Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес күшейе түсті

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда облыс аумағындағы жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен бірлесіп іс-шара жоспары бекітілді. Аталан іс-шараға сәйкес, қос мекеме өкілдері жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу бойынша Ордабасы ауданына рейдтік іс-шара жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, ауданда орналасқан қыш зауыттары жер қойнауын заңсыз пайдаланып жатқанын анықтап, заң аясында экология департаментіне шара көру үшін ұсыныс жолданды. Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналыспақ.

Арыс қаласы аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушы «Понтакрин» ЖШС бойынша Түркістан облысының кәсіпкерлік басқармасы, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Арыс қаласының әкімдігі бірлесіп, Арыс қаласының халқымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аталған мәселе толық зерделенді. Аталған жер қойнауын пайдаланушымен Арыс қаласы, «Тақыр» алаңында құм өндіруге арналған 2008 жылғы 27 тамыздағы №445 келісімшартының қолданысы тоқтатылды.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы аудан, қалаларда құрылған заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша мобильді топтарға заңсыздықпен күресу бойынша алгоритм ұсынды және мобильді топтардың жұмысы күнделікті қадағалануда.

Бүгінгі таңда алгоритмге сәйкес Ордабасы ауданының мобильді тобы заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша Бадам ауыл округінде заңсыздықты анықтады. Бадам өзені бойында тас қияқтау цехын іске қосатын арнайы кабинаның есігіне және арнайы ток күшін қосатын трансформаторға жергілікті полиция тарапынан №7 арнайы мөрі басылған парақша жабыстырылды және 4 техника айып тұрағына жеткізілді.

Ал Сауран ауданының мобильді тобы жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша 6 деректі анықтады. 4 техника айып тұрағына апарылып, тиісті шара қолданылған.

Одан бөлек, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы облыс аумағындағы заңды кен орындарының жұмыстарын бақылау үшін тау-кен инженері – маркшейдер маманымен зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда Арыс қаласындағы кен орындарына тиісті мамандармен зерделеу жұмыстары жүргізілуде, алдағы уақытта нәтижесі туралы қосымша ақпарат беріледі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған сыни материалдарға байланысты шұғыл түрде Мақтаарал ауданы аумағындағы жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу, фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу үшін құрылған жұмысшы топ 2023 жылы 8 шілдеде аудан аумағындағы А-15 автожолының бойындағы «Сырдария» өзенінің жағалауындағы бос жатқан жайылымдық жерлерге рейдтік шараларын жүргізді.

Рейд барысында ешқандай техникалар табылмады. Алайда, қазылған, бұзылған жерлер анықталды. Сонымен қатар, зерттеу жүргізу барысында 2023 жылы 6 шілде күні аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз жер қойнауын пайдаланғаны үшін 1 дана жүк көлігін ұстап, нәтижесінде жүк тасу көлігі заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа тоғытылып, әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайт бойынша акт толтырылып, тиісті шара қолдану үшін Түркістан облысының Экология департаментіне Мақтаарал аудандық полиция бөлімі тарапынан хат жолданатын болады.

Сауран ауданында 2023 жылдың шілденің 7-8 күндері жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы рейдтік шара ұйымдастырылды. Мобильді топ Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округіндегі “Батыс Европа – Батыс Қытай” автомагистралінің бойындағы жүк көліктеріне заңсыз ауыр жүк арту деректерін анықтады.

Рейд кезінде жүк көлігінің жүргізушілері тарапынан заң бұзушылықтар анықталып, жүк тасымалдауға арналған құжаттары болмады. Нәтижесінде жүк тасу көлігі заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа қойылып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған жайт бойынша тиісті шара көру үшін Түркістан облысының Экология департаментіне, Сауран аудандық полиция бөлімі арқылы жолданатын болады.

 Сауран аудан аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату бойынша құрылған жұмысшы топ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау, оның алдын алу мақсатында шілде күні Сауран ауданы, Шаға ауылдық округінің аумағынан жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан тасымалдау кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алуға кезекті рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде, заңсыз тасымалдау кезінде 2 «HOWO» маркалы ауыр жүк көліктері және бір жер қазушы LK техникасы жер қойнауын қазып, тас артып жатқандығы анықталды.

Жүк көлігінің жүргізушілерінен рейд кезінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша түсініктемелер алынып, жүк тасу көлігі заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа тоғытылып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, жұмысшы топ өкілдері тарапынан жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында бұл жұмыстар жалғасатын болады.

Тағы бір атап өтер жайт, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда Шардара ауданы аумағындағы жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен де күресу бойынша аудан әкімімен бекітіліген жұмысшы топ рейдттік іс-шара ұйымдастыруда. Іс-шараға аудандық полиция бөлімі, Шардара қала әкімдігі және аудандық кәсіпкерлік бөлімі қатысты. Сонымен қатар ауылдық округтерінде құрылған мобильдік топтар заңсыз жер қойнауынан өз бетінше пайдалану фактілерін анықтау және болдырмау жөнінде іс-шаралара жүргізуде. Қала, ауылдық округтерінде құрылған заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша мобильді топтарға заңсыздықпен күресу бойынша облыс әкімідігімен бекітілген алгоритм ұсынылып, мобильді топтардың жұмысы күнделікті қадағалануда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Interesting blog! Is your theme custom made or
    did you download it from somewhere? A theme like yours
    with a few simple adjustements would really make my blog shine.
    Please let me know where you got your theme.
    Cheers

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.