Бұл туралы Бабайқорған ауылдық округ әкімі А.Абдраимовтың Бабайқорған ауылдық округінің 2023 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасында айтылды.
Ауыл әкімі ең алдымен экономика және қаржының жайын айтты. Бабайқорған ауылдық округі әкімінің аппаратына 2023 жылы 9 айда 87 991,0 мың теңге жоспарланған. Орындалуы 87 988,7 мың теңгені құрап отыр, яғни 99,9 %, 2,3 мың теңге үнемделген.
Тарата айтсақ, .001-бюджеттік бағдарламасы бойынша Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 41606 мың теңге жоспарланған, орындалуы — 41604,8 мың теңге, 1,2 мың теңге үнемделген қаржы. Оның ішінде еңбекақы — 19917,0 мың теңге, өтемақы төлемдері — 5647,0 мың теңге, әлеуметтік салық — 855,0 мың теңге, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар — 532,0 мың теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар — 504,0 мың теңге, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу — 9139,0 мың теңге, техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары — 778,0 мың теңге, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу — 572,0 мың теңге, өзге де қорларды сатып алу — 644,0 мың теңге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу — 10,0 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу — 2232,2 мың теңге, ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар — 307,8 мың теңге, өзге де ағымдағы шығындар 466,7 мың теңгені құрап отыр.
.008-бюджеттік бағдарламасы бойынша Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 23988,0 мың теңге жоспарланған. Орындалуы — 23987,9 мың теңге, 0,1 мың теңге — үнемделген қаржы. Оның ішінде Бабайқорған ауылдық округі бойынша трансформаторлық қосалқы станцияларды орнату жұмыстары — 18728,9 мың теңге, Сауран ауданы, Бабайқорған ауылы көшелерінің бойындағы жарықтандыру бағанын ағымдағы жөндеу жұмыстары — 1090,0 мың теңге, Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру қызметіне — 3300,0 мың теңге, Бабайқорған ауылдық округі көшелерінің бойындағы жарықтандыруды ағымдағы жөндеуге 869,0 мың теңге бөлінген.
.009-бюджеттік бағдарламасы бойынша Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету үшін 498,0 мың теңге жоспарланған, орындалуы — 497,3 мың теңге, 0,7 мың теңге — үнемделген қаржы.
.011-бюджеттік бағдарламасы бойынша Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 3367,0 мың теңге жоспарланған, орындалуы — 3366,7 мың теңге, 0,3 мың теңге — үнемделген қаржы. Оның ішінде Бабайқорған ауылдық округіндегі жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарына — 2499,7 мың теңге, Баннер әзірлеу қызметтеріне -510,0 мың теңге, билборд әзірлеу қызметтеріне 357,0 мың теңге қаралған.
.022-бюджеттік бағдарламасы бойынша Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына 532,0 мың теңге жоспарланған, орындалуы — 532,0 мың теңге. Оның ішінде Роликті көлденең -52,0 мың теңге, 1 дана Принтер МФУ 3-і 1 лазерлік — 113,1 мың теңге, 4 дана ҚР Туы — 18,4 мың теңге, 2 дана ҚР Елтаңба — 41,8 мың теңге, 1 дана Ноутбук 306,7 мың теңге тұрады.
.045-бюджеттік бағдарламасы бойынша Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 18000,0 мың теңге жоспарланған, орындалуы — 18000,0 мың теңге, оның ішінде Сауран ауданы, Байбайқорған ауылы, Үлгілі елді мекеніндегі Б.Майлин көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 18000,0 мың теңге бөлінген, жұмыстар орындалуда.
Бабайқорған ауылдық округ әкімі А.Абдраимов мұнан соң МӘМС жүйесі бойынша өзектендірілген тұрғындар туралы ақпарат берді. Оны төменде кесте түрінде ұсынып отырмыз.
№ |
Ауылдық округтердің аталуы |
«Сақтандыру» бойынша мәлімет | |||||
Ха-лық саны (жалпы)
|
Емха-наға тіркел-ген халық саны -РПН
|
Оның ішінде | |||||
Сақтандырылған санаттар | Сақтандырылмаған санаттар | ||||||
РПН
Саны |
% | РПН
Саны |
% | ||||
1 | Бабайқорған | 7294 | 4609 | 3870 | 84,0
|
736 | 16,0 |
Кәсіпкерлік саласында ауылдық округ бойынша шағын және орта бизнес базалары төмендегідей: 2023 жылы есепті кезеңіне 8 жеке кәсіпкер тіркелген және 8 кәсіпкер жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Заңды тұлғалар — біреу, шаруа қожалықтары -11, сауда дүкені — 8, тойхана — біреу.
Абай ауылында «Нұрбақыт» балабақшасы салынуда. Жер көлемі өзгертіліп, нысаналы мақсатын өзгерту үшін құжаттар дайындалып жатыр. Жоба құны — 400 миллион теңге.
Ал «Ер-Нұр» шаруа қожалығы 525 ақ бас сиыр әкелді. Инвестиция көлемі 420 миллион теңгені құрайды. Жалпы, ауылдық округке 9 айда 820,0 миллион теңге инвестиция тартылған.
Орайы келгенде айта өтейік, соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өсті. (2021 жылы — 12,4 миллиард теңге, 2022 жылы — 25,9 миллиард теңге). Биылғы 9 айда инвестиция көлемі 22,3 миллиард теңгені құрады (жылдық жоспар — 30,4 миллиард теңге).
2023 жылға 14,4 миллиард теңгеге 59 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған (508 жұмыс орны). Жыл басынан 5,3 миллиард теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 22 инвестициялық жоба жүзеге асырылады (359 жұмыс орны). Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек:
— «Ныш Ер» ЖШС-ның демалыс аймағы және қонақүй салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны — 1 миллиард теңге, 40 жаңа жұмыс орны құрылады. Нәтижесінде бюджетке жыл сайын қосымша 21,3 миллион теңге салықтар түседі деп күтілуде;
— «Sauran Plast» ЖК-ның қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы (Шорнақ елді мекені). Инвестициялық құны — 675 миллион теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке қосымша 8,6 миллион теңге салықтар түседі;
— «Turkistan Fruit» ЖШС-ның 400 гектар алаңда 2 кезеңнен тұратын бағбандық саласындағы тәжірбиелік аумағын құру, жеміс шырының тікелей сығу өндірісін ұйымдастыру және жеміс-жидек қойма құрылысын салу жобасы (Шаға елді мекені). Инвестициялық құны — 8 миллиард 533 миллион теңге, 54 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке қосымша 7,2 миллион теңге салықтар түседі;
— «Түркістан-Агро ХХІ» ЖШС-ның 1200 бас сүт-тауар фермасын салу жобасы (Шаға елді мекені). Инвестициялық құны — 9 миллиард 285,8 миллион теңге, 41 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке қосымша 4,0 миллион теңге салықтар түседі.
Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылуда: ол өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар.
Сауран ауданында бағдарлама Қарашық, Оранғай, Ескі Иқан, Майдантал ауылдық округтерінде іске асырылуда. Бүгінгі күнге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 149 жоба қабылданып, 579 миллион теңгеге 98 жоба қаржыландырылды, 13 жоба кепіл шартын тіркеу сатысында тұр. Бағдарламаның аясында ауданда 7 кооператив құрылды.
Ағымдағы жылдың 9 айында Сауран ауданы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 6 миллиард 164 миллион теңге инвестициялар тартылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артқан. Жыл соңына дейін 11 миллиард 332 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылады деп жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, алдағы уақытта жалпы құны
4 миллиард 260 миллион теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Атап айтқанда:
— Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» серіктестігі – балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға арналған қойманы салуда, жалпы инвестиция құны 2,5 миллиард теңгені құрайды, 100 жұмыс орны ашылады;
— Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» серіктестігі – мақта майын өндіру цех жобасы іске асыруда, жалпы инвестиция құны 500 миллион теңгені құрайды, 10 жұмыс орны ашылады;
— Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» серіктестігі – мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысының жобасы жоспарлануда, жалпы инвестиция құны 400 млн, теңгені құрайды, 7 жұмыс орны ашылады;
— Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығы – жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы іске асыруда, жалпы инвестиция құны 400 миллион теңгені құрайды, 10 жұмыс орны ашылады.
— Жібек жолы ауылдық округінде «JMJ Агро» ЖШС — жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасын іске асыруда, жалпы инвестиция құны – 400 миллион теңгені құрайды, 6 жұмыс орыны ашылады.
Сауран ауданы жыл сайын ағын су тапшылығын сезінуде. Осыған сәйкес, ағын суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында, бірнеше жобалар іске асырылуда.
Атап айтқанда, Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына (8,67 шақырым) және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда (12,1 шақырым).
Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасын күрделі жөндеу жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Бабайқорған ауылдық округінде карьерлер тіркелмеген.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша. Ауыл тұрғындарының атаулы әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2023 жылы I, ІІ, ІІІ тоқсандарында атаулы әлеуметтік көмекке 54 азамат өтініш беріп, олардың ішінде 35 отбасыға тағайындалып, 19 отбасының құжаттары кері қайтарылды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 68 азамат жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда округте еңбек етіп жүр.
Жастарды жұмысқа тарту негізінде Жастар практикасымен 10 жас маман Бабайқорған ауылдық округі бойынша жұмыс атқарып жүр.
«Ауылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары да қолға алынғанын айта кету керек. «Бабайқорған ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ауылдық округ әкімінің бас маман А.Ержигитов баяндама жасап, іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттің жүргізіп жатқан саясаты тақырыбында және сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік–құқықтық актілер туралы айтылып, тұрақты түрде жиналыстар өткізліп хаттама түзіледіндігін баяндады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын насихаттау мақсатында «Жемқорлық – жегі құрт» атты мақала «Сауран» газетінің 2023 жылдың 15 ақпанындағы №7 (66) санында жарияланды» — дейді ауылдық округ әкімі.
Ал Бабайқорған ауылдық округі бойынша 2023 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметті кестемен бергенді мақұл көрдік.
№
р/с |
Көрсетілетін қызметтердің атауы | Баламалы түрде көрсетілуі | Бас тарту | |||
Заңды тұлға | Жеке
тұлға |
Заңды тұлға | Жеке
тұлға |
|||
1 | Атаулы әлеуметтік көмек | Тікелей | — | 53 | — | 21 |
ХҚКО | — | — | — | — | ||
2 | Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру | Тікелей | — | — | — | |
ХҚКО | — | — | — | — | ||
3 | Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру | Тікелей | — | 6 | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | ||
4 | Жер учаскесін алу үшін кезекке қою | Тікелей | — | — | — | — |
Қызметтер саны | Тікелей –59 | ХҚКО –0 |
Бабайқорған ауылдық округінің әкімі А.Абдраимов сөзін Бабайқорған ауылдық округі бойынша қандай өзекті мәселелер бар дегенмен қорытты. Сонымен дәл бүгінгі таңда ауылдық округ үшін мына проблемалар өзекті болып тұр:
— Бабайқорған ауыл округіне воркаут, балалар алаңшасын, футбол алаңшасын орнату. Жобалық-сметалық құны 34,979 миллион теңгені құрайды.
— Бабайқорған ауыл округіндегі қоқыс полигонының аумағын қоршау жұмыстарын атқаруға жеңімпаз анықталып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр.
— Бабайқорған ауылдық округіне трансформатор орнату (6 дана). Жобалық-сметалық құны — 34,053 миллион теңге көлемінде.
— Бабайқорған ауылдық округі Үлгілі елді мекеніндегі Б.Майлин көшесін орташа жөндеу. Келісімшарт 20 миллион 340,95 мың теңгеге жасалды, жеңімпаз «Сарбаз-Қуат» ЖШС болып табылады, орындалу мерзімі 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін деп белгіленген болатын.
— Бабайқорған ауылдық округі Абай ауылындағы «Ақтөбе» су қоймасынан егістікке тас арық (лоток) салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 12 миллион 600 мың теңге бөлінді.
— Бабайқорған ауылдық округі Үлгілі ауылындағы «Сасық бұлақ» су қоймасынан егістікке тас арық (лоток) салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 13 миллион 457 мың теңге бөлінді.
— Бабайқорған ауылындағы мәдениет және кітапхана құрлысына 390 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, бюджетке ұсынылды.
— Бабайқорған – Абай ауылдары арасындағы 9 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды, құны — 5 миллион теңге.
— Абай елді мекені мен Көксарай ауылын жалғайтын көпірді ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жарияланып, жеңімпаз ретінде ЖК «AIZHAMAL» анықталды. №4 келісімшарт 2023 жылғы 13 наурызда жасалды, сомасы 6 899,5 мың теңгені құрайды.
— Бабайқорған ауылындағы орталық спорт алаңына 99 миллион 743 мың теңге қаражат бөлініп, құрылысы жүргізілуде.
— Бабайқорған елді мекеніде жеке кәсіпкер Алибек Құрбанов 500 орындық Имандылық асханасын салуда.
— Бабайқорған ауылдық округіндегі көшелерді жарықтандыру бағандарының ағымдық жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жарияланып, жеңімпаз ретінде ЖК «МЕГА СЕРВИС» анықталды. №31 келісімшарт 2023 жылғы 26 маусымда жасалды, сомасы 1090 000 теңгені құрайды.
— Бабайқорған ауыл округіне қарасты Игілік елді мекенінде бүгінгі таңда ауыл статусын алуға жұмыстары жүргізілуде.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.