Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан тұрғындарымен кездесу жиыны Қарақоңыр ауыл округінде қорытындыланды. Бұған дейін барлық ауыл округтерінде болып тұрғындардың талап—тілегін тыңдаған аудан басшысы әйгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың атымен аталатын ауылды абаттандыру бағытындағы жұмыстар туралы айтып берді.
Ән падишасының музей үйін тамашалауға келетін туристер саны аз емес. Сондықтан сырттан келген қонақтарға қолайлы жағдай жасау керек. Осы бағытта Ш.Қалдаяқов ауылына кіре беріс жол бойын абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылы атқарылады деп күтіліп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аясында аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. Сондай-ақ, Ш.Қалдаяқов елді мекенінен балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізілмек. Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша Отырар ауданында бірқатар жұмыстар атқарылған. Мәселен, 2022 жылы Шәуілдір ауылындағы М.Әуезов көшесіне (45,176 миллион теңге) және Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары (35,017 миллион теңге) пайдалануға берілген.
Сонымен қатар 2022 жылы 4 елді мекенде (Балтакөл, Шытты, Қарғалы, Қостерек) спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға беріліпті.
Ал Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстарына (94,15 миллион теңге) қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліпті (келісімшарт құны — 72,576 миллион теңге).
«Қазіргі заман талабына сай елді мекендерде балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын салу бойынша тұрғындардан сұраныстар көптеп түсіп жатыр» деген аудан басшысы биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққұм, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік елді мекендеріне балалар ойын алаңшасын салуға сметалық құны 151,6 миллион теңге, Шеңгелді, Талапты, Арыс, Көлқұдық, Маяқұм елді мекендерінен спорт алаңшаларын салуға сметалық құны 125,8 миллион теңге қарастырылып отырғандығын жеткізді.
Бұдан бөлек Шәуілдір-Темір автокөлік жолының ортасына абаттандыру жұмыстары жалғасын табады (сметалық құны — 72 миллион теңге) екен. Оған қоса Отырар ауданының кіреберіс қақпасының төңірегі жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр (смета құны — 45 миллион теңге).
Елді мекендегі «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі іске асып келеді. Мәселен, Қарақоңыр ауыл округі Арыс (Актам) елді мекеніндегі У.Ілиясов, Қ.Әбілқасымов көшелері мен Ш.Қалдаяқов ауылындағы «Отан» көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілген. Аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағысы — 543,93 шақырым (63 %). Нақтылай айтсақ, облыстық маңыздағы жолдар — 325,9 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 192,28 шақырым (59%). Аудандық маңыздағы жолдар — 109,65 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 90,15 шақырым (82,22%). Ішкі көшелер — 427,7 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 261,5 шақырым (62%). Оның ішінде: асфальт көше — 261,5 шақырым; тас көше — 87,3 шақырым; топырақ көше — 78,9 шақырым.
2022 жылы ұзындығы 19,8 шақырымды құрайтын 26 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджеттен (сметалық құны — 303,8 миллион теңге) жүргізілді.
Ауылдық округтер төртінші бюджеті есебінен 7 шақырымды құрайтын 15 көшеге ағымдағы, орта жөндеу жұмыстары (39,8 миллион теңге) жүргізілді.
2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 19,6 шақырымды құрайтын 10 ішкі көшеге (518,4 миллион теңге) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 24,3 шақырымды құрайтын (417,9 миллион теңге) 17 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар 305,4 шақырымды (72,0 %) құрайды деп жоспарланып отыр.
Дегенмен алдағы уақытта кезегін күткен мәселелер де аз емес. Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейде жүрген мәселелерін айтып, аудан басшысынан бақылауға алуын сұрады. Атап айтқанда, Ақтам елді мекенінің тұрғындары Ж.Бабахов пен Ж.Аңдамасовалар «ауылдағы Уәлихан Илиясов көшесіне жартылай жүргізілген асфальт төсеу жұмыстарын жалғастырып, көше соңына дейін жөндеу жұмыстары жүргізілсе» деген өтінішін айтса, Ш.Қалдаяқов ауылының тұрғыны Рахман Пәрменқұл ауыл мешітіне жұмсалатын электр тарифын үнемдеу мақсатында тариф бағасын төмендетіп беруін сұрады. Аудан әкімі аталған мәселелерді өз бақылауына алатынын айтып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Еске салайық, Қарақоңыр ауыл округінің орталығы — Ш.Қалдаяқов ауылы.
