінің (Кентау – 1079 гектар, Келес – 290 гектар,Түлкібас – 2415,8 гектар, Ордабасы – 868 гектар, Сайрам – 97 гектар, Мақтаарал – 1,7 гектар) 4751,6 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал, қалған талап-арыздар қаралу үстінде.
Бұдан бөлек, аудан, қала әкімдіктерінде 123 конкурс өткізіліп, 66 663,4 гектар жер учаскесі жалға берілген. Соның ішінде Бәйдібек, Шардара аудандары мен Кентау қаласында 31 жер учаскесін (2742 га) заң талаптарын бұза отырып, табыстағандығы анықталған. Осы айғақтарға байланысты аудан, қала әкімдерінің қаулы, шешімдеріне қатысты 13 тексеру жүргізіліп, 13 нұсқама беріліп, оның үшеуі орындалған. Екі нұсқама ӘҚБтК-тің 462-бабымен сотқа жолданған.
Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері 93 тексеру жүргізіп, 38 нұсқама берген. Аудан, қала әкімдіктері жер қатынастары бөлімдеріне 63 тексеру жүргізіп, 9 лауазымды тұлғаға 415,1 мың теңге айыппұл салынған. Олардың ішінде конкурс, аукцион талаптарын бұзғандар, заң талаптарын бұза отырып, жеке тұрғын үй салуға рұқсат еткендер де бар. Бір іс мәжбүрлеп мемлекетке кері қайтару үшін сотта қаралып жатыр.
«Азаматтарға арналған Үкімет» МК АҚ-на қатысты 7 тексеру жүргізіліп, 6 нұсқама беріліпті. Қайта бақылау, тексеру нәтижесінде нұсқаманы орындамағаны үшін 4 айғақ бойынша ӘҚБтК-нің 462-бабымен әкімшілік айыппұл салынып, сотқа берілген. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтардан 1209 арыз-шағым түсіп, 72 тексеру тағайындалған. Арыз-шағымдарды талдау нәтижесінде 604 шағым қанағаттандырылыпты.
Облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне 2021-2022 жылдар аралығында келіп түскен арыз-шағымдар негізінде аудан қала, ауыл әкімдіктеріне және аудандық жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 137 және 462- баптары бойынша әкімшілік шаралар қолданылған. Сонымен бірге, келіп түскен арыз-шағымдар мен құқық қорғау органдарынан келіп түскен хаттардың негізінде лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Былтыр сәуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Әлихан Смайыловқа заңсыз айналымдағы жер телімдерін мемлекетке қайтарып алу жөнінде арнайы комиссия құрып, жұмысты ашық та әділ жүргізуді тапсырған болатын. Мұнан соң 2022 жылдың тамызында Мемлекет басшысы жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойды. Содан бері комиссиялар жұмыс істеп келді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және халықты ауылдардағы ауыл шаруашылығы жерлерімен қамтамасыз ету проблемасы барлық өңіріндегі өткір мәселе болып отыр.
Азаматтардың өтініштері бойынша өткен жылы республикада жер заңнамасын сақтау бойынша 175 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 875,1 мың теңгеге 55 әкімшілік өндіріс қозғалды. Бұл туралы 25 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақсанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді.
«Тексеру барысында әкімдіктер тарапынан анықталған бұзушылықтар жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкілетті органдарының өз функцияларын тиісінше орындамауының, олардың арасында тиісті өзара іс-қимылдың болмауының, аталған органдар мамандарының заңда белгіленген нормалар мен талаптарды, өздерінің лауазымдық міндеттерін білмеуі мен орындамауының, сондай-ақ басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауының салдары болып табылды», — деді Ә.Тамабек.
Еске сала кетейік, 2014-2021 жылдар аралығында жерді пайдалану мен қорғауды бақылау функциялары әкімдіктердің құзыретінде болды.
2021 жылы республика бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органдар жер заңнамасының сақталуы тұрғысынан 2406 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 1111 заң бұзушылық анықталды, 1072 жағдайда жер заңнамасын бұзушыларға жалпы сомасы 219,8 миллион теңгеге айыппұл түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.
Анықталған бұзушылықтардың 65,7%-ы жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу, 1,9%-ы арнайы белгілерді жою, 8,6%-ы жерді бүлдіру; 5,3%-ы жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу, 18,5%-ы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбауға, жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаумен байланысты.
Әкімдіктермен коммерциялық мақсаттарға арналған жерлерде 2019-2021 жылдар аралығында жалпы алаңы 5,2 мың гектар құрайтын 3,5 мың учаскесі анықталды. Жер инспекторлары шара қабылдағаннан кейін жалпы алаңы 1,6 мың гектарды құрайтын 1,2 мың учаскені пайдалануға кірісті, жалпы алаңы 210 гектарды құрайтын 320 учаске мемлекетке қайтарылды, жалпы алаңы 3,4 мың гектарды құрайтын 2 мың учаске бойынша жерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Бұдан бөлек, Қазақстанда ерекше құқықтық мәртебесі бар ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке тоқталған жөн деп есептеймін. Ауыл шаруашылығының табысты болуы үшін әрбір гектар жерді ұтымды пайдалану қажет. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шамамен 114 миллион гектарды құрайды. Әкімдіктер жүргізген жұмыстардың аясында 2019-2021 жылдар аралығында 8,1 миллион гектар (егістік – 1,3 миллион гектар, жайылым – 6,8 миллион гектар) пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, олар бойынша келесі шаралар қабылданды: 3,4 миллион гектар шаралар қабылданғаннан кейін жер учаскелерінің бұрынғы меншік иелері мен жер пайдаланушылар игере бастады, 2,1 миллион гектар мемлекеттік меншікке қайтарылды және 2,6 миллион гектар мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деп толықтырды вице-министр.
Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және ауылдардағы халықты ауыл шаруашылығы жерлерімен қамтамасыз ету проблемасы барлық дерлік өңірлерде өткір тұрғанын атап өтті.
«Жерді ұтымды және тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жетілдіру жөніндегі жұмыстар қызу жүріп жатыр. 2021 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы Заңға қол қойды, соған сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау өкілеттіктері ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне толығымен өтті. Осыған орай жерлерді беру және бақылау мәселелері бір мемлекеттік орган – әкімдіктерде болуына байланысты, жергілікті атқарушы органдардың деңгейіндегі мүдделер қақтығысы мәселесі шешілді», — деп атап өтті Ә.Тамабек.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 3 қаңтарда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімін қатарынан 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды және мемлекеттік бақылаудың жаңа тетігін енгізуді көздейтін норма қабылданған болатын. Бұл ретте пайдаланылмай жатқан жерлердің 90%-ға жуығы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі.
«Ерекше жағдайларды қоспағанда, Президенттің шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерге мораторий енгізу туралы Жарлығын бұза отырып, тексерулер жүргізу мүмкін емес. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021 жылғы 26 шілдедегі бұйрығымен «жаппай қауіп» ұғымын айқындау жөніндегі ұсынымдар бекітілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 139 бұйрығына сәйкес, «жаппай қатер» шеңберінде жалпы алаңы 5,8 миллион гектарды құрайтын 1901 шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу жоспарлануда, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбайтын шағын кәсіпкерлер қатынастарына тексерулер тағайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді ҚР АШМ басшысының орынбасары.
Бұған қоса ол жер пайдаланушыларды экономикалық мәжбүрлеуге жағдай жасау үшін пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салық мөлшерлемелері 10-нан 20 есеге дейін ұлғайтылғанын айтты.
«Тәжірибе көрсеткендей осындай іс-әрекеттер нәтижесінде жер пайдаланушылар ұлғайтылған салықты төлемеу үшін жерлерді өз еркімен қайтарып жатады. Жоғарыда аталған іс-шаралар нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда биыл 5 млн.га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтаруды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте, пайдаланылмайтын және заңнаманы бұзушылықпен берілген жерлерді алып қою бір күнде бітетін жұмыс емес екенін атап өткім келеді. Себебі Конституцияның және Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес, меншік құқығы қорғалған. Ал алып қою процессі тек сот арқылы жүзеге асырылады», — деп толықтырды спикер.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 28 сәуірде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою бойынша жұмыс комиссиясы құрылды.
Негізгі міндет мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейту, сондай-ақ оларды шешу бойынша жүйелі заңнамалық шаралар әзірлеу арқылы пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі іс-шараларды күшейту болып табылады. Аталған комиссия ұзақ мерзімді және тұрақты негізде әрекет ететін болады.
Қазіргі уақытта облыстарда әрбір өңірдегі барлық мүдделі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, ведомствоаралық топтар құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау елдің саяси міндеттерін жүзеге асырудың ғана емес, сонымен бірге жер қатынастарын реттеу саласындағы саясатты тиімді жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады.
Н.Бабашовтың айтуынша, бүгінгі таңда 79 055 гектар (оның ішінде: 4142,0 гектар — суармалы, 74708,0 гектар — жайылым, шабындық — 204 гектар) жерлердің қаулылары жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылған. Әйтпесе 2022 жылға жоспар ретінде 67,5 мың гектар межеленген екен.
Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 гектар (оның ішінде: суармалы — 8191,7 гектар, жайылым — 154 512,11 гектар) жерлері анықталып, тізімі 2022 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданыпты. Бұдан бөлек биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 94 200 гектар жайылымдық жерлерді ортақ жайылым ретінде пайдалану үшін келісім жасалыпты. Ал 2022 жылға жоспар 90,7 мың гектар болған екен.
Жер қатынастары бөлімі басшысының сөзінен түйгеніміз, қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың гектар ортақ мал жайылым жерлері бар.
2022 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 30,0 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарланыпты.
Т.ЕСЕНБАЙҰЛЫ.
generic cialis online pharmacy Researcher was skeptical at first
Items that are a replica or imitations of these items are also prohibited.
If you prefer not to carry it and would like to check it in, please pack your dress or suit
into a separate suitcase and mark the suitcase as ‘fragile wedding
garments’.
fake bags online
replica bags online
replica bags online
replica designer
replica bags
fake bags
fake bags
replica bags
fake designer bags
replica bags online
replica bags online
replica designer
replica designer
fake designer bags
fake bags online
fake bags
fake designer bags
replica designer
fake designer bags
replica bags online
replica designer
fake bags online
replica bags
replica bags
replica designer
It’s a style proven in abundance by the retro-leaning Replica and further cemented by the newer Evolution silhouette.
replica shoes
Replica Sneakers Dirty White
Replica Sneaker
Replica Sneakers for women
Replica Sneakers Dirty White
Replica Sneakers for Men
Replica Sneaker
discountshoesmart
Replica Sneakers for women
Replica Sneaker
Replica Sneakers Dirty White
Replica Sneakers for Men
discountshoesmart
Fake Shoes
Fake Shoes
Fake Shoes
Replica Sneakers for Men
Replica Sneakers for women
Reps Shoes
discountshoesmart
Reps Shoes
Replica Sneakers Dirty White
Fake Shoes
Replica Sneakers for Men
Replica Sneaker
This handbag is handcrafted from high-quality jacquard
fabric and embroidered with the brand’s distinctive CD pattern. The bag’s
flap is designed in a convenient twist-lock style.
replica handbags
fake designer bags
replica designer
fake bags online
LuxuryTastic
louis vuitton outlet
luxury tastic
replica bags
fake bags
replica bags
LuxuryTastic
LuxuryTastic
replica bags online
replica bags
replica designer
fake bags
fake bags
fake bags
fake bags
luxury tastic
replica bags
replica handbags
replica handbags
fake bags online
fake bags
Its like you read my mind! You seem to grasp a lot about this, such
as you wrote the guide in it or something. I feel that you can do with
a few % to pressure the message home a little bit,
however other than that, that is magnificent blog. A great read.
I will certainly be back.
Replica Sneakers for women ge761
Replica Sneakers for women,replica shoes cy416
The oligo recovered is then analyzed spectrophotometrically for yield and for purity by capillary electrophoresis and by mass spectrometry priligy alternative
Replica Sneaker xv592
Replica Sneakers Dirty White,discountshoesmart vg282
Replica Sneakers as631
Reps Shoes,
Replica Sneakers for women pt013