Түркістан облысы: Ордабасы ауданында зиянкестерге қарсы өңдеу шаралары жүргізіліп жатыр

Аудан әкімі Азат Оралбаев Бөржар ауылдық округінде болып, аса қауіпті зиянкестерге, оның ішінде Марокко шегірткесіне қарсы жүргізіліп жатқан химиялық өңдеу іс-шараларын бақылап көрді.

Айта кету керек, аудан әкімінің өкімімен аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу іс-шараларын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысшы штаб құрылған. Ағымдағы жылы марокко шегірткесінің дернәсілдерін зерттеуге – 47,0 мың га жер, химиялық өңдеуге – 14,2 гектар, прус шегірткесінің дернәсілне – 4,0 мың гектар, жергілікті саяқ шегірткесіне 2,0 мың гектарға мониторинг шаралары жоспарланған.

Жалпы, Түркістан облысы аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 15 қаңтарында облыс әкімінің өкімімен «Аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізетін штаб құрылды». Штаб құрамына облыс әкімінің орынбасары, жауапты сала басшылары мен аудан, қала әкімдері енгізілген. Штаб құрамына сәйкес, 15 ауданда осы жұмыстарды үйлестіру бойынша жергілікті штабтар құрылып дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы марокко шегірткесі көп таралған өңір болып табылады. Атап айтқанда, негізгі ошақтары Арыс, Сарыағаш, Келес аудандары болып табылса, соңғы жылдары Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт, Төлеби, Сауран, Шардара және Отырар аудандары, барлығы 10 ауданның 62 ауыл округінде кездеседі.

2017 жылдан бері марокко шегірткесінің таралу динамикасына қарасақ, 2017 жылы 430,0 мың гектардан аса алқап өңделсе, одан кейінгі өңделген көлем төмендеген. Көпжылдық тәжірибеге сүйенсек, марокко шегірткесі 7- 8 жылда таралу шегіне (пик) келіп тұрады. Соңғы 3 жылда өңдеу көлемдері ұлғайып, таралу шегіне жететін мезгіл 2024-2025 жылдарға тура келіп тұр.

Ағымдағы жылы марокко шегірткесіне қарсы облыс бойынша барлығы 271,575 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 162,119 мың гектары — жер үсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен, 107,350 мың гектары — әуемен,  0,706 мың гектар — аспалы бүріккішпен, 1,4 мың гектары ұшқышсыз ұшу аппаратымен жүргізіледі.

Марокко шегірткесіне қарсы қолданылатын «Карат Супер к.э.» іш құрылысы, жанасу арқылы әсер ететін болса, «Пиларкинг в.к.» және «Тиаметрин с.к.» препараттары кешенді әсер ететін препараттар болып табылады.

Марокко шегірткесінің таралу аумағын анықтауға болжам орталығы тарапынан 733,36 мың гектарда мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Оған жергілікті атқарушы органдардан 244 қосымша анықтаушы, болжам орталығынан 79 жауапты маман мен 38 автокөлік қатысады.

Жалпы алғанда, фитосанитариялық жұмыстардың ұйымдастырылуына 74 дана жер үсті бүріккіші, 6 дана АН-2 ұшағы, 5 дана аспалы бүріккіш, 1 дана ұшқышсыз ұшу аппараты және инспекция тарапынан 21 жұмыс тобы, 40 инспектор, 19 автокөлік, өзге облыстардан 4 қызметкер 4 автокөлігімен, Болжам орталығынан 79 маман, 38 автокөлік, жергілікті атқарушы органнан 244 қосымша анықтаушының қатысуымен жүргізіледі деп күтілуде.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне сәйкес, Арыс қаласы – 17,150 мың гектар, Келес ауданы – 16,650 мың гектар, Сарыағаш ауданы – 17,300 мың гектарда 24 дана жер үсті бүріккіш техникасымен өңдеу жұмыстарын жүргізетін «SATTI TULIK» ЖШС, Бәйдібек – 4,890 мың гектар, Қазығұрт – 8,228 мың гектар, Ордабасы – 7,113  мың гектар, Отырар – 0,450 мың гектар, Сауран – 3,757 мың гектар, Төлеби – 1,372  мың гектар, Шардара – 4,150 мың гектар, барлығы 29,960  мың гектар аумақта  «Защита растений-К» ЖШС жер үсті бүріккіштерімен күрес жұмыстарын жүргізетін мердігер болып танылды. Осы жұмыстарға 38 жер үсті бүріккіш техникасы қарастырылған.

Әуемен химиялық өңдеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы негізінде Арыс-18,500 мың гектар, Келес—14,775 мың гектар, Сарыағаш – 20,400  мың гектар, барлығы 53,675 мың гектарда өңдеу жұмыстарын «Авиакомпания «Дельта-Юг» ЖШС 3 дана АН-2 ұшағымен жүргізеді. 

Қалған, жер үсті бүріккіштерімен – 81,059 мың гектар, әуемен – 53,675 мың гектар, аспалы бүріккіштер – 0,706 мың гектар және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен 1,400 мың гектар көлемге мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде. Жалпы алғанда 271,575 мың гектардың 134,735 мың гектарында жеңімпаз анықталып, қалған 136,840 мың гектарда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Естеріңізде болса, таяуда ғана Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауыл округінде облыс көлемінде үйірлі Марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бойынша кеңейтілген штаб отырысы мен семинар-кеңес өткізілген болатын. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың төрағалық етуімен өткен жиынға ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Д.Абдикаримов және сала басшылары, сонымен қатар аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен БАҚ өкілдері қатысты.  Штаб отырысында ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Н.Бекмұратовтың, А.Арапбаевтың және мердігер мекеме басшыларының баяндамалары тыңдалып, Марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес жұмыстарына дайындығы пысықталды. 

Марокко шегірткесінің дернәсілдерін анықтауда «РФДжБӘО» РММ тарапынан 79 маман, 38 автокөлік, жергілікті аудан әкімдіктерінен 244 уақытша анықтаушы,  инспекция тарапынан 21 жұмыс тобынан құралған 40 инспектор және 19 қызметтік автокөлік жұмылдырылады.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне сәйкес, бүгінгі таңда «SATTI TULIK» ЖШС және «Защита растений-К» ЖШС жеңімпаз болып танылып, химиялық өңдеу көлемдері жоспарланған аумақтарда жер үсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен химиялық күрес шаралары жүргізіледі. Ал әуеден «Авиакомпания Дельта-Юг» ЖШС АН-2 ұшақтарымен өңделеді.

2024 жылдың 17-18 сәуір күндері Түркістан облысы әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Ермек Кенжеханұлы штаб мүшелерімен бірге Арыс қаласы мен Сарыағаш, Келес аудандарына барып, аса қауіпті Марокко шегірткесімен күрес жұмыстарының барысымен танысты.

Жалпы, облыс көлемінде химиялық өңдеу жұмыстары 16 сәуірден басталған болатын. Осыған орай, штаб төрағасы бұған дейін өңделген аумақтарды аралап, биологиялық тиімділікті қарап, өңдеу жұмыстарына жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, аудан, қала әкімдіктеріне қарасты аумақтарда аса қауіпті Марокко шегірткесімен тиімді де нәтижелі күрес жұмыстарын ұйымдастыру және қосымша анықтаушыларды көптеп тарту тапсырылды. «РФДжБӘО» РММ Түркістан облыстық филиалына белгіленген аумақтарда анықтау-зерттеу жұмыстарын уақтылы жүргізіп, күнделікті экономикалық зиянды шегінен асқан аумақтардың зерттеу актілерін ұсыну міндеті жүктелді. Химиялық өңдеу жүргізуге жауапты мердігер компанияларға өңдеу жұмыстарына қосымша техникалар мен ұшақтар тарту және бұдан әрі «Тиаметрин» препаратын қолдану, оның 1 реттік шашу нормасын барынша ұлғайту жөнінде тапсырма берілді. Ал Түркістан облыстық аумақтық инспекциясына зиянкес жәндік таралған аудан, қаладағы аумақтарда қарқынды жұмыстар жүргізіп, облыста фитосанитариялық ахуалдың тұрақты болуын қамтамасыз ету керектігі айтылды.

Биыл облыс бойынша Марокко шегірткесімен күрес жұмыстарын 271,6 мың га алқапта жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, 162,1 мың га жер үсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен, 107,4 мың га әуемен, 0,7 мың га аспалы бүрікішпен және 1,4 мың га аумақ ұшқышсыз ұшу аппаратымен өңделеді.

Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне облыстық аумақтық инспекция тарапынан 21 жұмыс тобы, 40 инспектор, өзге облыстардан 3 маман, болжам орталығынан 79 маман және аудан, қала әкімдіктерінен қосымша 245 анықтаушы қатысуда.

Тұтастай алғанда, Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары жоспарланған жердің  90 пайыздан астамы өңделген. Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин облыс аумағында шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралап көрді.

Түркістан облысы егістік алқаптар көлемі бойынша еліміздегі топ-3 аймақ қатарына кіреді. Өңір бірінші болып шегірткенің ең қауіпті түрі  – марокко шегірткесіне қарсы белсенді күрес кезеңін бастады.

Барлығы 272 мың гектар жер өңделеді. Оның  252 мың гектары әзірге өңделді, бұл — өңдеу жұмыстары жоспарланған жердің 93%-ы. Қалған 20 мың гектарда таяу күндері өңдеу жұмыстары аяқталады.

Өңірдегі үлкен алқаптарды өңдеу жұмыстарына 360-тан астам адам тартылған. Олардың қатарында Түркістан және басқа да облыстардың аудан-қалаларынан келген инспекторлар, мамандар, болжау орталығының қызметкерлері, сондай-ақ мәселеге бейжай қалмаған жергілікті тұрғындар да бар. Жұмыстар жаяу, көлікте, ұшақтар мен дрондар арқылы жүргізіліп жатыр. Барлығы 162 мың гектары жерден, 107 мың гектары ауадан, 1 мың гектары рюкзак түріндегі бүріккішпен, 1,4 мың гектары дрондар арқылы өңделуде.

Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы өңдеу механизмдері мен әдістерін зерттеп, зиянкестерге қарсы жұмыстардың барлық циклін жүргізетін мердігерлермен препараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу жұмыстары жөнінде пікір алмасты. 

Еске сала кетейік, Түркістан облысында бүкіл қызмет циклін бір мердігердің көрсетуі пилоттық жоба ретінде сынақтан өтіп жатыр. Келер жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін орталықтандырылған бірыңғай жүйеде сатып алуға көшу жоспарлануда.

Нақтылай кетейік, шегіртке — қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңызды тұқымдасының бірі — нағыз шегірткелер; және де шегіртке тікқанаттылар отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы – денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы. Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты, шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің (ұшпа, шөл, қызылшегіртке және т.б) саяқ шегірткелерден айырмашылығы – жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып, бірнеше жүздеген, мыңдаған гектар жерді басып, бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400 шақырымнан астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп, солтүстік – батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен. Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 шақырым қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері – Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары. Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады, 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 грамм көк жем жейді, ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді. Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай, үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді, сонымен қатар капуста, қарбыз, күнбағыс және тағы басқа қоректеніп, біршама зиян келтіреді.

Шырылдауық шегірткелер, көк шегірткелер және кәдімгі обыр шегірткелер бір-бірімен туыстас болып келеді. Әсіресе, обыр шегіртке мен көк шегірткелер бір-біріне өте ұқсас. Бұл жәндіктердің барлығының денелері ұзындау, ал артқы аяқтары секіруге ыңғайлы болып келеді. Аталған жәндіктер қанаттарының көмегімен дыбыс шығара алады.

Аудан аумағында шегіртке зиянкестеріне дәрнәсілдеріне сапалы және дер кезінде анықтау үшін бес ауыл округінде екі ай (сәуір-мамыр) бойы 20 анықтаушы зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Мысалы, Бөржар ауыл округінің Қалаш елді мекенінде 4 техникамен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге 105 гектардан астам аумақ дәріленді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin