Сайрам ауданы әкімдігінің жер заңсыз қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу мақсатындағы жұмысшы топ құрамының мүшелері тарапынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бекіткен «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» туралы алгоритміне сәйкес, Қарамұрт ауылдық округі аумағында рейдтік шара ұйымдастырылды.
Рейд кезінде ауылдық округіне қарасты 171 орамында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым санатындағы жерлерде жердің нысаналы мақсатын ауыстырмай, жер қойнауын заңсыз пайдаланушы 9 нысанға жұмысшы топ тарапынан акт толтырылып, құзырлы органдарға заң талаптарына сәйкес шара қолдану үшін жолданылды. Бүгінгі таңда аталған жұмыстар жалғасын табуда.
Сондай кезекті тексеру Манкент ауылдық округінде жалғасты.
Көліктік бақылау рейдтік шара кезінде облыстық маңызы бар жолда «Howo» ауыр жүк көлігінде белгіленген мөлшерден артық салмақ арту деректері орын алған. Осыған байланысты, жүк тасу көліктеріне заңды шешім қабылданғанға дейін ақылы айыптұраққа қойылып, анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.
Сонымен қатар Арыс қаласы әкімінің тапсырмасымен құрылған заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша мобильді топ та кезекті рейдтік шара барысында бұзушылықтарды анықтады.
Құрамында Арыс қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен Жер қатынастары бөлімі мамандары бар мобильді топ аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, Оңтүстік мөлтекауданында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың жолын кесті.
Рейдтік шара барысында аумағы 010 гектар жерді қазып, жердің құнарлы қабатын сыдырып, заңсыз жер қойнауын пайдаланып жатқан тұлғалардың тиегіш (погрузчик) пен экскаватор техникасы айып тұрағына қамалды. Жер кодексінің 65 және 140-ші баптарының талаптарын бұзғаны үшін облыстық тиісті құзырлы органдарға шара көру бойынша жолданды.
Рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.