«Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Парктер шеруі – 2024» табиғатты қорғау экологиялық акциясын жыл сайын өткізіп келеді. Бұл акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, туған жер табиғатына ұқыпты қарауды насихаттап, экологиялық мәдениетті дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Парктер шеруі кезінде 3 іс-шара жүзеге асырылады. Мәселен, «Парктер тынысы» фотокөрмесі, «Сырдың көркі – тораңғы» атты қоқыс тазалау шарасы және «Қазақстан – қызғалдақтар отаны» акциясы өтеді.
Табиғи парк ұжымы биыл «Таза Қазақстан» науқаны бойынша «Парктер шеруіннің» акциясын еліміздің Қызыл кітабына енгізілген грейг қызғалдағы ең көп өсетін Бәйдібек ауданындағы таулы аймақта ұйымдастырылды.
Акция аясында «Қазақстан – қызғалдақтар отаны» шарасы Бәйдібек маңындағы қызғалдақтар көптеп кездесетін орындар және Ақмешіт үңгірі, Бәйдібек ата кесенесінде өткізілді. Жалпы шараға 150 адам қатысып, 250 дана үнпарақ таратылды.
Онда табиғат жанашырлары ауданға келуші туристер мен мектеп оқушыларына арнайы парақшалар таратып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Мамандар акция аясында, әсіресе, «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға ерекше ден қойып отыр.
Парк мамандарының айтуынша, Грейг қызғалдағы – өте әдемі, сәнді өсімдік. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қызғалдақтың бірнеше жүздеген мәдени сорттарының жабайы туысы. Өңірлік парктің барлық жерлерінде кездеседі. Боралдай өзенінің аңғарында гүлінің реңі ерекше өзгергіштігімен ерекшеленетін ең бағалы алқаптары шоғырланған. Басқа өте сәндік түрлер секілді популяция санының жағдайына бақылауды қажет етеді.
– Грейг қызғалдағын жұлған соң, ол 1 сағат ішінде солып қалады. Бұл гүл дәнімен көбейеді. Қызғалдақты жұлып алсақ, оның қайтып өсіп шығуына он жылдан аса уақыт кетеді. Сол себепті балаларға экологиялық сауаттылықты жастайынан сіңіруіміз қажет. Соңғы жылдары қызғалдақты жұлу біршама реттелген, – деді «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Нұрила Төре.
Грейг қызғалдағы (лат. Tulipa greigii) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Қаратау жотасында, Шу-Іле тауларында, Қоржынтауда, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40 – 50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңгі бетінде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы арқылы және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі – қорапша. Грейг қызғалдағы – өте әдемі, сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында сақталған. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарында қолдан өсіріледі. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ — лалагүлділер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Шу-іле тауларында, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі: 40-50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңті бетіңде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы арқылы және вегетативі (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі — қорапша. Грейг қызғалдағы — өте сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында сақталган. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарыңда қолдан өсіріледі. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның 235 «Қызыл кітабына» енгізілген.
Биіктігі 20-50 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 2,5 — 4 см, көн тәрізді қара қоңыр, ішкі жағы, әсірісі түбі мен ұшы қалың түкті қабықты.
Сабағының жоғарғы жағы түкті, жапырақ саны — 3 — 4, шамалы жақын орналасқан, қайырылған, бұйра, көкшіл сұр, жоғарғы жағында көптеген күлгін дақтары бар, жоғарғысы едәуір түкті, кірпікшелі, әдетте гүлге жетеді, ең төменгісі сопақшадан жалпақ эллипске дейін тәрізді, ені 3,5 — 8 см. Сыртқылары түкті, жұмыртқа тәрізді, жоғарғы жағы қайырылған, ішкісінен шамалы қысқа, ішкілері кері жұмыртқа тәрізді; аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа, олардығ жіпшелері жалаңаш, сары немесе қаралау, тозаңдықтары сары, сирек күлгін, жіпшелерінен 2 есе ұзын, түйіні орнықты ауызды; қорапшасының ені 2 — 3 см, ұзындығы 4 — 6 см.
Мамыр — маусым айларында гүлдейді.
Шағыл тасты және сазды топырақты далаларда, аласа тау мен тау етегінде өседі. Қызылорда, Түркістан флористикалық аудандарында Іле, Күнге» Алатауының батыс сілемдерінде (Шу — Іле тауларының тоғысқан жеріндегі Қордай асуы маңында), Қырғыз Алатауы, Шу — Іле таулары, Қаратауда кездеседі.
«Қазақстан – қызғалдақтар отаны» атты акцияның өткізілуінің негізгі себебі — қызғалдақтардың түп отаны қазақ жері екендігін дәлелдеу. Мысалы, Қазақстанда қызғалдақтың 40-қа жуық түрі өседі. Оның жартысынан астамы — сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері. Көшпенді халықтың көне ғимараттарында да қызғалдақ суреттері аз емес. Атап айтсақ, Қожа Ахмет Ясауи, Айша бибі кесенелерінде қолданылған кірпіштерде қызғалдақтар бейнеленген. Қызғалдақ тарихы 1050 жылдардағы парсы дастандарында да жазылған. Ол Азия еліне «тюльпан» есімімен танымал. Себебі, ертедегі түріктің бас киімі қызғалдаққа ұқсастығы себеп болған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-шы бабында қызғалдақтарды заңсыз жұлғаны үшін, айыппұл немесе қоғамдық түзету жұмыстарына тарту қарастырылған.
Еске салайық, биыл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясының ашылу салтанаты өткен болатын. Оған мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, мектеп аумағына 40 түп туя ағашы, 15 түп үйеңкі, 15 түп шаған көшеттерін отырғызды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін акцияны «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.
Аталған шара аясында 3 түрлі бастама қолға алынды. Атап айтсақ, «Парктер тынысы» фотокөрмесі, «Сырдың көркі – тораңғы» атты қоқыс тазалау шарасы және «Қазақстан – қызғалдақтар отаны» акциясы.
Бұл бастаманың мақсаты – туған жер табиғатына ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық мәдениетті дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Шараға Туризм рекреация экоағарту бөлімінің меңгерушісі Айгерім Тажиева, Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Нұрила Төре қатысып, сөз сөйлеп, оқушыларға іс-шараның маңыздылығын атап өткен-ді.
Іс-шара барысында оқушылар тақырыпқа сай 4 командаға бөлініп, бақ сынасты. Сайыс соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.