Отырар ауданының басшысы Сәкен Сұлтанханов Балтакөл, Маяқұм ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Алдымен бұған дейін тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштердің орындалуы туралы баяндаған аудан әкімі ауылдарды дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
Бұған дейінгі кездесулерде Балтакөл ауылының тұрғындары «егістік жерлерге ағын су шығару үшін Сумағар каналына қосымша электр насосы қойылып, Ақкөл каналының бас тоспасы орнатылса, Ақкөл ауылының ауыз су мәселесі шешілсе, Балтакөл ауылы ауруханасының жылуы реттелсе» деген өтініштерін жеткізген болатын. Аталған мәселелер назарға алынып, «Қазсушар» РМК Отырар аудандық өндірістік бөлімшесі арқылы Сумағар каналына қосымша электр насосын және Ақкөл каналының бас тоспасын орнату үшін тиісті жұмыстар атқарылу үстінде.
Мұнан бөлек Ақкөл елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында геологиялық іздеу-барлау жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ұңғы қазу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп жатыр. Ауыз сумен қамту бойынша жалпы алғанда Отырар ауданында алға жылжу бірден көзге түседі. Мысалы, Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 33 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (50306 адам немесе 97,5%). Әрине, бұл тұрғыда аудан әкімі 5 елді мекенде орталықтандырылған ауызсу жүйесі жүргізілмегенін де жасырған емес. Олар: Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл ауылдары.
Әйткенмен 2022 жылы Бестам (халық саны — 151), Жанкел (халық саны — 191), Ызакөл (халық саны — 275) елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы басталған, 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Қарақоңыр ауыл округіндегі Сырдария (халық саны — 352) елді мекеніне жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде.
2025 жылы Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл (халық саны — 365) елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген екен. Қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан геологиялық іздеу-барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылып жатыр.
«Жобаны жүзеге асыру барысында ауыз сумен қамтылмаған бес елді мекендегі 1334 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып, 2025 жылы аудан бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр» — дейді Сәкен Сұлтанханов.
Сондай-ақ, ол ауданға қарасты бірқатар елді мекендердің ауызсу жүйелері тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп отыр. Осыған орай, Жаңа Шілік, Аққұм, Балтакөл, Маяқұм елді мекендерінің ауызсу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқанын естіп-білдік.
Сонымен қатар Балтакөл дәрігерлік амбулаториясының жылу қазандығында анықталған ақаулықтарды 2023 жылдың қыркүйек айына дейін жөндеп аяқтау жоспарланған.
Айта өтейік, Балтакөл ауыл округінің орталығы – Балтакөл ауылы.
Елді мекендері — Балтакөл, Көлқұдық, Ақкөл.
Халық саны — 4399 адам.
Округтің барлық жер көлемі — 247394 гектар.
Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жерлері — 36000,5 гектар;
жалпы егістік — 4955 гектар;
суғармалы жері — 4955 гектар;
шабындық жері — 152 гектар;
жайылымдық жері — 30897 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төменде көрсетіліп отыр:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Уақ мал |
1 | Балтакөл | 30 | 636 | 2642 | 18485 |
2 | Көлқұдық | 14 | 190 | 997 | 4067 |
3 | Ақкөл | 9 | 160 | 670 | 1874 |
Барлығы | 53 | 986 | 4309 | 24426
|
Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметке үңілсек:
№ | Елді мекен | Мал дәрігерлік пунктері | Мал тоғыту орындары | Жасанды қашырым пунктері | Биотермиялық шұңқырлар |
1 | Балтакөл | 1 | 1 | 2 | 2 |
2 | Көлқұдық | — | 1 | 1 | 1 |
3 | Ақкөл | — | 1 | — | — |
Барлығы | 1 | 3 | 3 | 3
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығына назар салыңыз:
№ | Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескерту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қыркүйек |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі мынадай:
№ | Елді мекен | Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | |||||
Түйе | Норма, гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Жылқы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
1 | Балтакөл | 38788 | 30 | 12 | 360 | 636 | ||
2 | Көлқұдық | 15746 | 14 | 12 | 168 | 190 | ||
3 | Ақкөл | 7152 | 9 | 12 | 108 | 160 | ||
Барлығы | 61686 | 53 | 12 | 636 | 986 | |||
Норма гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара мал | Норма, гектар | Қажетті жайылым, гектар | Уақ мал | Норма, гектар | ||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | ||
9 | 5724 | 2642 | 8 | 21136 | 18485 | 2 | ||
9 | 1710 | 997 | 8 | 7976 | 4067 | 2 | ||
9 | 1440 | 670 | 8 | 5360 | 1874 | 2 | ||
9 | 8874 | 4309 | 8 | 34472 | 24426 | 2 | ||
Қажетті жайылым, гектар | Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар | Елді мекендердің жалпы жайылымы мен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+) | ||||||
15 | 16 | 17 | ||||||
36970 | 64190 | -25402 | ||||||
8134 | 17988 | -2242 | ||||||
3748 | 10656 | -3504 | ||||||
48852 | 92834 | -31148 | ||||||
Сондай-ақ, Маяқұм ауылының тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелерге байланысты Маяқұм ауыл округі орталығындағы «Ният» трансформаторынан шығатын тозығы жеткен электр желілерінің 22 бағанасы ауыстырылды. Бүгінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен Қостерек елді мекеніндегі Н.Оспанов көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда тегістеп, тас төсеу жұмыстары атқарылған. Жыл соңына дейін асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағысы — 543,93 шақырым (63 %). Нақтылай айтсақ, облыстық маңыздағы жолдар — 325,9 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 192,28 шақырым (59%). Аудандық маңыздағы жолдар — 109,65 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 90,15 шақырым (82,22%). Ішкі көшелер — 427,7 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 261,5 шақырым (62%). Оның ішінде: асфальт көше — 261,5 шақырым; тас көше — 87,3 шақырым; топырақ көше — 78,9 шақырым.
«2022 жылы ұзындығы 19,8 шақырымды құрайтын 26 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджеттен (сметалық құны — 303,8 миллион теңге) жүргізілді.
Ауылдық округтер төртінші бюджеті есебінен 7 шақырымды құрайтын 15 көшеге ағымдағы, орта жөндеу жұмыстары (39,8 миллион теңге) жүргізілді.
2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 19,6 шақырымды құрайтын 10 ішкі көшеге (518,4 миллион теңге) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 24,3 шақырымды құрайтын (417,9 миллион теңге) 17 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар 305,4 шақырымды (72,0 %) құрайды деп күтілуде» — деп атап өткен-ді Сәкен Сұлтанханов.
Еске салайық, Маяқұм ауыл округінің орталығы — Маяқұм ауылы.
Елді мекендері — Маяқұм, Қостерек, Бестам, Ешкі қора, Аққұм.
Халық саны — 4184 адам.
Округтің барлық жер көлемі — 283249 гектар.
Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 103484 гектар;
жалпы егістік көлемі — 4700 гектар;
суғармалы жері — 4700 гектар;
көп жылдық екпелері — 93 гектар;
шабындық жер көлемі — 161 гектар;
жайылымдық жер көлемі — 98530 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер мынадай:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Уақ мал |
1 | Маяқұм | 1620 | 1470 | 3024 | 28566 |
2 | Қостерек | 812 | 614 | 1463 | 23799 |
3 | Бестам | 712 | 346 | 976 | 14673 |
4 | Ешкі қора | 411 | 656 | 969 | 10409 |
5 | Аққұм | — | — | 665 | — |
Барлығы: | 3555 | 3086 | 7097 | 77447
|
Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет:
№ | Елді мекен | Мал дәрігерлік пунктері | Мал тоғыту орындары | Жасанды қашырым пунктері | Биотермиялық шұңқырлар |
1 | Маяқұм | 1 | 1 | 1 | 1 |
2 | Қостерек | — | 1 | — | — |
3 | Бестам | — | — | — | 1 |
4 | Ешкі қора | — | — | — | — |
5 | Аққұм | — | — | — | — |
Барлығы: | 1 | 2 | 1 | 2
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:
№ | Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескерту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қыркүйек |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:
№ | Елді мекен | Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | |||||||
Түйе | Норма, гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Жылқы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||||
1 | Маяқұм | 44556 | 1620 | 12 | 19440 | 1470 | ||||
2 | Қостерек | 21473 | 812 | 12 | 9744 | 614 | ||||
3 | Бестам | 19876 | 712 | 12 | 8544 | 346 | ||||
4 | Ешкі қора | 9784 | 411 | 12 | 4932 | 656 | ||||
5 | Аққұм | 3192 | — | 12 | — | — | ||||
Барлығы: | 98881 | 3555 | 12 | 42660 | 3086 | |||||
Норма гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара мал | Норма, гектар | Қажетті жайылым, гектар | Уақ мал | Норма, гектар | ||||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | ||||
9 | 13230 | 3024 | 8 | 24192 | 28566 | 2 | ||||
9 | 5526 | 1463 | 8 | 11704 | 23799 | 2 | ||||
9 | 3114 | 976 | 8 | 7808 | 14673 | 2 | ||||
9 | 5904 | 969 | 8 | 7752 | 10409 | 2 | ||||
9 | — | 665 | 8 | 5320 | — | 2 | ||||
9 | 27774 | 7097 | 8 | 56776 | 77447 | 2 | ||||
Қажетті жайылым, гектар | Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар | Елді мекендердің жалпы жайылымы мен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+) | ||||||||
15 | 16 | 17 | ||||||||
57132 | ||||||||||
47598 | ||||||||||
29346 | ||||||||||
20818 | ||||||||||
— | ||||||||||
154894 | 282104 | -183223 | ||||||||
Кездесу барысында тұрғындар көкейде жүрген мәселелері бойынша сауалдарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.
Кездесуден кейін аудан басшысы Сәкен Сұлтанханов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады. Жұмыссыздық бойынша айтқан талап-тілектеріне заң аясында оң шешімін табуға қолдау көрсететінін айтты. Еске салайық, 2022 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде 3419 азамат жұмыспен қамту шарасына қатысып, бұл реттегі жоспар 120,2 пайызға орындалыпты.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасына сәйкес, ауыл округтерінде 371 тұрақты жұмыс орны ашылып, жоспар 120 пайызға орындалып отыр.
2022 жылдың 12 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 417 отбасы өтініш білдіріп (2461 адам), 134,8 миллион теңгеге әлеуметтік көмек төленгені тағы бар.
Сондай-ақ, 408 балаға (1-6 жас) 4263 дана азық-түлік және 1441 дана гигиеналық құралдар жиынтықтары берілген (25,5 миллион теңге).
2022 жылы «Қамқорлық» бағдарламасына сәйкес, 22 отбасыға демеушілер есебінен 14 миллион 760 мың теңгенің қаржылай және заттай көмектері көрсетіліпті.
Нәтижесінде аз қамтамасыз етілген азаматтардың жалпы халыққа шаққандағы үлесі 4,7 пайызға азайып отыр.
Ал 2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында 3690 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Оның ішінде, нақтылай кетсек:
әлеуметтік жұмыс орындарына -190,
жастар практикасына — 410,
қоғамдық жұмыс орындарына — 600,
алғашқы жұмыс орындарына — 45,
күміс жас — 45,
мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы әлеуметтік жұмыс орыны — 1,
Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында мемлекеттік грант — 65,
кепілді шағын несие жастарды қолдау — 25,
кепілді шағын несие -129,
тұрақты уақытша жұмыс орындары -1359,
10 мың тұрғынға 100 жұмыс орындарын ашу — 662,
ұлттық жобалар арқылы 159 жұмыс орнын ашу межеленген.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.