Түркістан облысы: Келес ауданын кешенді дамыту шаралары жүйелі іске асып жатыр

Келес ауданы осыдан 5 жыл бұрын өз алдына жеке дара аудан болып қайта құрылды. Орталығы – Абай ауылы, ауданда 1 ауыл, 12 ауылдық округі және 83 елді мекен бар. Бастапқыда аудан инфрақұрылымы кенжелеген, әлеуметтік нысандардың тозығы жеткен болатын. Жаңадан құрылған ауданды дамыту бағытында кешенді жоспарлар түзіліп, жүйелі жұмыстар атқарыла бастады.

Нәтижесінде өткен жылдар ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында аудан тұрғындарының елді мекен санымен алғанда 64,9 пайыз табиғи газбен, 75 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар, сапалы электр қуатымен қамтылған ауылдар саны 75,9 пайызға жетті.

Өңірді дамытудың күретамыры автомобиль жолдары екені анық. Осыдан 5 жыл бұрын Келес ауданының ішкі көшелерінің қанағаттанарлық жағдайы 21 пайызды құраса, бүгінгі таңда ол көрсеткіш 55 пайыздан асты. Жалпы, ауданға қарасты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы — 122,5 шақырым. Өткен жылы 2,5 шақырым «Жүзімдік-Ақсу» KGS-4 автомобиль жолын жөндеу жұмыстары және KXSG-31 «КХ-94 Бекбота-Ащыкөл» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 3,5 шақырым жолы орта жөндеуден өткізіліп, 83,5%-ға жетті. Биыл KXSG-31 «КХ-94 Бекбота-Ащыкөл» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 6,5 шақырым жолына орта жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған жағдайда 88,8 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Келес өңірінде тұратын азаматтардың дені ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Биылғы 5 айда ауыл шаруашылығының өнім көлемі — 14 819,8 миллион теңге болса, оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 12 327 миллион теңгеге жетті. Диқандардың тындырымды істерінің нәтижесінде өсімдік шаруашылығының өндірісі 2 397 миллион теңгені құрап, ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім 6300 тоннаға жетті. Сондай-ақ биылғы мамыр айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12 572 бірлікті құрап, 13 373 адам жұмыспен қамтылған.

Тағы бір назар аударар жайт, Келес ауданының барлық жер көлемі 345129 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 236049 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 23906 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 20765 гектар, көпжылдық екпе ағаштары — 374 гектар, тыңайған жер — 2882 гектар, шабындық жерлер жоқ, жайылымдық — 208499 гектар, өзгеде жерлер — 388 гектар.

Жер санаттары бойынша тоқталсақ, ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер — 236049 гектар; елді мекендердің жерлері — 63759 гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 1624 гектар; ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 2906 гектар; су қорының жерлері — 952 гектар; босалқы жерлер — 39839 гектар.

Ауданның жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Жер қойнауында құм, саз балшығы және шипалы минералды сулары бар. Ауданның Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес өзендері ағып өтеді. Аудан жерінің басым бөлігі төбелер мен жазықтықтардан құралған. Біртіндеп батысқа және оңтүстік- батысқа қарай теңіз деңгейінен 240-400 метрге дейін төмендейді. Шығысында бұл төбелер 600-800 метрге дейін көтеріледі.

Келес ауданының климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Атмосфералық жауын-шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның көбі көктем айларына тиесілі. Ауаның жылдық температурасы қаңтарда 2-3 С, шілдеде +34+38 С болады. Кейде құмды шөлді аймақтарда +40+45 С дейін барады.

Аудан аумағы табиғи ауа райына байланысты шөлейтті және тауалды аймағында орналасқан. Аймақта егін шаруашылығында бидай, қырықжапырақ, қызылша, шалқан, сарымсақ, қартоп, сәбіз, пияз және бау-бақша, жүзім өсіру өркендесе, сонымен қатар динамикалық түрде жылыжай шаруашылықтары дамыған.

Ауданның су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Келес ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны 147 дана, ұзындығы 641,3 шақырым, су қорғау белдеуі 834,75 га, қашыртқылар 144 бірлік, ұзындығы 393,6 шақырым, су қорғау белдеуі 593,6 га. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы суармалы жерлер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Келес ауданы арқылы Келес және Құркелес өзендері ағып өтеді.

Келес өзені ұзындығы 241 шақырым, оның ішінде аудан аумағынан 55 шақырымы өтеді. Қаржантаудың батыс беткейімен Қазығұрт тауынан бастау алады да, Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары құяды. Өзенге іргелес орналасқан ауылдық округтерінің саны 6, бөгеттердің жалпы саны 6. Келес өзені арқылы 30 мың гектар егістік жер суландырылады.

Құркелес өзені ұзындығы 95 шақырым, оның ішінде аудан аумағынан 83 шақырымы өтеді. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі аумағынан бастау алады да, Тегісшіл ауылдық округі, Келес ауданы аумағынан Біртілек, Ошақты, және Бірлік ауылдық округтерін қиып өтіп Сырдария өзеніне құяды. Құркелес өзеніне 8 шақты су тармақтары құяды. Өзенге іргелес орналасқан ауылдық округтерінің саны 5. Құркелес өзені арқылы 18 мың гектар егістік жер суландырылады.

Егін шаруашылығы Келес және Құркелес өзендері аңғарларында және өзендер арасындағы жазықты суайырықта жақсы дамыған. Сондай-ақ аудан аумағында Шошым, Ошақты, Бесабдал, Оймауыт, Боз су, Ащысай сияқты ірі каналдар және Ақылбексай су қоймасы бар. Осы каналдар арқылы егістік жерлер сумен қамтылады.

Келес ауданы бойынша ірі қара 63959, қой-ешкі 369724, жылқы 22254, түйе 322 басқа жетті.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар — 11, ұсақ малдарды шомылдыру орындары — 21, жасанды ұрықтандыру пунктері — 7, биотермиялық шұңқырлар саны – 9.

Жайылым жерлердің құрғақ массасының орташа түсімділігі — 5,3 центнер/гектарына, азықтық бірлігі — 3,1 центнер/гектарына.

Келес ауданында жалпы жайылымдық жерлер 208499 гектарды құрайды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мал басына шаққандағы жайылымды есептей келе барлығы 165670,2 гектар жайылым жер учаскесі қажет екендігі анықталды.

Аудан бойынша барлығы 456259 бас (63959 ірі қара, 22254 жылқы, 369724 уақ мал, 322 түйе) көлемі 288082 гектар жайылымды пайдаланады, осы көрсетілген малдардың ішінде барлығы 42297 бас (11894 ірі қара, 3575 жылқы,26828 уақ мал) мал бір орында, қоралық жағдайда ұсталып, бордақыланады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Келес ауданында жалпы 414284 бас малға көлемі – 165670,2 гектар жайылым жер жеткіліксіз екендігі анықталды.

Келес ауданындағы жайылымдық жердің жеткіліксіздігін шешу үшін, жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені азайтып, күзгі егіндік жиналған соң босаған егістік алқаптарға жаю, мал өсіруді жайылымдық-қоралық жүйеден жайылымды қажет етпейтін мал өсіру жүйесіне (қорада ұстап бағу, бордақылау) ауыстыру қажет.

Индустраилды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Келес ауданында индустриялды аймақ құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп, аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды. Құрылған индустриалды аймақ өндірісті өркендетуге айрықша серпін бермек. Жергілікті атқарушы орган жаңадан құрылған индустриалды орталыққа қажетті инфрақұрылымдарды жеткізіп, инвесторлардың жұмысын айтарлықтай жеңілдететін болады.

Келес ауданында құрылған индустриалды аймақтың республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының бойында орналасуы, алдағы уақытта жоспарланған айналма жолға жақындығы, «Б.Қонысбаев» кеден бекетіне, көршілес аудандарға (Шардара, Мақтаарал және Жетісай) және жұмыс күшін тарту үшін елді мекендерге жақындығымен инвесторларға тиімді болмақ. Бүгінде индустриалды аймақ инвестициялық жобаларды іске асыруға, отандық және шетелдік инвесторларды орта және шағын бизнесті дамытуға барынша ықпал ететіні мәлім.

Бұл жобаның мақсаты — өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру.

Бүгінгі таңда Келес ауданында балық шаруашылығымен айналысатын 9 кәсіпкер болса, 2023-2025 жылдары ашуға жоспарланған шаруашылықтар саны он үшті құрап отыр.

Өткен жылдың күз айларында Келес ауданында 9 500 ағаш көшеті егілді. Биыл көгалдандыру жұмыстары жалғасып, 21 мыңнан аса ағаш-бұта көшеттері елді мекендері аумағына қондырылмақ. 

Келес ауданында биыл өнеркәсіп көлемі 91,3 пайызды құрап отыр. Ал өңдеу өнеркәсібі 84%-ға жетті. Нақтырақ айтсақ, сүт өндірісі 7,4, жұмыртқа өндірісі 2,4, ет өндірісі 1 пайызға кеміген. Ал мал шаруашылығында ірі қара мал саны 8,4, қой саны 18,5 , жылқы басы 13,2, құс саны 13,8 пайызға азайды. Жалпы, аудан Түркістан облысының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Климаты ауыл шаруашылығына бай мекен. Бүгінде аудан бойынша халық саны 133 753 адамды құрайды. Жер аумағы 345,1 мың гектарды  құрайды. Ауданның құрамына 1 ауыл және 11 ауылдық округі, жалпы 83 елді мекен кіреді. Жалпы халықтың 57,4 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 54,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмыссыздығы 3,9% құрады. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Келес ауданының кіріс жоспары 24,7 млрд. теңге болса, нақты 24,9 млрд. теңге немесе 100,6 % орындалған. Өзіндік кірістердің жоспары 1,7 млрд. теңге болса, нақты түскені 1,8 млрд. теңге  немесе 108,7 % орындалған. Ал 2023 жылы өзіндік кірістері 2,6 млрд теңге мөлшерінде жоспарланса, жыл соңына 3,2 млрд теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр.

Былтыр бюджеттің шығыс бөлігі 24,5 млрд. теңгеге яғни 98,8 % игерілді. Жыл қорытындысымен игерілмеген 295,5 млн. теңге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттен берілетін грант салалық министірлік тарапынан «Бизнес.енбек.кз» ақпараттық жүйесінен өтінім қабылдауға рұқсат берілмеуіне байланысты. Ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 107,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17,9 млрд теңгеге немесе 120,0%-ға артты (2021 жылдың 12 айында 89,6 млрд. теңге). Оның ішінде, ауылшаруашылығы саласының үлесі 65,5%-ды құрап отыр. 2023 жылы жалпы өндірілген өнім көлемін 119,3 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Өткен жылы нақты 5,3 млрд. теңгеге (+286 млн.тг.) өнім өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 91,3% құрады. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімін шығарудың нақты көлемінің индексінің үлесін 103,7% жеткізіп, жалпы құны 5,9 млрд.теңгенің өнімі өндіру жоспары жүзеге аспақ.

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі  70,4 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,3 % құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы 24,7 млрд. теңге, НКИ 96,2%, өсімдік шаруашылығы –  45,6 млрд.теңге,   НКИ-102,8 %. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17,7 млрд.теңгені құрады.  НКИ 155,8 % биылғы жылға осы көрсеткіштерді көтеру бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, орындау бойынша нақты іс шаралар атқарылады (2021 жылдың 12 айында орындалуы 13,1 млрд. тенге). Өткен жылы ауданға тартылған инвестиция көлемі  8,5 млрд теңге болатын. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 0,8 млрд теңге, жергілікті бюджет есебінен 0,6 млрд теңге, меншік қаражат есебінен 5,5 млрд теңге, банк кредиттері 1,3 млрд теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 0,2 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар аудандағы тұрғын үй құрылысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 22,4 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,9%-ды құрады. Оның ішінде тұрғындар есебінен – 22,4 мың ш.м 107,9%  (2021 жылдың 12 айында 20,7 мың ш.м., оның ішінде тұрғындар есебінен – 20,7 мың ш.м) (облыс бойынша – 864 127 шаршы метр, НКИ – 104,6%, үлесі – 2,6%, 12 орын).

Келес ауданында өткен жылдың қорытындысымен өткізілген тауар көлемі 7,5 млрд. теңге, өсім 102,0%  құрады (2021 жылдың 12 айында 6,2 млрд теңге). Өткен жылдың 12 айдың қорытындысымен тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10453 бірлік іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10307 бірлік, 124,1%(2021 жылдың 12 айының  қорытындысымен тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны  8130 бірлік іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8095 бірлік, 100,4%).

Айта кетсек, «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауылдық округ енгізілді. Олар:

  1. Қошқарата а/о 1 кооператив ұсыныс білдіріп, өсімдік шаруашылығы саласын дамытуды жоспарлап отыр. (Несие алуға 73 азамат ниет білдірген)
  2. Ошақты а/о 1 кооператив мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлауда. (Несие алуға 120 азамат ниет білдерген)
  3. Ақтөбе а/о 2 кооператив сүт өнімдерін өндіру және балық шаруашылығын дамытуды жоспарлауда. (Бүгінгі күнге несие алуға 87 азамат құжаттарын дайындауда)
  4. Біртілек а/о 1 кооператив жылыжай кешенін салу және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағытын таңдаған. (Бүгінгі күнге несие алуға 120 азамат құжаттарын дайындауда)

Сондай-ақ, биыл «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша қатысушылар саны күн сайын ұлғаюда. Ауданда өнеркәсіп саласы бойынша бірқатар өзгерістер байқалады. Мәселен, 2022-2025 жылдары жалпы құны 44,3 млрд.теңгені құрайтын 8 жоба іске асырып,1175 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, яғни 1. «Нұрболат» ӨК Жалпы жоба құны 3,0 млрд. тг болатын 5 нысан «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы 2023-2025 жылдары іске асырылып, 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Олар: Абай ауылы Қонаев көшесі № 20 үйден «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталып, 2023 жылы іске қосылды. Біртілек ауылдық округі аумағынан 17х9 көлемінде 1 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Ошақты ауылдық округі аумағынан 28х14 көлемінде 2 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Ұшқын ауылдық округі аумағынан 28х14 көлемінде 1 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Абай ауылы аумағынан 5-блогтан тұратын орталық аурухананың құрылысы жүргізілуде.

«Эмир-Дэмир» ЖШС Біртілек а/о аумағынан жалпы құны 300,0 млн. теңгені құрайтын 30 гектар инновациялық жылыжай кешенінің құрылысы. Ашылатын жұмыс орны 75 адам. Іске асыру мерзімі 2024-2025 жыл.

«Умитай» шаруа қожалығы Қошқарата а/о аумағынан жалпы құны 450,0 млн. теңгені құрайтын 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өнімдерін өңдіру цехының құрылысы. Жұмысшылар саны 8 адам. Іске асыру мерзімі 2023-2024 жыл.

ЖК «Ағайындылар» Абай ауылы аумағынан жалпы құны 200,0 млн. теңгені құрайтын сыйымдылығы 10 орындық қонақ үй кешені құрылысы. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.

«Saryagash Alpamys» ЖШС Алпамыс батыр а/о аумағынан жалпы құны 610,0 млн. теңгені құрайтын минералды су өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы. Жобыны 2024 жылы іске қосып, 47 адам тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Зауыттың жылына өндіру қуаттылығы: 5,9 млн. литр.

«Сарыагаш-QZ» ЖШС Ақтөбе а/о аумағынан жалпы құны 120,0 млн. теңгені құрайтын «Ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру» зауытының құрылысы. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 12,5 тонна ет өнімдерін өңдеу жоспарланған.

«UBS KZ» ЖШС және «UBS Solar» ЖШС Ақтөбе а/о аумағынан жалпы құны 5,6 млрд.теңгені құрайтын 50,0 гектар жер учаскесіне қуаттылығы сағатына 20 мВт электр қуатын күн сәулесінен өндіретін электростанциясының құрылысын жүргізіп, 15 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Іске асыру мерзімі: 2023-2024 жыл.

«ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС 2023-2024 жылдары аралығында жалпы құны 35,0 млрд.теңгені құрайтын 51 га жер учаскесіне жылыжай кешенін салып, 700 адамды жұмыспен қамту жоспарлаған.

Келес ауданының жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару 2023 жылға жоспар 15,0 мың гектар белгіленген. Осы ретте жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп ауылдық округтерді жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен жайылым мәселесі шешілетін болады.

5 елді мекенді табиғи газбен қамтуды қажет етеді. (Бозай а/о, Бозай, Тартоғай Жамбыл а/о, Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр, Майдабозай). Бүгінде Абай ауылындағы «Абай» АГТС-нің қуатын күшейту құрылыс жұмыстары аяқталды, нысанды іске қосу бойынша құқықытық құжаттары әзірленуде (мемлекеттік акт, техникалық төлқұжаты, АТҚ (ИТД), қосып-реттеу жұмыстары). Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1172,3 шақырым, оның ішінде қанағаттанарлық жағдайда 65,7% құрап отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін 60,7 шақырым автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайға жолдардың үлесін 70,9% жеткізу жоспарлануда.

Құрылыс саласы бойынша ауданға қажетті 7 мектептің құрылысына, облыстық салалық басқармаларға қаржы қарастыруға ұсыныс берілген. Ұсынылған жобалардың ішінен 4 мектептің құрылысына 2020 жылы әзірленген ЖСҚ мерзімі өтіп кеткен, қайта өңдеу (корректировка) үшін қаржы қарастыруды қажет етуде.  Ал, қалған 3 мектептің құрылысына қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8В мекен жайда әкімшілік ғимаратының құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталды. Мердігер: «Евроремонтсервис» ЖШС-і. Нысанның конкурстық құны: 269,9 млн теңге. Құрылысқа 2022 жылы аудан бюджеті есебінен 10,0 млн теңге бөлініп, толығымен игерілген. Ал 2023 жылға құрылысты әрі қарай жүргізуге қажетті 259,9 млн теңге қаржысы бүгінгі күнге қаралмаған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары әрі қарай жүргізілуде. Нысандардың тапсыру мерзімі: ағымдағы жылдың қараша айы. Аудан әкімдігінің «Аудандық коммуналдық меншікке қабылдау туралы» 2021 жылғы 23 тамыздағы №260 қаулысына сәйкес, Алпамыс батыр ауылдық округінде орналасқан «Дархан» шекара бекетінің бұрынғы ғимараты кайта құру жұмыстарын жүргізуге 2022 жылы аудандық бюджет есебінен 5,0 млн теңге бөлініп толығымен игерілген, 2023 жылға қалған 455,5 млн теңге қаржысы бүгінгі таңда бөлінбеген. Бірақ мердігер құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Нысандардың тапсыру мерзімі: ағымдағы жылдың тамыз айы.

Өткен жылғы қорытындысы бойынша аз қамтылған отбасылар саны 2328 немесе 13986 адамға 721,5 млн.теңге (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 909 адам жұмыспен қамтылды. Ал, 2023 жылдың 1 тоқсанында 1314 отбасы, 8275 адамға 166,5 млн. теңге төленіп 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға азайған.(2022 жылдың 1 тоқсанында 1399 отбасы, 8428 адамға 189,7 млн. теңге төленген). «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 4909 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 100%ға орындалды.2023 жылға жоспар 7936 азаматты құраса, 1-тоқсанға 2513 жұмыссыз азамат бағдарламаға тартылды. Белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламасы аясында 2022 жылдың 1 наурызынан бастап Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыналы қария — тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 400 –ден астам зейнеткерлерге және 85 мүгедектігі бар азаматтарға 14 қызмет түрін көрсетуде.

Алдағы таңда ауданның алыс шалғайдағы зейнеткерлерге орталықтың қызметтерін алуға тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда. Аудандағы жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық потологиясы бар және тірек-қозғалысы аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар «Даму» мүгедектер қоғамы» ҚБ-і ғимаратының сыйымдылығына қарай 60 азаматқа әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Білім беру саласы бойынша ауданда 65 мектеп (63 мемлекеттік, 2 жекеменшік), 34652 оқушы тіркелген. 98 балабақшада (12 мемлекеттік, 84 жеке меншік, 2 шағын орталық) 10483 бүлдіршін тәрбиеленуде. Биыл Қошқарата а/о Жамбыл е/м №29 жом мектебі және Ақтөбе а/о Ынтымақ е/м №37 «Р.Қошқарбаев»мектебі пайдалануға берілді.

Биыл №28 Мақташы, №11 Жолбасшы мектептері күрделі жөндеуден өтті және оған бөлінген ақша 111,5 млн.тг құрайды. Аталмыш мектептер 2023 жылдың жаз айларында пайдалануға берілмек. Өткен жылы 1-4-ші сынып оқушыларына арналған 2 жекеменшік «Нұрбала», «Абай Дарын» мектептері ашылды. Айта кетсек, ауданда 3 ауысымда білім беретін мектептер әлі де жоқ. Ауданда 2021 және 2022 жылдары екі мектептің құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда әрі қарай жалғасын табуда.  «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы шілде айында «Ошақты ауылдық округі, Ошақты елді мекені №46 Абай атындағы жалпы орта мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысы» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Мердігер «Авторемстрой ЛТД» ЖШС-гі. Нысанның конкурстық құны  995 116,0 мың теңгеҚұрылысқа 2021 жылы Ұлттық қор есебінен 519 860,0 теңге бөлінген, ал 2022 жылға 475 216,0 мың теңге бөлінген. 2023 жылға өтпелі болып 51255,0 мың теңге облыстық бюджет есебінен бөлінді. Пайдалануға беру жоспары ағымдағы жылдың маусым айында берілмек. «Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр елді мекені №77 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық оқу корпусы, асхана, спрот зал құрылысы» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың маусым айында басталды. Мердігер «Қаратау ЛТД» ЖШС-гі. Нысанның конкурстық құны: 874 429,8 мың теңге2022 жылға облыстық бюджет есебінен 10 000,0 мың теңге бөлінді. Нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. 2023 жылға республикалық бюджет есебінен 1010963,0 мың теңге қаржы қаралды. Пайдалануға беру жоспары ағымдағы жылдың желтоқсан айы.

Мемлекет басшысы денсаулық саласына қатысты биыл бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Соған байланысты ауданда 1 орталық аурухана, 4 — ауылдық аурухана бөлімше, 1 аудандық емхана, 2 бастапқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 18 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік акушерлік пункт, 20 медициналық пункт және де 4 санатты жедел жәрдем бригадасы халыққа медициналық көмек көрсетеді. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1-қыркүйектегі жолдауы аясында 2022 жылы мемлекеттік –жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 2-медициналық жаңа ғимаратқа қол жеткізіліп тұрғындардың пайдалануына берілді.Олар: Ақтөбе а/о, Құйған е/м, ФАП және Ошақты а/о, Қаратал е/м, ФАП.

Өткен  жылғы жоспар бойынша «Абай» Келес аудандық ауруханасына қарасты 1 ауылдық аурухананың және 7 дәрігерлік емхананың қазандықтарын сұйық отынға ауыстыру (газ) монтаж жұмыстары жүргізіліп сұйық отын (газ) кіргізілді. 2023 жылы жоспар бойынша «Абай» Келес аудандық ауруханасына қарасты 2 фельдшерлік акушерлік пунк пен 3 дәрігерлік амбулаторияның қазандықтарын сұйық отынға ауыстыру (газ) бойынша құжаттары дайындалуда.

Сонымен қатар Келес ауданына қарасты 46 клубтық мекеме (аудандық мәдениет үйі-1, ауылдық мәдениет үйі-5 ауылдық клубтар -10), 27 кітапханалар (оның ішінде 2 аудандық, 25 ауылдық), 2 саябақ, 1 тілдерді оқыту және дамыту орталығы  халыққа қызмет көрсетеді. Аудан бойынша мәдениет мекемелері жоқ халық саны 1000 асатын 18 елді мекендер бар. Ауданда 6 ауылдық округ орталықтары мен халық саны көп орналасқан елді мекендерге мәдениет нысандарын салу үшін ЖСҚ құжаттары әзірленген.

Келестік жас спортшылар бүгінде облыс арасында алдыңғы қатарда келе жатқаны хақ. Осы орайда ауданда 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасқан, аталған мекемеде спорттың 15 түрі дамытылып, 5 мыңнан астам баламен жұмыс жасауда. 2023 жылы қаңтар айында «Келес спорт клубы» КММ ашылып, аталған мекеме 6 спорт түрімен қамтылған. Биыл Келес ауданынан жергілікті бюджеттен 3 елді мекенге атап айтқанда, Алпамыс батыр а/о Ақжол е/м 1 бірлік , Біртілек а/о Еңбекші е/м 1 бірлік және Қошқарата а/о Алғабас е/м 1 бірлік ашық алаңшаларының құрылысы қазіргі таңда басталды, жоба  құны — 61 млн. теңге. Абай ауылы, Асан қайғы көшесі №8/1 учаскесіндегі спорт кешенінің құрылысының жалпы құны: 1 969,8 млн теңге. 2023 жылға, 600,0 млн теңге бөлінді. Құрылысын жүргізуге «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС мердігер танылды. Жоғарыда аталған құрылыс жұмыстары 2024 жылы жоспар бойынша іске қосылмақ.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.