Елді мекендері — Ш.Қалдаяқов, Бестораңғыл, Сырдария, Арыс, Қарақоңыр, Қостүйін.
Халық саны — 4018 адам.
Округтің барлық жер көлемі 124224 гектарды құрайды.
Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 109453 гектар;
жалпы егістік — 3425 гектар;
суғармалы жер — 3425 гектар;
жайылымдық жер — 105933 гектар;
көп жылдық екпе ағаштар – 76 гектар;
шабындық жер – 19 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер мынадай:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Уақ мал |
1 | Ш.Қалдаяқов | 682 | 889 | 1543 | 18134 |
2 | Бестораңғыл | 23 | 58 | 367 | 3421 |
3 | Сырдария | 18 | 22 | 459 | 4576 |
4 | Арыс | 33 | 48 | 346 | 5687 |
5 | Қарақоңыр | 463 | 661 | 544 | 6745 |
6 | Қостүйін | 237 | 234 | 759 | 7435 |
Барлығы | 1456 | 1912 | 4018 | 45998
|
Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметті төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз:
№ | Елді мекен | Мал дәрігерлік пунктері | Мал тоғыту орындары | Жасанды қашырым пунктері | Биотермиялық шұңқырлар |
1 | Ш.Қалдаяқов | 1 | 1 | 1 | 1 |
2 | Бестораңғыл | — | 1 | — | — |
3 | Сырдария | — | — | — | — |
4 | Арыс | — | — | — | — |
5 | Қарақоңыр | — | 1 | — | 1 |
6 | Қостүйін | — | — | — | — |
Барлығы | 1 | 3 | 1 | 2 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы мынадай:
№ | Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескерту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қыркүйек |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі былайша:
№ | Елді мекен | Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | |||||
Түйе | Норма, гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Жылқы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
1 | Ш.Қалдаяқов | 682 | 12 | 8184 | 889 | |||
2 | Бестораңғыл | 23 | 12 | 276 | 58 | |||
3 | Сырдария | 18 | 12 | 216 | 22 | |||
4 | Арыс | 33 | 12 | 396 | 48 | |||
5 | Қарақоңыр | 463 | 12 | 5556 | 661 | |||
6 | Қостүйін | 237 | 12 | 2844 | 234 | |||
Барлығы | 108381 | 1456 | 12 | 17472 | 1912 | |||
Норма гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара мал | Норма, гектар | Қажетті жайылым, гектар | Уақ мал | Норма, гектар | ||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | ||
9 | 8001 | 1543 | 8 | 12344 | 18134 | 2 | ||
9 | 522 | 367 | 8 | 2936 | 3421 | 2 | ||
9 | 198 | 459 | 8 | 3672 | 4576 | 2 | ||
9 | 432 | 346 | 8 | 2768 | 5687 | 2 | ||
9 | 5949 | 544 | 8 | 4352 | 6745 | 2 | ||
9 | 2106 | 759 | 8 | 6072 | 7435 | 2 | ||
9 | 17208 | 4018 | 8 | 32144 | 45998 | 2 | ||
Қажетті жайылым, гектар | Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар | Елді мекендердің жалпы жайылымы мен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+) | ||||||
15 | 16 | 17 | ||||||
36268 | ||||||||
6842 | ||||||||
9152 | ||||||||
11374 | ||||||||
13490 | ||||||||
14870 | ||||||||
91996 | 158820 | -50439 | ||||||
Атап өту керек, жыл сайын Қарақоңыр ауылының еңбекқор диқандары көктемгі дала жұмыстарына ерте бастан қам жасап, аязды қыста жылыжай салу ісін қолға алып келеді. Өз несібесін жерден тауып жүрген жандардың бірі жергілікті «РПК Жанұя» ЖШС-нің төрағасы Рамазан Кенжебеков 3 гектар аумаққа жылыжай кешенінің құрылысын жүргізіп, баубақша көкөністерін егу ісін қолға алған. Шаруашылық иесі жылыжайдың 1 гектар аумағына болгар бұрышының көшеттерін отырғызуды дәстүрге айналдырыпты. Диқан алдағы уақытта 3 гектар жерді толық игеруді жоспарлап отыр.
Жалпы, болгар бұрышы күнделікті тұрмысқа өте қажетті өнімдердің бірі саналады. Құрамында дәрумендер өте көп. Бұрыштың 30 грамы осы дәруменіндегі күнделікті қажеттілікті қанағаттандырады екен. Бір ғажабы, болгар бұрышындағы пайдалы қасиеттер оны пісіргеннен кейін де сақталады. Сондықтан да бұл көкөніс нарықта үлкен сұранысқа ие.
Аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай: «Міне, егіншілікті әртараптандырудың арқасында диқандарымыз бұрын-соңды екпеген көкөністің осындай түрлеріне бет бұра бастады. Диқандарымыз осылайша отандық нарықты көкөністермен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Бұл — дұрыс бастама. Алдағы уақытта да мұндай тың жобаларға аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетуге дайынбыз» — дейді.
Ауыл шаруашылығы демекші, ағымдағы жылдың басында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан «Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы және еңбек өнімділігін арттыру» бағытында Отырар ауданына 18 көрсеткіш бектіліп берілген.
Аталған көрсеткіштердің қаңтар-тамыз айларында «бір алқаптан 2-3 өнім алу», тамшылатып суғару, жылыжай салу және қарқынды бау шаруашылығын дамыту, жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жобалары толығымен орындалып отыр. Атап айтқанда:
- Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жоспары 39,1 миллиард теңге болса қаңтар-тамыз айларындағы статистикалық мәліметке сай 17,6 миллиард (НКИ 91,7 %) теңге болып 45,0 пайызды құрады. Оның ішінде:
Өсімдік шаруашылығы: 6,1 миллиард теңге
Мал шаруашылығы: 11,5 миллиард теңге
- Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған ивестициялар жоспары 3,7 миллиард теңге болса, орындалуы — 1,5 миллиард теңге (39,6 пайыз).
- Тамақ өндірісіне салынған ивестициялар жоспары 460,4 миллион теңге, орындалуы — 158,0 миллион теңге немесе 34,3 пайыз. (Аталған көрсеткішті Аққұм, Қарақоңыр, Маяқұм, Талапты, Темір ауыл округтері жоспарды мүлдем орындамаған.)
- Егіс көлемін ұлғайту бойынша 36 246 гектар жерге егіс егу жоспарланса, орындалуы — 33 440 гектар немесе 92,3 пайыз. (Жоспардың орындалмау себебі Аққұм ауыл округіне қарасты «Аққұм» ЖШС-нің (Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қылмыстық іс жүргізуіне байланысты 5000 гектар егіс алқабының 2 200 гектар жері игерілмеген) егістік алқабын толық игермеуінен, сонымен қатар ағын су тапшылығына байланысты Д.Алтынбеков каналының аяқ жақ бөлігінде орналасқан Қарғалы ауыл округі Отырар елді мекенінің 600 гектар егістік алқаптарының игерілмеуінен жоспар толық орындалмаған).
- Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы бойынша 230,0 гектар жерді игеру жоспарланса, жоспар барлық ауыл округінде 100 пайызға толығымен орындалған.
- Тамшылатып суғару әдісін ендіруге 425 гектар жоспарланып, орындалуы 435 гектар немесе 102,4 пайыз. (Жоспарды Көксарай, Маяқұм, Отырар ауыл округтері мүлдем орындамаған)
- Жаңбырлатып суғару әдісін енгізуге 770 гектар жоспарланса, орындалуы 280 гектар, 36,4 пайыз. (Жоспарды тек Ақтөбе, Қарақоңыр, Шілік ауыл округі ғана орындаса, қалған ауыл округтерінде бұл бағыт бойынша бірде-бір жоба іске аспаған)
- Жылыжай кешенін салу 4,3 гектар жоспарланса, орындалуы — 100,0 пайыз.
- Қарқынды бау шаруашылығын дамыту үшін 126 гектар жер жоспарланса, жоспар 132,5 гектарға орындалып, 105,2 пайызға артқан.
- Ауыл шаруашылығы техникаларының 92 бірлігін жаңалау жоспарланса, орындалуы — 47 бірлік немесе 51,1 пайыз. (Аққұм, Темір ауыл округтерінде бірде-бір жаңа техника алынбаған).
- Отбасылық құс фермаларын құру бойынша 25 жоба берілсе, орындалуы — 20 жоба немесе 80 пайыз.
- Жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу. (1 дана Отырар ауылдық округінде салынған).
- Жаңа АШӨК құру — 4 бірлік, орындалуы — 100 пайыз.
- Құс етін өндіру жоспары — 50 мың тонна, орындалуы — 7 мың тонна, 14 пайыз.
- Мал бастарын ұлғайту бойынша: Мүйізді ірі қара жоспары — 64 700 бас, орындалуы — 66 452 бас. (102,7 пайыз)
Уақ мал — 379 000 бас, орындалуы — 379 300 бас. (100,1 пайыз).
Жылқы жоспары — 19 000 бас, орындалуы — 20 604 бас. (108,4 пайыз).
Түйе жоспары — 11 005 бас, орындалуы — 10 384 бас. (94,0 пайыз.)
Құс жоспары — 80 500 бас, орындалуы — 53 918 бас. (67,0 пайыз).
- Өндірілген өнім бойынша:
Ет жоспары — 10 100 тонна, орындалуы — 5 505 тонна. (Өткен жылдың тиісті кезеңі — 5439,7 тонна, 101,2 пайыз).
Сүт жоспары — 27 100 тонна, орындалуы — 18 272,9 тонна. (Өткен жылдың тиісті кезеңі — 17 602,4 тонна, 103,8 пайыз).
Жұмыртқа жоспары — 8 100 дана, орындалуы — 2 658 дана. (Өткен жылдың тиісті кезеңі — 3 754 тонна, 70,8 пайыз).
- Жыл басынан бері 2 көрсеткіш мүлдем орындалмаған Олар: «Жүзім шаруашылығын дамыту» — 23,7 гектар.
Тері, жүн өңдеу цехтары мен кәсіпорындарын ашу (1 дана).
Қаңтар-тамыз айларындағы мәлімет бойынша, жалпы 18 көрсеткіштің 5 көрсеткіші толық орындалса, 3 көрсеткіш орындалмай қалу қаупі алдында тұр. Қалған көрсеткіштер жыл соңына дейін толық орындалады деп жоспарлануда.
2024 жылға дайындалатын мал азығының жоспары 283,3 мың тонна болса, қазіргі таңда орындалуы 247,8 мың тонна немесе 87,5 пайыз. Атап айтқанда:
— Жоңышқа — 113,7 мың тонна.
- Табиғи шөп – 113,3 мың тонна.
- Сүрлем жүгері – 16,9 мың тонна.
- Сабан – 3,9 мың тонна.
Жүгері паясының есебінен 40,0 мың тоннаға жуық өнім жиналып, жалпы мал азығының көлемін 103,0 пайызға жеткізу жоспарлануда.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аудан бойынша несие алуға 4 ауыл округінен 258 адам ниет білдіріп, төрт кооперативке мүшелікке кірген. (Оның ішінде Балтакөл ауыл округі 80, Қарғалы ауыл округі 75, Ақтөбе ауыл округі 53, Маяқұм ауыл округі 50).
Бүгінгі таңға сол ниет білдірушілерден 160 адамның құжаттары жинақталып, «Ырыс» МҚҰ на өткізілді оның ішінде:
- 103 – (Балтакөл — 36, Қарғалы — 32, Маяқұм — 30, Ақтөбе — 5) құжат несие комитетінде қаралып 543,4 миллион теңгеге мақұлданды;
Оның ішінде 91 құжат қаржыландырылды 473,7 миллион теңге.
- 23 — құжат кері қайтарылған, 87,5 миллион теңге;
- 16 — құжат несие комитеті отырысын күтуде, құны 144,9 миллион теңге.
Кездесуден соң жеке қабылдауға келген тұрғындарға заң аясында тұщымды жауаптар беріліп, кейбір мәселелерге байланысты заңдылығына қарай тиісті жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.