Түркістан облысы: Тұрғындардың басым бөлігі білім саласындағы түйткілдерді қозғады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде кестеге сәйкес облыс тұрғындарын кезекті рет жеке қабылдады. Өзі жетекшілік ететін салаларға қатысты 20-ға жуық азаматтың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға келген тұрғындар сан алуан мәселе көтерді. Олардың басым бөлігі білім және денсаулық салаларына қатысты болды. Мәселен, түркістандық тұрғын ағасының денсаулығына қатысты дәрі-дәрмек алуға жәрдем сұрады. Оған қажетті мемлекеттік көмектің барлығы көрсетілетіндігі және демеушілер тарапынан қосымша қолдау қарастырылатындығы айтылды. Тағы бір азамат жұмыс орнының ауысқанына келіспеушілігін білдірді. Бұл мәселе бойынша Бейсенбай Тәжібаев облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасарына анықтау жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шешуді тапсырды.

Сайрам ауданының азаматтары мектеп жанынан 500 орындық қосымша ғимарат құрылысын жүргізу мәселесінің шешілмегенін айтты. Өтініш иелеріне қосымша ғимарат 300 орынға лайықталып салынатыны, соған орай жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу керек екені түсіндірілді. Бәйдібектік азамат бөбекжай балабақшасына мемлекеттен қосымша қаржы қарастыруды және құрылысы тоқтап қалған аяқжол мәселесін шешуді айтты. Ордабасы ауданының тұрғыны қолөнер шеберханасына мемлекеттік қолдау көрсетуді сұрады. Одан бөлек, білім және балабақша, Түлкібас ауданынан оңалту орталығын салу мәселелері қозғалды.

Қабылдауға Шымкент қаласынан да азаматтар келді. Олардың бірі туризм саласы бойынша ұсыныстарын жеткізсе, енді бірі Түлкібас ауданынан 150 орындық мектеп салу жобасын қолдауды сұрады.

Осы тұрғыда атап өтер жайт, тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.

Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Осы тұста бір мәселеге назарларыңызды аударғанды жөн көріп отырмыз. Мектептегі орын тапшылығы мәселесі 2026 жылға қарай шешіледі, алайда 2037 жылдан кейін тапшылық қайта басталады. Өйткені оқушы саны ұлғаяды. Қоғамдық саясат инстутутының сарапшылары осындай болжам жасады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023-2024 оқу жылы еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады. Ал 2026 жылдың 1 қаңтарына қарай студенттер саны 400 мыңға артып, 4,3 миллион адамға жетеді деп күтілуде.

Туу көрсеткішінің өскен сайын мектептегі орындар саны да көбейіп отыруы керек. Мәселен, соңғы бес жылда Қазақастанда 2,8 миллион бала дүниеге келген. Ал 2020 жылдан бастап бірінші сыныпқа баратындардың жалпы саны 1,5 миллион адамды құраған.

Мектептегі тапшылық қазірдің өзінде 270 мың орынды құрайды. Туу деңгейінің өсу динамикасын ескере отырып есептейтін болсақ, алдағы үш жылда кемінде 670 мың жаңа орын пайдалануға берілуі тиіс. Апатты мектептер санының 37-ден 55-ке дейін ұлғаюы, үш ауысымда оқитын мектептер санының 143-тен 138-ге дейін баяу қысқаруы бұл мәселені күрделендіре түспек.

Ал 132 мың орындық 154 жаңа мектептің пайдалануға берілуі осы оқу жылындағы орын тапшылығын түбегейді шеше алмасы анық. Мектептерді пайдалануға берудің мұндай қарқыны мен көлемі орын тапшылығының 48,8 пайызын ғана өтей алады.

Үкімет жоспары бойынша бұл мәселе 2025 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде шешім табады деп күтіледі. 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында оны жүзеге асыруға 1,4 трлн теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Бұл қаражатқа шамамен 369 мектептің құрылысы жүргізіледі. Бұл жоспарға сәйкес 2024 жылы 158 мектеп салынса, 2025 жылы 152 мектептің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге қосымша 2 мектеп сатып алу жоспарда бар. Бұл шаралар негізінде 800 мыңнан астам оқушы екі ауысыммен оқитын болады.

Сондай-ақ, білім инфрақұрылымын қолдау қоры жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражат есебінен 76,7 мың оқушыға арналған 2 ауысымдық 62 мектеп салады. Бұл да тапшылықты жоюға көмектеседі.

Жалпы, «Жайлы мектеп» жобасы мен Президенттің Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру негізінде, Жол картасы аясында Үкімет 2026 жылға дейін 1,5 миллион орынды қамтитын жаңа мектептер ашуды көздеп отыр. Бұл ортақ трансферт есебінен, бюджеттік инвестициялық жоба, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен және жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыстар беру және басқа да тетіктер арқылы жүзеге асырылады. 2026 жылға дейін салынатын бұл мектептер 2030 жылға дейін елімізді жыл сайын 160 мың жаңа орынмен қамтамасыз ете алады.

Алайда ұзақ мерзімді демографиялық болжамды ескерсек, жаппай мектеп салу мәселесі 2037 жылдан кейін тағы басталады. Яғни ол уақытқа дейін мектеп оқушылары контингенті қайта жанданып, 2050 жылға қарай жалпы саны 6,5 миллион оқушыға жетпек

Облыс әкімінің орынбасары көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Кездесуде айтылған барлық мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында шешу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin