Түркістан облысы: Педагогтар арасындағы «KitapХАН@» кітап оқу жобасының кезекті шығарылымы қорытындыланды

«KitapХАН@» кітап оқу жобасының ІІІ айналымының 30-апталық шығарылымы өтті. Бүгінгі апталық шығарылымда Сауран, Түркістан, Бәйдібек, Сарыағаш, Кентау аудан-қалаларының білім беру ұйымдарының педагогтары қатысып, оқыған көркем әдебиеттерін оқырман қауымға дәріптеді.

Нәтижесінде Сауран ауданындағы Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сайяра Исмаилова Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» кітабын дәріптеп, 33%-бен апталық жеңімпаз атанып, айлық сайысқа жолдама алды.

Сондай-ақ «KitapХАН@» кітап оқу жобасының басшылар құрамына арналған 14-апталық шығарылымы да өз мәресіне жетті.

Бүгінгі басшы құрамының 14-апталық шығарылымында Отырар, Шардара, Қазығұрт, Арыс, Созақ аудан-қалаларының мектеп оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, оқыған керемет көркем әдебиеттерін оқырман қауымға жеткізе білді.

Басшы құрамы сайысының нәтижесінде Созақ ауданындағы Созақ мектеп-гимназия ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Раман Қыдырқұлов А. Бектің «Арпалыс» кітабын талдап, 23.5%-бен апталық жеңімпазы атанып, айлық сайысқа жолдама алды.

Бұдан бөлек «KitapХАН@» кітап оқыту әдісінің басшылар құрамына арналған 3-айлық шығарылымы өтті. Бүгінгі айлық шығарылымда Мақтаарал, Созақ, Түлкібас, Кентау қала-аудандарынан мектеп басшылары мен директор орынбасары, әдіскер қатысып, оқыған көркем әдебиеттерін оқырман қауымға жеткізе білді.

Нәтижесінде Кентау қаласындағы Кентау қалалық білім бөлімі әдіскері Азамат Шыналиев Д. Аджемоғлы, Дж.А. Робинсонның «Мемлекеттер неге дамымай қалады?» атты кітабын дәріптеп, 27.5%-бен айлық жеңімпазы атанып, жылдық сайысқа жолдама алды.

Созақ ауданындағы Л.Жолдасов атындағы ЖББМ ДОІЖО Дінтай Жұматай Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» кітабын қорғап, 27%-бен 2-жүлдені жеңіп алды.

Түлкібас ауданындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖББМ мектеп директоры Қалжан Сатыбалдина Мархабат Байғұттың «Қозапая» кітабын қорғап, 26%-бен 3-жүлдені жеңіп алды.

Мемлекет басшысы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Түркістан облысы білім беру мекемелерінің кітапханашылары мен педагогтеріне 2021 жылыдың 15 қазанында, 5-10 сынып оқушылары және колледж білім алушыларына 2022 жылдың 13 қаңтарында   «KitapXAH@» кітап оқу сайысы Zoom платформасында, Facebook әлеуметтік желісінде бастау алған болатын.

ХАН — ең көп кітап оқитын адам, кітап оқығыштардың төресі, бірінші деген мағынаны білдіреді. @ белгісі, жобаның тек онлайн режимде өтілетінін білдіреді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда халықтың кітап оқу дағдысын қалыптастыруды мектептерден бастап қолға алуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту» жөніндегі Жол картасы әзірленді. Осы ретте «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасын атап өтуге болады.

Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысының білім саласы оқушылар мен мұғалімдерді кітап оқуға ынталандыратын инновациялық KitapХАН@ облыстық жобасы тұрақты жүргізіп келеді. Яғни, KitapХАН@ жобасы – оқырманның кітап оқуға қызығушылығын арттыратын механизмінжасап шықты. Жобаға қатысушы мұғалімдер мен оқушылардың үлесі артып отыр.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс бойынша 55 мектепте демеушілердің көмегімен «Коворкинг» орталығы ашылды. Көркем әдебиетке 378 миллион 717 370 теңге бөлініп, сатып алу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, халықаралық сарапшылардың айтуынша, жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқуға деген құштарлықтың әсері мол.

Кітап оқу сауаттылығы деңгейін анықтау мақсатында әлемнің көптеген елдері OECD және IEA сынды халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысып, нәтижелерін қолданады.

PISA зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қазақстан оқушылары оқу сауаттылығы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдеріндегі өз қатарластарынан едәуір артта қалып отыр.

PIAAC халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша еліміздегі 16-дан бастап 55 жасқа дейінгі азаматтардың да оқу сауаттылығы нашар болып шықты.

Яғни, өкінішке қарай, еліміздегі ересек азаматтардың да оқу сауаттылығы — төмен деңгейде.

Бұл – бүгін ғана белгілі болған проблема емес, жылдар бойы қордаланған мәселе.

Біздің балаларымыз кітапты оқуға келгенде жалқаулық танытатыны бір бөлек, кейде оқыған мәтінді нашар түсініп, дұрыс қабылдай алмайды.

Оған қоса талдау және қорытынды жасау дағдылары да ақсап тұр.

Бұл — шын мәнінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін үлкен проблема.

Сондықтан да Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Ол үшін бала мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет. Біз осы мақсатта жағдай жасауға міндеттіміз.

Білім және ғылым саласына қарасты 7096 кітапхана жұмыс істейді. Мектептерде – 6461, колледждерде – 579, жоғары оқу орындарында – 56, сондай-ақ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана жұмыс істейді. Ал білім беру ұйымдарындағы жалпы кітап қоры – 267 325 289. Саны, әрине, көңіл көншітерлік.

Дегенмен олардың қаншасы көркем әдебиет? Сол көркем әдебиеттің қаншасы қазақ тілінде? Мектеп кітапханалары жаңа кітаптармен қаншалықты жиі толықтырылады? Э. Берроуз, А. Азимов, М. Твен, Ж. Верн және басқа авторлардың еңбектері қазақ тіліне аударылған ба?

Бұл тұрғыда айтарлықтай проблемалар бар.

Айта кетерлігі, кітапхана қоры негізінен оқулықтардан тұрады, ал көркем әдебиет саны аз, олардың басым бөлігі кеңестік кезеңде пайдаланылған идеологиялық сипаттағы кітаптар. Әсіресе қазақ тілінде жазылған қазіргі заманғы көркем әдебиет – жоқтың қасы.

Көркем әдебиеттің балалар үшін қолжетімді болуы үшін министрлік арнайы жоба әзірледі. Жоба аясында білім беру ұйымдарына қарасты кітапханалардың материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жақсарту, балаларға арналған көркем әдебиетті жыл сайын сатып алуды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Сондай-ақ Ұлттық білім академиясы әдебиет, тіл институттарымен, «Оқулық» орталығымен, Ұлттық ғылыми кітапханамен, НЗМ, БИЛ бірлесіп ұсынылған әдебиеттер тізімін құруға кірісті.

Жоба шеңберінде қазақ әдебиетінің де, қазақ тіліндегі әлем әдебиетінің де қолжетімді болуына ерекше назар аударылып жатыр. Одан өзге кітапханаларды ғылыми фантастика жанрындағы кітаптармен қамтамасыз ету де маңызды.

Мемлекет кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қайта қарастырып жатыр. Оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастама көтерді.

Кітапхана заманауи жабдықталып, бала үшін ыңғайлы әрі қызықты болуы керек. Оқушы онда кітап оқумен қатар нетворкинг немесе шығармашылық даму дағдыларын игере алуы қажет.

Бүгінгі таңда көптеген мектеп кітапханаларының жұмыс форматы ешқандай сын көтермейді.

Қазіргі жастардың көбі ақпаратты цифрлық технологиялар арқылы пайдаланатынын ескере отырып, мемлекет алдағы уақытта кітапханаларды цифрландыруды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, көркем әдебиеттің электронды нұсқаларын Интернет және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді ету қажет. Мұндай жобалар қазірдің өзінде бар. Олардың авторларымен бірігіп жұмыс істеп жатыр тиісті ведомство. Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі геймификация элементтерін қолдануды жоспарлап отыр.

Оқу – біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы.

Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін оқысақ, біріміз жұмыс барысында ақпарат іздеп оқимыз. Арамызда кітап оқып, демалатындар да бар. Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды.

Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады.

Кітап оқуға бала кезден баулу керек. Адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан пайда болады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin