Түркістан облысы: Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы асфальт жабындысын төсеуді қажет ететін көшелер тізімі мен картасы жасалып жатыр

Ағымдағы жылы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Заманауи үлгідегі 200 орындық спорт кешені мен «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық Ыбырай Алтынсарин атындағы жаңа мектептің құрылысы басталды.

Бұдан бөлек Ақшам және Наурыз мөлтекаудандарын толықтай ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстар жалғасуда. Осылайша аудан орталығында қолға алынған ауқымды жобалар басталып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылынан Е. Өмірбеков және Төлендиев көшелерін қосатын көлденең көшеге, Ж.Қаламбаев пен Жамбыл көшесінің жалғасына, Жібек жолы көшесінің қосындысына, Нұрлы жол көшесіне асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Е.Өмірбеков, С.Абуов-1, С.Абуов-2, М.Әуезов-1, М.Әуезов-2 Қ.Рүстемов, А.Иманов және Әйтеке би көшелері жарықтандырылды. Ауылдық округке қарасты Жеткіншек, Абай және Балдысу, Қарабұлақ елді мекендерінің орталық көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Абай елді мекені тұрғындарын 24 сағат ауыз сумен қамту үшін А.Иманов атындағы жалпы орта мектебіне 25 метр және су құбыры мұнарасының қасынан тереңдігі 140 метр болатын ұңғыма құдық қазылды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда «KATCO» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен С.Абуов көшесінің бойынан салынған кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңы ел игіліне берілді. А.Спатаев көшесінің бойында салынып жатқан алаңша жақын күнде іске қосылады. Бұған қосымша, үстіміздегі жылы «Инкай» БК» ЖШС демеушілігімен Қарабұлақ, Жеткіншек елді мекендеріне және Шолаққорған ауылының Ж.Ерімбетов көшесіне балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауыл округінің тұрғындарымен өткізген есептік жиында мәлімдеді.

Сонымен қатар, бүгінде Шолаққорған ауылында газ, су құбыры желілері қазылып жатқандықтан, жол жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылғанын айтып, қазіргі таңда Шолаққорған ауылындағы асфальт жабындысын төсеуді қажет ететін көшелер тізімі мен картасы жасалып, жөндеуге ұсыныс әзірленіп жатқанын тілге тиек етті.

Жиында тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, келелі жылға бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдады. Аудан басшысы айтылған әрбір мәселені назарға алып, маңыздылығына тоқталып өтті. Есептік жиын соңында бірқатар тұрғындар жеке мәселесі бойынша жүгініп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Сала мамандарына көтерілген мәселелердің шешу жолын жан-жақты қарастырып, тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Еске салайық, ауылдық округ  құрамына Шолаққорған, Абай, Балдысу, Жеткіншек, Қарабұлақ ауылдары кіреді. Орталығы — Шолаққорған ауылы. Округ құрамында болған Теріскей ауылы 2017 жылы таратылған.

2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 13901 адамды құрады. Шолаққорған — ауыл, Түркістан облысы Созақ ауданының (1934 жылдан) және Шолаққорған ауылдық округі орталығы.

Облыс орталығы — Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 110 шақырым жерде, Қаратаудың солтүстік беткейінде, далалы, шөлді мекенде орналасқан. Ауыл арқылы Шымкент — Кентау, Түркістан — Жаңатас автомобиль жолы өтеді.

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 8727 адам (4433 ер адам және 4294 әйел адам) болса, 2009 жылы 7934 адамды (3936 ер адам және 3998 әйел адам) құрады.

Шолаққорған – ортағасырлық қалашық. Шолаққорған ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1983 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық отряды (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеген. Қала қирандысы төрт бұрышты биіктігі 15 метрге жуық, шығыстан батысқа қарай 160 метр, солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 метрге созылған үсті тегіс төбе. Сырты саз дуалмен қоршалған. Тіршілік еткен мерзімі үстінен жиналған қыш ыдыстардың сынықтарына қарап, қаланың 13 – 16-шы ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды. Өкінішке қарай, Қаратаудың терістігімен өтетін Керуен жолының мықты бекінісі болған. Қаланың үстіне қазіргі кезде үйлер салынып кеткен. 1957 жылдан қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. Аудан орталығы 1934 жылы Созақтан Шолаққорғанға көшірілген.

Шолаққорған ауылдық округінің орталығы — Шолаққорған ауылдық округі.

      Елдімекендері — Шолаққорған, Абай, Балдысу, Қарабұлақ, Жеткіншек.

      Халық саны – 18914 адам.

      Округтің жалпы жер көлемі — 270419 гектар.

      Оның ішінде:

      ауыл шаруашылығы жері – 41848 гектар;

      жалпы егістік — 2403 гектар;

      жайылымдық жер- 39184 гектар;

      шабындық — 845 гектар;

      көп жылдық екпелер 109 гектарды құрайды.

      Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төменде келтірілген:

Елді мекендер Түйе Жылқы Ірі қара мал Уақ мал Құс
1 Шолаққорған 2766 4861 4742 26216 3212
2 Абай 365 629 5511 1569
3 Балдысу 305 436 4855 1871
4 Қарабұлақ 357 421 4985 1011
5 Жеткіншек 242 295 1011 839
  Барлығы: 2766 6130 6523 42578 8502

 

      Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметті төменде ұсындық:

Елді мекендер Мал дәрігерлік пунктері Мал тоғыту орындары Жасанды қашырым пунктері Биотермиялық шұңқырлар
1 Шолаққорған 1 3 1 1
2 Абай 1 1
3 Балдысу 1
4 Қарабұлақ 1 1
5 Жеткіншек
  Барлығы: 1 5 3 2

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы мынадай:

Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Таулы аймақтан шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескерту
1 сәуір-мамыр айлары тамыз-қыркүйек айлары  

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі төменде көрсетіліп отыр:

Елді мекендер Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі,гектар Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жылқы, түйе Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Ірі қара мал
1 2 3 4 5 6 7
1 Шолаққорған 7627 9 68643 4742
2 Абай 365 9 3285 629
3 Балдысу 305 9 2745 436
4 Қарабұлақ 357 9 3213 421
5 Жеткіншек 242 9 2178 295
  Барлығы: 241115 8896 9 80064 6523
Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Уақ мал Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар Елді мекендердің жалпы жайылым мен қажетті жайылымның айырмасы,(-,+)
8 9 10 11 12 13 14
8 37936 26216 2 52432
8 5032 5511 2 11022
8 3488 4855 2 9710
8 3368 4985 2 9970
8 2360 1011 2 2022
8 52184 42578 2 85156 217404 +23711

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin