Түркістан өңірінде «WORLDSKILLS TURKISTAN-2024» облыстық чемпионаты басталды

«Worldskills Turkistan – 2024» өңірлік чемпионаты бастау алды. Бүгін өңірімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Worldskills Turkistan-2024» кәсіби шеберлік байқаулары өтіп жатыр. Бір аптаға созылатын байқау өңірлік 10 колледждің базасында 35 құзыреттілік бойынша өткізіледі. Жарыс алаңдарында кәсіби біліктілік сынға түсетін додаға 301 студент пен 334 сарапшы қатысады.

Жыл сайын оқу жылында қыркүйек-наурыз айларында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында колледжішілік кәсіби шеберлік байқаулары өткізіледі. Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру мен еңбек қоғамын құруды көздейтін іс-шара 8 колледждің базасында өткізіледі.

2024 жылғы облыстық чемпионат жалпы 35 құзыреттілік бойынша өткізілуде. 29 — Республикалық чемпионаттың ресми құзыреттілігі, 3 — қосымша құзыреттіліктер, 3- Abilympics чемпионаттарының құзыреттіліктері. Сонымен қатар, 2 құзыреттілік Вabyskills чемпионаттарын презентациялық түрде өткізіледі.

Тарихына тоқталар болсақ, Түркістан облысы (Оңтүстік Қазақстан облысы кезінен бастап) Чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді.

2021 жылы облыстық чемпионат 46 құзіреттілік бойынша 14 колледж базасында өткізіліп, 305 студент қамтылды. Қатысушылардан 129-ы (42%) марапатталды. «WorldSkills Kazakhstan — 2021» Ұлттық чемпионатына Түркістан облысының атынан 32 студент жіберіліп, оның 18-і (56%) жүлделі орындарға, яғни 2 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль, 9 ерекше медальонға ие болды.

2022 жылы өңірлік чемпионат маусым айында облыстық 14 колледждің базасында өткізіліп, 39 колледжден жалпы саны 278 үміткер қатысты. Нәтижесінде 62 алтын, 21 күміс, 17 қола, 42 айрықша медальон алған конкурсанттар марапатталды. Жалпы, қатысушылардың 51% -ы марапатталды.

Облыстық кезең нәтижесінде «WorldSkills Kazakhstan — 2022» республикалық чемпионатына облыстан 28 құзыреттілік бойынша 28 студент жіберіліп, білімі мен дағдысы, қабілеті мен біліктілігі арқасында өз шеберліктерін көрсеткен 15 студент 5 күміс, 3 қола, 7 медальон жеңіп алып, (53%) жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынды иеленді.

«WORLDSKILLS ТURKІSTAN- 2023» чемпионаты 31 құзыреттілік бойынша 8 колледж базасында 209 үміткердің қатысуымен өткізілді.

Былтырғы чемпионаттың ерекшелігі – Түркістан өңірінде алғаш рет «Abilympics Turkistan — 2023» байқауы графикалық дизайн және сән технологиясы құзыреттіліктері бойынша презентациялық түрде өткізілді. Кәсіби шеберлік байқаулары облыстың ТжКБ жүйесі үшін маңызды іс-шаралардың бірі және кәсіби бағдар беру жұмысында үлкен рөл атқарғандықтан, әр колледж өз өңірінен мектеп оқушылары мен әлеуметтік серіктестерді көрермен ретінде қатыстырды.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша 34 алтын, 19 күміс, 26 қола, 37 айрықша медальонын алған конкурсанттар марапатталды. Жалпы, қатысушылардың 52% -ы марпатталды.

WORLDSKILLS — халықаралық коммерциялық емес қозғалыс болып табылады, оның мақсаты жұмыс орындарының беделін арттыру және шеберлікті дамыту. WORLDSKILLS қозғалысы біздің республикамызда да қарқын алуда. WorldSkills International (WSI, ағылш. тілінде skills — «дағдылар, қабілеттер») — халықаралық қаржылық емес ұйым, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіби дайындық пен біліктіліктің дәрежесі мен стандарттарын көтеру болып табылады, жұмысшы мамандықтарын дүние жүзі бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы танымалдығын көтеру. 1946 жылы құрылған.

WorldSkills — кәсіптік дағдылар бойынша әлемдік және ұлттық чемпионаттарды ұйымдастыратын және әлемнің әртүрлі бөліктерінде екі жыл сайын өткізілетін, сонымен қатар кәсіптік дағдылар туралы конференцияларды өткізетін халықаралық қайырымдылық ұйымы.

WorldSkills өзін дағдылардың жаһандық орталығы ретінде сипаттайды. WorldSkills International, бұрын Халықаралық кәсіптік оқыту ұйымы (IVTO) ретінде белгілі, Екінші дүниежүзілік соғыста күйреген экономикалардың кейбірінде жастар үшін жаңа жұмыс мүмкіндіктерін құру мақсатымен 1940 жылдары құрылған. Ол 85 түрлі ел мен аймақта жұмыс істейді.

WorldSkills Қазақстандағы ресми сайтындағы мәлімет бойынша бұл жұмыс кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қаржылық емес қозғалыс.

1947 жылы Испания кәсіптік білім беру бойынша алғашқы ұлттық конкурс өткізілді. Азаматтық соғыстан қалпына келген елде білікті жұмысшылардың тапшылығы өткір болғандықтан, ол жұмысшы мамандықтарының танымалдылығын арттыру және тиімді кәсіптік білім беру жүйесін құруға ықпал етуді көздеді. Аталған идеяның авторы испандық жастар ұйымының бас директоры Хосе Антонио Элола Оласо болды.

Бұл бастаманы бірінші болып Португалия қолдады. Нәтижесінде 1950 жылы бірінші халықаралық Пиреней жарысы өтіп, оған екі елден 12 өкіл қатысты. Үш жылдан кейін жарысқа Германия, Ұлыбритания, Франция, Марокко және Швейцариядан келген бәсекелестер қосылды. Осылайша, 1953 жылы кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу ұйымы – Халықаралық кәсіптік оқыту ұйымы (IVTO) құрылды.

Байқау алғаш рет Испаниядан тыс жерде 1958 жылы Брюссельдегі Дүниежүзілік көрме аясында, ал 1970 жылы алғаш рет әлемнің басқа жерінде – Токиода өтті. 2000-шы жылдардың басында IVTO атауы мен символдарын өзгертті, содан бері WorldSkills International атауымен жұмыс істейді. Бүгінгі таңда WSI көптеген іс-шараларды, соның ішінде аймақтық және ұлттық жарыстарды, құрлықтық чемпионаттарды және екі жыл сайын әлем чемпионатын өткізеді.

Қазақстанда WorldSkills чемионаттары әдетте дәстүрлі түрде Астана қаласында өткізіледі. Мысалы, 2023 жылғы VIIІ мәрте ұйымдастырылған WorldSkills сайысы Астана қаласында өтті.

WorldSkills чемпионатының құрылымы алты негізгі бағытқа бөлінген 45 кәсіби құзыретті қамтиды.

  • Құрылыс технологиялары

Архитектуралық тас қалау , Кірпіш қалау,Кабинет жасау, Ағаш ұстасы, Бетон құрылыс жұмыстары, Электр қондырғылары , Ағаш шеберлігі, Ландшафттық көгалдандыру, Кескіндеме және безендіру, Сылақ және гипсокартон жүйелері,Сантехника және жылыту, Тоңазытқыш және кондиционер , Қабырғалар мен едендерді төсеу

  • Шығармашылық және дизайн

Киім дизайны, Флористика, Графикалық дизайн, Зергерлік, Витрина дизайнері, Интерьер дизайны, Дыбыс режиссурасы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Ақпараттық кабельдік желілер, АТ желісін басқару, IT бизнес шешімдері, Полиграфия, Веб-дизайн, Жоба менеджменті

  • Өндіріс және инженерлік технологиялар

БҚ станоктарындағы фрезерлік оператор, БҚ станоктарында токарь, Металл конструкцияларын өндіру, Электроника, Өндірістегі автоматтандырылған бақылау және басқару жүйелері, Өнімдерді құрастыру, Графикалық CAD дизайны, Мехатроника, Мобильді робототехника, Пластмасса бұйымдарын өндіру, Полимеханика / Автоматтандыру, Прототиптеу, Қаңылтыр технологиясы, Дәнекерлеу

  • Қызмет көрсету мамандары

Косметология, Кондитер, Аспаз, Шаштараз, Әлеуметтік қызметкер, Даяшы, Құтқару жұмыстары

  • Азаматтық көлікке техникалық қызмет көрсету

Авиацияға техникалық қызмет көрсету, Кузов жөндеу, Автомеханик, Авто бояу.

Жобаның мақсаты – жұ­мыс­шы мамандықтарының мәр­­те­бесін арттыру және ше­бер­лік дағдыларын дамыту. WorldSkills кәсіптік бі­лім­нің дамуына оң әсерін ти­гі­зе­­ді. Оның чемпионатта­ры екі жылда бір рет әр мем­ле­кет­­те өтеді. Оған 22 жасқа дей­­інгі колледж және уни­верси­тет студентте­рі, білікті жас мамандар, соны­мен қатар, та­нымал мамандар, кә­сіпқойлар, өндірістік оқыту ше­берлері мен тапсырмаларды орын­дауды бағалайтын сарапшы ре­тіндегі нұсқаушылар қатысады. Үміткерлер 76 қатысушы мем­ле­кет­тің өңірлік кәсіптік чемпи­о­­наттарынан іріктеледі. Олар өз­дерінің шынайылыққа ба­рын­ша жақын тапсырмаларды шеше отырып, жеке және ұжымдық сапасын, техникалық қа­білеттерін көрсетеді.

Ко­ман­да­лар нәтижелері тек қа­ты­су­шы­­­л­­­ардың жеке кәсіби сапасын ғана емес, сондай-ақ, же­ке кәсіптік дайындық дең­гейі мен қатысушылар кел­ген елдің қызмет көрсету са­па­сының деңгейін де көрсетеді. 2014 жылы Қазақстан WorldSkills ас­со­циациясына 76-шы қатысушы мем­лекет болып тіркелді. 2015 жы­лы Қазақстанда WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді. 2016 жылғы ұлттық чем­пионат нәтижесінде құрылған ұлт­тық құрама мүшелері Euro­Skills халықаралық чемпионаты­на «кірпіш қалау», «құрғақ құ­ры­лыс пен сылақ жұмыстары», «пли­та­мен қаптау», «дәнекерлеу жұ­мыстары», «электр-монтаж жұ­мыстары» бойынша қатысты. WorldSkills Kazakhstan миссиясы  – кәсіптік бағдар механизмін, мамандарды даярлау және еңбек өнім­ділігін арттыруды қоса ал­ғанда, халықаралық стандарт­тар негізінде техникалық ма­ман­дықтар бойынша өндіріс орын­дары саласын жоғары тех­нологиялық мамандармен қам­тамасыз ету механизмін құруға үлкен үлес қосады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin