Түркістан облысы: Келес ауданы агрошаруашылыққа бейім өңірлердің бірі болғандықтан, Мәжіліс депутаттарының демеуі қажет

Келес ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Тимур Қырықбаев іссапармен келді. Мәжіліс депутатын Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қарсы алып, өңірдің ахуалын баяндап, өзекті мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

— Келес ауданы — агрошаруашылыққа бейім өңірлердің бірі. Мұндағы өзекті мәселелер бойынша кешенді шаралар атқарылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жайылым жер, ескірген инфрақұрылымдарды жаңарту, тұрғындарды кәсіпкерлікке баулу сынды жұмыстар қарқынды атқарылуда. Өз кезегінде жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруда өздеріңіздің демеулеріңіз қажет. Бұл бойынша алдағы уақытта толыққанды талқылаулар өткізетін боламыз, — деді Жәнібек Есенұлы.

Тимур Қырықбаев «Amanat» партиясының Келес аудандық филиалында аудандық мәслихаттың депутаттарымен, жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесіп, түйіткілді мәселелерді шешу бағытында өз көмегін беретінін жеткізді. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты жеке қабылдауына жазылған тұрғындарды қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында білім ошақтарын жөндеуден өткізу, жер, ауылшаруашылығы бағытындағы көмектер мен әлеуметтік мәселелер айтылды. Әр айтылған түйіткілді түртіп алған халық қалаулысы алдағы жұмыс жоспарына енгізетіндігін айтты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.